Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

Қоғамдық есеп 2009-2010

Қайырымдылық Seimar Social Fund-тыңжәне «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының (Қор мен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған) 2008 жылдың маусымынан 2009 жылдың маусымына дейінгі қызметінің әлеуметтік есеп беруі

 

Мақсаты:                                                  Қоғам өмірін жақсарту және жетілдіру

Тапсырма:                                                    Өмірді жақсы жаққа өзгертейік!

Слоган:                                                                Жақсылық жаса!

 

Құрметті ағайындылар!

 

    Біз Қайырымдылық Seimar Social Fund-тың әлеуметтік есеп беруінде Біріккен Ұлттар Ұйымын, әсіресе БҰҰ Еріктілер бағдарламасын (UNV) және БҰҰ Қоғамды ақпараттау департаментін (UNDPI) ұсынуға  қуаныштымыз.

 

    Біздің Seimar Social Fund қайырымдылық қорымен бірлесіп қызмет етуіміз бір жылға созылды. Белсенді қызметтестік 2008 жылдың мамыр айында Seimar Social Fund пен Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы құрылғаннан кейін басталды. Осы ұйымның мақсаты – еріктілік қызметті дамыту және алға бастыру,  өйткені онсыз Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыру мүмкін емес.

 

    Қайырымдылық Seimar Social Fund – еріктілікті дамытуға және еріктілік қызметке неғұрлым көбірек Қазақстандықтарды қатыстыру үшін белсенді түрде өз үлесін қосатын тиімді ұйым және игілікті дәстүрлері бар қор. Сол себепті мақсаттар мен міндеттерді әрі қарай алға бастыру үшін Seimar Social Fund-тың негізінде «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы құрылды.

 

    Осындай орталықтың бар болуы бүкіл республикамыздың әлеуметтік белсенділігі үшін өте маңызды. Қазіргі кезде еліміздегі волонтерлық қызметтің дамуы жаңа кезеңге өтті. Қазақстандықтар, әсіресе жас ұрпақтар еріктілік еңбек бүкіл елдің және оның әр азаматтың сәтті өмірінің кепілі болып табылатынын және қоғам игілігі үшін әркімге қажет екенін түсіне бастады. Сол себепті қоғамның әр  буынының қызметі тиімді болуы үшін және барынша көп пайда әкелу үшін, еріктілер мен үкіметаралық емес ұймдар күш-жігерін мақсатты түрде үйлестіру қажет.  

 

     2006 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Ә.Назарбаев  өз жарғысында «2006-2011 жылдарға арналған ҚР азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын» қабылдады. Берілген тұжырымдама бойынша еріктілік институтты дамыту азаматтық қоғамды дамытудың ажырамас қадамы болып табылады. Бұл құжат бағдарламалық стратегияларды және бүкіл елдің мақсаттарын іске асыру үшін еріктілікті стратегиялық белсенді және бағалы қор ретінде қолдануға өзгеше көңіл бөлінеді. Бүгінгі күні волонтерлық қызмет елдің әлеуметтік дамуында басымды бағыттарының бірі болып табылады, және сол себепті Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының қызметі қазіргі кездегі Қазақстан үшін актуалды болып табылады.

 


БҰҰ Еріктілер бағдарламасының                           

Бағдарламалық үйлестірушісі

Ээнжин Батсурэн

ҚР-дағы БҰҰ Қоғамды Ақпараттау

Департаментінің Өкілі

Властимил Самек


    Қайырымдылық Seimar Social Fund өзінің қызметі және іске асырылған әлеуметтік бағдарламалары жайлы жұртшылыққа үнемі ақпарат беріп отырады.      Сіздің назарларыңызға 2008 жылдың маусымынан 2009 жылдың маусымна дейінгі кезеннің Қор мен «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының іске асырылған әлеуметтік бағдарламалары, сонымен бірге өткен кезеңдері іске асырылған бағдарламалардың мониторингі бойынша әлеуметтік есеп беру ұсынылады.

    Seimar Social Fund-тың әлеуметтік бағдарламалары екі салада іске асырылады: дәстүрлі қайырымдылық және қоғамдық жұмыстар.

    Дәстүрлі қайырымдылық - өтеусіз көмек және әр адамның ар-ожданына қатысты іс болып табылатын балалар үйлері мен арнайы ұйымдарды қаржыландыруға арналған қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру. Дәстүрлі қайырымдылықтың негізі имандылық пен әдеп негіздері болып табылады. Дәстүрлі қайырымдылық бойынша жобалар таза ниеттен шыққан дауыспен іске асырылады. 2008 ж. наурызда Қор мен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы Seimar Social Fund – тың дәстүрлі қайырымдылық саласындағы қызметінің логикалық жалғасы болып табылады.

 

    Қоғамдық істер - әлеуметтік-маңызды істерді жүзеге асыру,байқау негізінде бөлінген грант арқылы қоғам өмірін жақсарту және кең жұртшылықты әлеуметтік-маңызды сұрақтарға көңіл бөлгізу.

 

    ҚОҒАМДЫҚ ІСТЕР: Осы жылы Seimar Social Fund қоғамдық істерге бағытталған, өткенде бастаған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және ұзақ мерзімді гранттық бағдрламаларды қаржыландыру жалғастырылып отыр, ол туралы толық ақпарат өткен есеп беруде жарияланды, осы жылы олардың ішінен төменде көрсетілген бағдарламалар аяқталды:

     Қоғам үшін маңызды тақырыптарды үздік жарыққа шығарғаны үшін журналистер арасында грант бойынша жарыс: 1) әлеуметтік жетімділік мәселелерінің шешу жолдары және  2) еріктілік қызметті дамыту, Қазақстандағы ББҰ Еріктілік Бағдарламасының және БҰҰ Балалар Қорының (UNICEF) қолдауымен,«КазРосГаз» компанияның қолдауымен 2008 жылдың қыркүйек айында басталды. 19 мамыр 2009 жылы жарыс қорытындылары шығарылды. Сарапшылар ретінде республиканың қоғамға әйгілі  қайраткерлері, әлеуметтік жетімділік және еріктілік қызмет мәселерінің мамандары шықты:

       - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, әйелдер ісі мен жанұялық-   демографиялық саясат бойынша Ұлттық Комиссиясының төрағасы Абдыкаликова   Гульшара,

-          ҚҚ «BizMedia» Ісккерлік журналистика Орталығының президенті Асқаров Төлеген,

-          ҚР БҒМ жастар саясатының тәрбие жұмысы департаментінің директоры Аукенов Ерлан,

-          БҰҰ Хатшылығының Қоғамды Ақпараттау Департаментінің Өкілі Властимил Самек,

-          ҚР-дағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының Үйлестірушісі Ээнжин Батсурен,

-          Қауіпсіздікті бағалау (RAG) тобының директоры, саяси ғылым кандидаты, «Сорос-Қазақстан» Қорының басқару мүшесі Сатпаев Досым,

-          Алматыдағы ЮНЕСКО аумақтық кеңсесінің Басшысы Тарья Виртанен;

-          Сазгер, «Urker» тобының көсемі, Қазақстан Республикасы Президенттің жастар ісі бойынша Кеңес мүшесі Сагатов Айдос,

-          Журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, профессор, Журналистика Академиясының Президенті Сағымбай Қозыбаев,

-          ҚҚ «Ерікті мейірімділік қоғамының» Директоры Аружан Саин,

-          АҚ «Шығармашылық ынтасы бар Әйелдер Лигасының»Басқару Төрағасы Асия Хайруллина,

-          Қазақстандағы БҰҰ-ның Балалар Өкілдігі Қорының жұртшылықпен қатынасты үйлестіруші  Султанбек Худайбергенов,

-          КГ «Имидж-Партнер» Бас директоры Малик Кушмуханов.

     Жарыс сарапшысы ҚҚ «BizMedia» Ісккерлік журналистика Орталығының президенті - Асқаров Төлегеннің айтуы бойынша – «Жарыстың басты мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік жетімділік және еріктілік қызмет мәселелерін шешуге жұртшылық пен мемлекеттің назарын аударту болып табылады. Жарыста көтерілген мәселелер Қазақстан үшін өте өзекті және оларды шешу дер кезіндегі іс болып табылады. Сонымен бірге жарыс арқылы еріктілік тәжірибе мен әлеуметтік жетімділік мәселелері Қазақстанның барлық аудандарын тербелтетіні анықталды».

    Жарысқа барлығы 75 сұраным 34 журналистен келген, Қазақстанның түрлі аумақтарының БАҚ-тардың өкілдіктерінен: Алматы, Астана, Талдықорған, Семей, Атырау, Ақтау,  Тараз, Қостанай және т.б. Әлеуметтік жетімділік пен еріктілік мәселелері біздің республикамыздың түрлі бұрыштарында өзінің тойтарысын тапты. «Әлеуметтік жетімділік мәселелерін шешу жолдары» тақырыбы бойынша жарыс жеңіскерлері Разия Азимова, Алматы қ. ( «Мегаполис», «Общественная позиция» газеттерінде және «Medianet» порталында басылып шығарылған « Мы дети твои, Казахстан» және «Бездомовцы» атты материалдар топтамасы үшін) және Наталья Вержбицкая, Алматы қ. («Пусть мама найдется, пусть мама придет», «Дети улицы», «Чтобы дети не стали обузой» атты материалдар топтамасы үшін) болды.

    «Қазақстандағы еріктілік қызметі» тақырыбы бойынша сарапшылар төрт жеңіскерді анықтады: Оксана Лысенко, Алматы қ. («Литер» газетінде басып шығарылған «На одном дыхании» атты  матеиалы үшін), Галина Галкина, Алматы қ. («Новое поколение» газетінде басып шығарылған «Асар, волонтеры» атты  матеиалы үшін), Айгуль Биданова, Семей қ. («Казахстанская правда» газетінде басып шығарылған «На страде леса – добровольцы», «Растет сосна – спасется бор» атты материалдар топтамасы үшін), Динара Бекмагамбетова, Атбасар қ. («Лидер» жастар газетінде басып шығарылған «От человека остаются одни дела его» атты материалдары үшін).

   Сонымен бірге жарыстың қатысушысы Разия Азимованың әлеуметтік жетімділік тақырыбында ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде «Семья» атты өзінің қорын құрды. Қор жетім-балалар мәселелерін шешу және әлеуметтік жетімділікті алдын ала болдырмауға бағытталған. Бұл қор еріктілік негізде психологтарды, дәрігерлерді, заңгерлерді және журналистерді біріктіріп, олардың негізгі міндеттері әлеуметтік жетімділік мәселерін болдырмау. Қордың жұмысы келесі ұстанымнан тұрады: әр жағдайға жекеленген әдістеме қолдану, ал егер баладан бас тартуды болдырмау мүмкін емес болса, онда қор бас тарту  заңнама нормаларына сай болатындай етіп, баланы асырап алуға тиісті мәртебе береді.  

   2008 Шахматтық-Блицтің Әлем Чемпионаты. 7-8 қараша 2008 жылы Алматы қаласында классикалық блиц бойынша Әлем Чемпионаты өтті. 2008 жылғы Классикалық Блиц бойынша Әлем Чемпионаты Қазақстанның спорт өмірінің ең маңызды оқиғасы болды. Чемпионат бүкіл әлемнің 16 күшті шахматшыларын жинады: Иванчук Василий Михайлович ( Украина), Юдит Полгар (Венгрия), Борис Гельфанд (Израиль), Александр Грищук(Ресей), Петр Свидлер(Ресей), Теймур Раджабов(Әзірбайжан), XV Азиялық Жазғы Ойындарының Чемпионы – Мұртас Қажғалиев (Қазақстан) және т.б.

    Сонымен бірге төреші алқа мүшелері, апелляциялық комиссия және Чемпионаттың құрметті қонақтары ретінде шахмат бойынша әлем чемпиондары қатысты – Анатолий Карпов(Россия), Борис Спасский(Франция), әлем шахматының тажына бірнеше рет талапкер болғандар Виктор Корчной(Швейцария) және Найджел Шорт(Великобритания), ФИДЕ Президенты, Калмыкия басшысы – Кирсан Илюмжанов. Чемпионаттың Басты соты Анджей Филиппович (Польша) болды.

    Блиц бойынша Әлем Чепионатының мақсаты – қазақстандық шахмат спортын дамыту және әлемдік деңгейге қазақстандық шахматшыларын алға жылжыту, сонымен бірге халықаралық сахнада дамушы және тұрақты мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының жағымды беделін қалыптастыру болып табылады.

    Блиц бойынша Әлем Чепионатын өткізуде ең бірегейлі нәрсе «Ел-Арна» телеарнасында жарысты толық телевизиялық хабарлау болып табылады. Бұл Блиц бойынша Әлем Чемпионатынан бұрын Алматының шахмат тарихында болып көрмеген нәрсе. Әуә толқынының түсініктемешілері сэр Найджел Шорт (ағылшын тілінде), Марк Глуховский (орыс тілінде) және Асхат Сагынаев (қазақ тілінде) болды. АҚ ««Хабар» Агенттігінің» шығармашылық тобының жұмысы және шахмат саласындағы халықаралық сарапшылар арқасында осы көріністілі және қызық ойынды елдің түрлі аумақтарынның және шет елдердің тұрғындары бақылай алды. 

    Берілген жобаны іске асыру – бұл Қазақстан Республикасының Шахмат Федерациясы қызметінің және отандық шахмат спортын дамытуға және көпшілікке таратуға, сонымен бірге отандық шахматшыларды әлемдік деңгейге жылжытуға бағытталған «Seimar Chess Tournament» Әржылдық Дәстүрлі Балалық-жастық Чемпионаттың қызметінің логикалық   жалғасы болып табылады. «Seimar Chess Tournament» атты Халықаралық Дәстүрлі Балалық-Жастық Чемпионат Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі жастар арасындағы шахмат бойынша жалғыз турнир болып табылады. Seimar Chess Tournament – бұл түрлі елдердің өкілдері, беделді арбитрлар және әлемдік деңгейдегі сарапшылар қатысатын мәртебелі турнир.

    Сонымен бірге Блиц бойынша Әлем Чемпионаты негізінде Чемпионат сарапшысы мен құрметті қонағы Анатолий Карповпен бір мезгілде ойнау сеансы өтті. Қазақстанның  гроссмейстерлерімен, дәлірек айтқанда Сакен Сейфуллинмен, Анатолий Карповпен ең жақсы ойнайтын шахматшылар мен жанкүйерлер - балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, «Seimar Chess Tournament» Чемпионатының жеңіскерлері және ҚР басты журналистері  бір мезгілде ойнау сеансы арқасында қатал іріктеуден өтті.

«Алтайдан Каспийге дейін» атты баспа табиғи, мәдени, тарихи ескерткіштерінің және назар аударарлық орындарының атласы. Seimar Social Fund-пен ұйымдастырылған Атласты ойлап шығару ұзақ уақытты жоба 2007 жылы аяқталу кезеңіне жетті. Екі жыл ішінде ғалымдармен берілгендерді жинау бойынша өте үлкен жұмыс істелді, ғылыми-зерттемелік экспедиция тобы өтті, осының қорытындысы ретінде бай материалдар жиналды, жаңа археологиялық табындылар табылды. Атласта жиналған ақпарат бірегей және оқушылармен, студенттермен, мамандармен, сонымен бірге өз елінің тарихымен қызығатын адамдармен талап етіледі, өйткені осында көптеген «ақ нүктелер» сақталып отыр.                            

    Атластың ерекше өзгешеліктері зерттеулердің тек қана ғылыми материалдары емес, сонымен бірге Атлас дайындауына байланысты 2007-2008 жылы арнайы ұйымдастырылған жаңа іздеулердің қорытындылары қолданылатыны болып табылады. Осы екі жыл ішінде Шығыс, Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстан және Семиречье аумағында жорық зерттеулері жүргізілді; дәлме-дәл мәні бойынша Алтайдан Каспийге дейін осы ғылыми экспедициялар қызметкерлерімен археологиялық, архитектуралық және тарихи ескерткіштердің әйгілі зерттеулері жүргізілді және жаңа ескрткіштер ізделінді, оларды құжаттау орындалды, этнографиялық зерттеулер орындалды. Сонымен бірге Қазақстанның, Өзбекстанның және Ресейдің ұлттық мұрағаттарында және мұражайларында XVII-XX ғ. басына жататын отандық тарихтың аз зерттелген беттеріне жататын бірегей заттай табындылар, жазбаша құжаттар және көрнекті материалдар табылды. Осы жаңа ғылыми деректердің көбісі бұрын белгісіз болған немесе Қазақстан тарихы зерттеушілердің көзін тартпаған; бүгінгі күні олар Атластың кейбір мақалаларына енген және тұнғыш рет жарияланып отыр.

    Қазіргі кезде атласқа мәтіннен басқа көптеген бірегей суреттер кірді және ол толығымен жарияланымға дайын. Қазір Атлас қалыптау, редакциялау және басылу алдындағы дайындық үрдісінде. Сонымен бірге әлеуетті оқырмандардың барлық дәрежелеріне Атласқа қол жеткізе алатындығын қамтамасыздандыру мақсатында атласты электронды түрде басып шығару ойлап табылды. Қазір электронды Атлас үшін бірқилы үлгіжоба және ыңғайлы навигация жүйесі жасалып жатыр.

« Жоғалып бара жатқан сұлулық» атты ғылыми-әйгілі деректі фильм «SOS» бағдарламасы бойынша «экология» бағытында түсірілген. Осы жылдың сәуір айында « Жоғалып бара жатқан сұлулық» атты ғылыми-әйгілі деректі фильмінің түсірілуі аяқталды, онда әдемі-дрофа қазақ далаларында мекендейтін бірегей құс туралы баяндалады. Әдемі-дрофа(немесе джек) – Орта Азияда,  Солтүстік Африкада және Таяу Шығыста жеке ошақтармен мекендейтін бірегей құс. Бұл өте сирек кездесетін, жоғалып кету қауіп-қатеріне шалдыққан, саны азайып бара жатқан құстың түрі. Кәсіби-телевизиондықтармен «Discovery» және «Animal Planet» арналарының дәстүрі бойынша түсірілген фильмде әдемі-дрофаның өмірі жайлы және Қазақстан мен бүкіл әлемнің экожүйесіндегі маңыздылығы туралы айтылады. Берілген фильм «SOS» экологиялық бағдарламаның негізінде түсірілген және Коммерциялық емес Қайырымдылық Seimar Social Fund-пен ұйымдастырылған. Фильм түсірудің жарысын «Век» телевизиялық студиясы ұтып алды, продюсері  - Ирина Барманкулова, авторы - Тамара Аушахметова, режиссеры – Елена Прокопцева, жүргізуші -  ҚР еңбегі сіңген әртіс, биші – Лейла Альпиева.

    Фильмнің алғашқы қойылымы «Хабар» телеарнасында қазақ тілінде, «Ел-Арна» телеарнасында орыс тілінде және «Caspionet» телеарнасында ағылшын тілінде өтті. Мамандардың айтуы бойынша фильм қызық және пайдалы болып шықты.

     Сонымен бірге ТОО «Меломан Home Video» мен бірлесіп «SOS» экологиялық бағдарламаның негізінде ғылыми-әйгілі деректі фильмнің DVD –суретжиғын шығару жіберілді, онда «SOS киік: Мәңгі көшпенділер ізімен», сонымен бірге «Жоғалып бара жатқан сұлулық» атты фильмдар кіреді. Фильмдар қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсынылады.

IIМатериалдық грант тарту үшін оралман-студенттер арасындағы Республикалық Жарыс. Оралман-студенттер арасындағы жарыс 2008 ж. қыркүйектен 2009 жылдың сәуір айына дейінгі кезеңде өтті. Жарыс «Қазақстанның Оралмандар Одағы» ОРҰ, ҚР ЖОО Қауымдастығы, Қазақстанның Жастар Конгрессі, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің тәрбиелеушілік және жастар саясатының Департаменті және «Альянс Банк» АҚ қолдауымен өтті. Берілген жарыс оралмандарды жалпы қолдау негізінде өтті және тарихи отанына қайтып келген оралмандардың үздік оқушыларын материалды қолдау, оралмандар жастарында патриоттық сезімді тәрбиелеу, оларды еліміздің ғылыми, мәдени және қоғамдық өміріне тарту мақсаттарды орындауға бағытталған. 

     Бұл жарыс қазіргі кезде біздің қоғамның алдында тұрған өткір мәселені шешудің тек бір кезеңі,  басқаша айтқанда бұл жарыс - жас репатрианттардың бейімделуіне жәрдем беру. Жарысқа қатысу оралмандардың қазақстанның жастары арасында пайда болған тілдік, мәдени тосқауылдарын жеңуге, ақпараттық босқуысты толтыруға көмектеседі, болашақта бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді.

    Сонымен бірге бүгінгі күні оралмандарды қолдау ынтасы аумақтарда серпінді дамып жатқанын айта кету жөн. Мысалы, осы жылы БҰҰ Даму Бағдарламасы, БҰҰ Еріктілері Семей қ. Әкімшілігімен бірлесіп Семей қ-да оралмандардың бейімделу мен әлеуметтік интеграция Орталығын ашуды жоспарлап отыр, оның мақсаты құқықтық кеңес беру, мемлекеттік тілге үйрету, кәсіби дайындық, қайта дайындау және мамандық дәрежені көтеру сияқты бейімделу қызметін көрсету. Жобаның ұзақтығы үш жыл, БҰҰДБ мен ББҰЕ жобаны іске асыруға 600 мың АҚШ долларды бөлді. Жоба негізінде оқыту семинарлары, тренингтері, дөңгелек үстелдер мен пікірталастар, сонымен бірге оралман-қол өнершілерге кіші гранттар бағдарламалары қарастырылып отыр.

Ұлы Отан Соғысының Ардагерлерін қолдау. «Арасан-Қапал» атты шипажайында Ұлы Отан Соғысының Ардагерлеріне шипажайлық-курорттық емделуді ұйымдастыру. Емделу 2008 жылы қыркүйек айында «Алматы қ. Ардагерлер Одағы» ҚҚ қызметтестік негізінде өтті.

«Қазақ далаларының ертегілері» атты отандық мультфильмдер жинағы шығарылады. 2009 жылдың мамыр айында қазақстандық анимация тарихында тұнғыш рет «Меломан» дүкендер желісінде «Қазақ далаларының ертегілері» атты отандық мультфильмдердің DVD жинағы шықты. Жинақ құрылымына шымкенттік «Анимастер» студиясымен құрылған келесі мультфильмдер кіреді: «Алдар Көсе», «Киік Толғауы», «Киік толғауы – 2» (мультфильмдер SOS сайғақ экологиялық бағдарлама негізінде құрылды). Мультфильмдердің режиссеры Мақсут Жаримбетов, ал сценарий жазушысы Татьяна Жаримбетова болып табылады. «Киік толғауы» атты мультфильмі «Алтын гагара» иегері және ресейік Ханты-Мансийск қаласында өткен 13-ші Халықаралық экологиялық фестивалінің «Сақтау және қорғау» атты Жарыстың «Балалар және жастар бағдарламасы» номинациясының жеңімпазы болып атанды.

    Осы мультфильмдер қайталанбас қазақ колоритін және мықты тәрбиелеушілік жасаушыларын біріктіреді. Олар тек көңіл көтеру үшін емес, жас ұрпақтарды тәрбиелеу және білім беру үшін күшті сайман ретінде ойлап шығарылды.  «Алдар Көсе» анимациялық фильмі ауыз әдебиет саздарынан негізделген  болатын және онда қазақ ертегілердің аңызға айналған қаһарманы Алдар Көсе мен оның әдеттегідей емес оқиғалары  туралы айтылады.

     «Анимастер» студиясының мультипликациялық фильмдері  «Меломан Home Video» компаниясымен шығарылған және сапалы лицензиялық өнім болып табылады. Диск толық DVD-мәзірінен құралады және екі тілде – қазақ және орыс тілінде. Қазақстандық анимациялық фильмдары бар, сатуға шығарылған DVD отандық мультипликацияны қолдауға ғана емес, қайырымдылық мақсаттарға да бағытталған. Дисктерді сатудан қалған қаражаттардың бір бөлігі «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығының қайырымдылық жобаларын іске асыруға жұмсалады. 

     «Меломан» компаниясының Басты директоры Вадим Голенко – «Бұл біздің осы бағыттағы тұнғыш жұмыс тәжірибеміз, және де біз өте қуаныштымыз. Біріншіден бұл біздің отандық аниматорлармен құрылғандығы, қазақ тіліндегі тұнғыш мультфильмдер екені бізді жобаға қатты қызықтырды. Біздің дүкендерде отандық өнімдердің көп болуы бізді ынталандырады».

 

«SOS-сайғақ» - сайғақтар санын сақтау мен қалпына келтіру үшін халықаралық экологиялық бағдарлама. Берілген жобаның тұсаукесері 2005 жылдың маусым айында өтті және осы жобаны іске асыру кезеңдері бүгінгі күнге дейін жалғасып отыр. Бағдарламаның тұсаукесерінен кейін 9 кезең іске асырылды. Бүгінгі күні берілген жоба бойынша қызмет ету нәтижесінде сайғақ – шөлді дала бөкендер санының төмендеуін тоқтату мүмкін болды. 1990 жылы сайғақтар саны 1 млн.- ға жетті, 2003 жылы 20,3 мыңға қысқарды. 2004 жылы сайғақ санының төмендеуі тоқтатылып, өсу үрдісі басталды. 2009 ж. көктемдік есеп көрсеткендей сайғақтар саны 81 мыңға жетті, осының барлығы қорғау шараларының тиімділігі, сонымен бірге браконьерліктің алдын алу тиімді жұмыстарды өткізгені туралы айтады (ақпараттау үшін 2005 жылы сайғаақтар саны 39,6 мыңды құрайды). РГКО «ПО Охотзоопром» «SOS-сайғақ» бағдарламасын іске асыруға байланысты келесі есеп беру 2009 жылдың соңында қор сайтында жарияланады www.seimarfund.kz

«Ерте жасалған диагностика өмірді құтқарады» атты ұранымен сүт бездерін қатерлі ісіктерінің алдын алу үшін жасалған скринингтік бағдарлама. Бағдарламаның тұсаукесері 23 маусым 2008 жылы болды. Бағдарлама мақсаты - бұл портативті УЗИ сканерлермен жабдықтырылған арнайы көліктермен мамолог мамандар тобы – фабрика, зауыт, кеңсежай және әлеуметтік қолайсыз аудандарға барып әйелдерге тұтастық диагностика/скрининг өткізу(Осындай бір автобус айына 2 500 әйелді тексере алады).

    «Әйелдің денсаулығы – бұл ұлттың денсаулығы» жобаның негізгі мақсаты - әйелдер арасындағы сүт бездерінің қатерлі ісігінен өлімді азайтуға бағытталған. Жоба негізінде келесілер сатып алынды: түрлі-түсті, энергетикалық және серпінді допплеры бар портативті цифрлік УЗИ-сканер MyColor 202 (PICO) атты, Toyota HiAce автобусы Medison компаниясымен 2008 жылы шығарылған.

   Бағдарламаны бір жыл ішінде іске асыру кезінде 44 кәсіпорында 2 522 әйел тексеруден өтті, олардың ішінен 1991 әйелде дерттану анықталды. Сонымен бірге жобаға «LG Electronics»,  «Ordamed» Медициналық Компаниясы, «Рахат» телеарнасы сияқты компаниялар қосылды. «Салауатты Азия» Қоры Қазақстан аумақтарында ұқсас скринингтік бағдарламаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Осы бағдарламаны іске асыру Мейірімді Азаттық Елшілердің - Клебанова Дарья (ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты) және Қымбат Досжанның («Хабар»АҚ Агенттігінің продюсері мен жүргізушісі) жігерлігі арқасында мүмкін болады, өйткені олар өзінің мүмкіншіліктері, дарындылығы және әйгілілігі арқасында осы әлеуметтік-маңызды мәселені шешуге көмектеседі және жұртшылықтың назарын аудартады, сонымен бірге оны шешу үшін максималды түрде күш салады. Сонымен бірге осының барлығы ҚазҰОменРЗИ профессоры – Нургазиев Қуаныш мырзаның және «Ұлттық Медициналық Холдинг» АҚ басқару төрағасы – Алмаз Шарман мырзаның бағаланбас көмегінің арқасында.

     ДӘСТҮРЛІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ: «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы 2008 жылдың көктемінде Қайырымдылық SEIMAR SOCIAL FUND-тың және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылды және еріктілердің жігерлігі арқасында әлеуметті-маңызды істерді орындауға бағытталғын. Жоғарыда айтылғандай Komanda SOS Қордың дәстүрлі қайырымдылығының логикалық жалғасы болып табылады. Астында : «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының қызметі туралы толық ақпарат ұсынылған:

САНАҚ. 2009 ж. мамыр айында «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының берілгендер базасында 200 адам тіркелді. Олардың ішінен:

ü  50 волонтер «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының жобалары бойынша тиімді жұмыс істеп жүр;

ü  15 волонтер бұрын жұмыс істеп, басқа жобалар мен ұйымдарға өтті;

ü  12 волонтер «Komanda SOS» негізінде басқа серіктес ұйымдарда қызмет көрсетеді;

ü  143 волонтер сұраным жіберген және ерікті бағдарламаларда қызмет көрсету үшін шақырылуға қарастырылып отыр;

ü  Орташа алғанда күніне 2-ден 5-ке дейін әлеуетті волонтерлардан  сұранымдар түсіп отырады.

Бүгінгі күні «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының волонтерлары:

Мәртебесі бойынша:

  • Жұмыс істемейтін әйелдер – 5,6 %
  • Зейнеткерлер – 0,9 %
  • Қызметкерлер – 41,7 %
  • Студенттер – 47,2  %
  • Оқушылар – 4,6 %

Жастық дәрежелер бойынша:

  • 20-ға дейін – 14,8 %
  • 20-дан 25-ке дейін – 62 %
  • 25-тен 30-ға дейін – 10,2 %
  • 30-дан 40-қа дейін – 10,2 %
  • 40-тан 50-ге дейін – 0,9 %
  • 50-ден жоғары – 1,9 %

Білім дәрежесі бойынша:

  • Жоғары дәрежелі білім – 44,4 %
  • Аяқталмаған жоғары дәрежелі білім – 43,5 %
  • Арнайы-орташа дәрежелі білім – 4,6 %
  • Аяқталмаған арнайы-орташа дәрежелі білім – 1,9 %
  • Орта дәрежелі білім – 5,6 %

Волонтелық тәжірибенің деңгейі:

*       Волонтерлық тәжірибесі бар волонтерлар – 33,3 %

*       Волонтерлық тәжірибесі жоқ волонтерлар – 66,7 %

Волонтер болып істеу дәлелдері мен мүдделері:

v  кәсіби тәжірибе алу – 20 %

v  қоғамға пайда әкелу мүддесі – 45 %

v  өз-өзінді іске асыру – 25%

v  жаңа байланыстар мен достарды табу – 10  %

 

ЕРІКТІЛІК ЕҢБЕКТІҢ KOMANDA SOS ӘКЕЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛЫМЫ:Шығарылған баға бойынша «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының волонтерларымен 2008 ж. маусымнан 2009 ж. маусымына дейін жасалған экономикалық салым саны 24 859 349 теңгені құрайды.

 

АЛҒЫС: Кез келген игі жұмысты іске асыру үшін әрқашан ұйымшылдық пен жақсы пікірлестер тобы қажет. «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының әлеуметтік бағдарламаларын орындауға әрқашан белсенді көмектескен және жәрдем берген, сонымен бірге әлеуметтік серіктестіктің негізгі қағидалары бойынша жұмыс істейтін біздің серіктестер мен еріктілерімізге ерекше

алғысымызды білдіреміз:

 

Халықаралық ұйымдар, мемлекеттік ұйымдар және ҮЕҰ

     

 

      КОМПАНИЯЛАР

                   

 

                 БАҚ

- БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы

- БҰҰ Даму Бағдарламасы

- «Сорос» Қоры

- ЮНФПА

- ЮНИСЕФ

- ЮНЕСКО

- ҚР Мәдениет және Ақпарат Министрлігі

- ҚР Туризм және Спорт Министрлігі

- ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

- ҚР Еңбек және Әлеуметтік Қорғау Министрлігі

- Әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясаттың Ұлттық Комиссиясы

- Алматы қ. Әкімшілігі

- ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау  комитеті

- Балалар құқығын қорғау департаменті

- Алматы  қ. Әкімшілігінің Мәдениет Департаменті

- Алматы  қ. Әкімшілігінің спорт және дене шынықтыру Департаменті

- ҚР Ауыл Шаруашылық Министрлігінің ормаңдық және аңшылық шаруашылық Комитеті

- ҚР БҒМ жастар саясаты және тәрбиелеушілік жұмыс департаменті

- ҚР Бірінші Президенттің Қоры

- Ерікті Мейірімділік Қауымы

- Шығармашылық ынтасы бар Әйелдер Одағы

- PSI

- «Жас Отан» ҚҰ

- «Жұлдыз» Жастар Одағы

- «Эльдани» ҚҚ

- Білім жүйесіндегі Басқарушылардың және Ғылыми-Педагогикалық Кадрлардың Дәрежесін Көтеретін Республикалық Институт

- Жастар Саясатын Дамытатын Мемлекеттік Қор

- Ауғанстан Соғысына қатысқан Ардагерлер Одағы

 

- «КазРосГаз» ЖШС

- «Caspian Industries LTD» ЖШС

- «Shisha Bar» түнгі клуб

- «Petroleum» түнгі клуб

- «Coffedelia» кафелер желісі

- «Меломан Home Videо»

ЖШС

- «PR-management» ЖШС

- «Neolabs Web Solution» ЖШС

- «Cinema Bar» клубы

- «Группа Компаний -  «Resmi» ЖШС

- «Қазақтелеком» АҚ

- «Альянс Банк» АҚ

- «Альянс Полис» АҚ

- РГКП «ПО Охотзоопром»

- «North Wind Asia» ЖШС

- «Mercure» көлік орталығы

- «Raimbek» компаниясы

- «A-club» комплексі

- «Start Media Group» продюсерлік орталығы

- «MultimediaLed» ЖШС

- «Fabs» ЖШС

- GQ – бар

- «HDV» компаниясы

- «Mirabilis» шығармашылық тобы

- «Astana Motors» компаниясы

- «Dell» компаниясы

- «Алель Агро» компаниясы

- «Point Media» компаниясы

- «PR infinity» компаниясы

 

- «Хабар» телеарнасы

- «Ел-Арна» телеарнасы

- «Caspionet»телеарнасы

- «Вечерний алматы» газеты

- «TimeOut»журналы

- «Транзит» журналы

- «Uniqum»журналы

- «Литер» газеты

- «Жас Қазақ» газеты

- «Центр Тяжести» порталы

- «Астана» телеарнасы

- «Night.kz» порталы

- «Казинформ» ҰК

- «Today.kz» порталы

- «Интерфакс-Казахстан» Ақпараттық Агенттігі

- «Қазақстан» телеарнасы

- «Панорама» газеты

- «MensHealth»журналы

- «Рандеву» журналы

- «Шоколад» журналы

- «Известия» газеты

- «Nomad»журналы

- «Республика» газеты

- «Время» газеты

- «Казахстанская правда» газеты

- «Жас Алаш» газеты

- «Resident.kz» порталы

- «Алматы» телеарнасы

- «Стан» телеарнасы

- «Новое Поколение» газеты

 

 

«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы орталықтың еріктілік жобаларын дамытуға белсенді түрде үлесін қосқандары үшін келесі волонтерларға өзгеше алғысын білдіреді:

§Алтынбекова Эллина - «Art4Peace» қайырымдылық концерттері;

§Аубакирова Турсунай - «Әдеп мектебі» бағдарламасы;

§Беимбетова Алау–«Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

§Глывина Евгения - «Өмір ғажайыпқа толы» жобасы;

§Гольм Мария– «Өмір ғажайыпқа толы» бағдарламасы;

§Гуляева Алена–т «Лидер 21 века»,  «Әдеп мектебі» жобалары;

§Джусамбаев Айдар– «Almaty Art»граффити мастер-кластары;

§Дмитриева Елена - «Art4Peace» қайырымдылық концерттері;

§Измайлова Светлана – «Art4Peace» қайырымдылық концерттері;

§Карабалаева Жазира –«Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

§Кибашева Меруерт–«Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

§Кнышева Александра–«Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

§Коваль Михаил –, - «Art4Peace» қайырымдылық концерттері, «GlobalExchange» ауысу бағдарламасы;

§Матвеева Маргарита–Волонтерлар мектебі;

§Маханова Екатерина––«Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы,

§Мешкова Лариса - «Өмір ғажайыпқа толы» жобасы;

§Мусихин Дмитрий– «Almaty Art»граффити мастер-класстары;

§Нурпеисова Альбина – «Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

 

§Перова Оксана - «AlmatyArt» жобасы;

§Сулейменова Камила–«Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

§Тенельбаева Куралай– «Лидер 21 века» жобасы, Әдеп мектебі;

§Теловалдиев Алишер– «Спорт – ұлттың күші» бағдарламасы;

§ Токпанова Жанара–Волонтерлар мектебі;

§Турсунбаев Анэт - «Art4Peace» қайырымдылық концерттері, «Спорт – ұлттың күші» жобасы;

§Фархат Бакиев– «Art4Peace» қайырымдылық концерттері;

§Цой Сергей– «Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

§Цой Лариса–«Әлем Тілдері Балаларға» бағдарламасы;

§Чернова Мария–Волонтерлар мектебі;

§Юлдабаева Алина – Орталықтың волонтерлық жобаларына қатысу;

§ Perry Teicher –Волонтерлар мектебі;

§Dave Hannon –Art4Peace қайырымдылық концертттері;

 

§Сонымен бірге «Komanda SOS»Орталығының бағдарламаларына тегін қатысқан барлық жеке және заңды тұлғаларға

алғысымызды білдіреміз.

 

 

«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы әлеуметтік қызметтестік пен еріктілік ықыласты дамытуда баға жетпес қолдау көрсеткен барлық журналистерге бөлек алғысын білдіреді.

 

«ART4PEACE» қайырымдылық концерттер топтамасына белсенді түрде қатысқан келесі орындаушыларға алғысымызды білдіреміз:

§«101» тобы;

§Дильназ Ахмадиева;

§Дуэт «Musicola»;

§ «Tequila» тобы;

§«Мутурганчики» шоуы;

§Шамси;

§Руна;

§Sergio;

§«Ringo» тобы;

§«Перцы» тобы;

§ «Дауыс International» тобы;

§«Индиго» жобасы;

§«Fm» тобы;

§Беркут;

§Аиша;

§Жеңісхан;

§Азамат royalty;

§«State Angel» тобы;

§Reginald Samuelson and Spaghetti Strap Band (Әлем Денесінің волонтерлары, USA)

§Pro Jazz;

§Big Band;

§Black&White;

§ «Самульнори» корей дабылдар ансамблі

§ «Block Baster» Константин Дихновтың балеты ;

§ «Фокус» би ұжымы;

§NurBand

§Иван Almazof

§Дуэт M&M (АлатауДжем)

§Mountain Rivers

§Странники

§Cabernet

§DAST

§Ночь

§Варяг и Родичи

§Александр Рудь-Вольга

§Pillow and TV

§ДНК нашего мира

§Зеленый четверг

 

«KOMANDA SOS» ВОЛОНТЕРЛАРДЫ БІРІКТІРУ ОРТАЛЫҒЫ КЕЛЕСІ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ:

 

KOMANDA SOS ӘЗІРЛЕУЛІК/ҚОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ:  «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының әлеуметтік бағдарламаларымен жұмыс істейтін волонтерлардың мамандық тәжірибесін және

кәсіби дәрежесін көтеретін бағдарламалар. Жаңа бағдарламаларды жетілдіру және қаржылық-материалдық қор тарту, еріктілік қызмет бойынша қор құру үшін зерттемелік бағдарламаларды, жаңа бағдарламаларды және жобаларды жетілдіру, сонымен бірге  волонтерлар жұмысын үйлестіру, талаптарын сараптау мен бағдарламаларды жоспарлау әдістемелері бойынша білім беретін тренингтер.

Бүгінгі күні  Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығымен келесі қорлық бағдарламалар іске асырылады:

  1. Шетел тілдер оқытушыларын дайындау бағдарламасы – бағдарлама «Әлем Тілдері Балаларға» жобасы негізінде іске асырылады және балалар үйлерінде шетел тілдерін оқытатын волонтерларды кәсіби педагогикалық дайындауға бағытталған.
  2. «Волонтерлар мектебі» бағдарламасы – көсемдік қасиеттер, жоспарлау, тайм-менеджмент, фандрейзинг негіздері және т.б. бағыттар бойынша волонтерларды жалпы дайындауға бағытталған. Берілген бағдарлама волонтерларды әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудың және командамен бірге жұмыс істеудің негізгі икемділіктеріне оқыту бойынша қарқынды курс болып табылады. Берілген бағдарламаның серіктестері United Nations Volunteers, PSI ұйымдары және т.б. сарапшылар болып табылады;

KOMANDA SOS ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ. «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығымен ұйымдастырылатын және іске асырылған бағдарламалар, еріктілер жігерлігімен және волонтерлық қызметпен нақты мәселелерді шешеді.

1. «Әлем Тілдері Балаларға» атты білім беру бағдарламасы

 

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Әлем Тілдері Балаларға» атты білім беру бағдарламасының тұсаукесері 2008 жылы қыркүйек айында өтті. «Әлем тілдері» - бұл «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының волонтерларымен балалар үйлерінде шетел тілдерін оқытуға бағдарланған волонтерлық бағдарлама. Бағдарламаның негізгі мақсаты – балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне шетел тілдерін қосымша және тереңірек оқып үйренуге, сонымен бірге еліміздің басты университеттеріне түсу үшін қажетті білімдерді алуға мүмкіншілік беру.

Бүгінгі күні бағдарлама келесі балалар үйлерін қамтиды:

SOS  балалар ауылдары – Киндердорф Алматы; Бағанашыл балалар үйі; «Каусар» қыздарға арналған балалар үйі; №2 балалар үйі.

Жоба мақсаттары:

[  Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім-балаларға, дүние-мүлкі аз жанұялардан шыққан балаларға күн сайынғы өмірде асқақ немесе жеткіліксіз көлемде жетімді болған шетел тілдерін оқып үйренуге мүмкіндік беру;

[  Алматы қ. мен алматы облысындағы балалар үйлерімен жұмыс істеу саласында волонтерлық қызметінің белсенділігін дамыту;

Жақын арада «Әлем тілдері» жобасы Жастар Саясатын дамыту бойынша Мемлекеттік Қор (Алматы қ. Әуезов және Түрксіб аудандары) мен отан сүйгіштік үйірме негізінде Ауғанстан соғысының Ардагерлер Одағы бірлесіп, аула клубтарында  шетел тілдерінің қосымша курстарын ұйымдастыру арқылы кеңейтіледі.

№2 Балалар үйінің Директоры – Алдакеев Д.С.:

««Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. Берілген жоба өз бетімен өмір сүруге дайындалып отырған, ҚР жас азаматтарының есінде қалады».

 

SOS Балалар Ауылдарының Директоры – Алдакеев Д.С.:

«Орталықтың волонтерларымен маңызды білім беретін бағдарлама іске асырылып отыр. Осындағы ең маңыздысы білімге деген мотивация мен әлеуметтік бейімделу».

 

 

2. «Almaty ART» өнер мектебі:

 

 

Осы жобаның арқасында алматылық балалар үйлерінің тәрбиеленушілері нағыз шығармашылықпен  айналысуға - әрлендіру негіздеріне, сурет салуға, сонымен бірге көше сурет өнері – граффити техникасына үйренуге мүмкіншілік алды. 2008 жылдың күзінде «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы негізінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін  «Almaty ART» бағдарламасы жіберілді. Бүгінгі күні «Almaty ART»бағдарламасы бойынша  №1,№2 және Бағанашыл балалар үйлерінің ондаған тәрбиеленушісі оқытылады. Бұл бағдарлама жетімдерге көптеген мүмкіншіліктер береді. Волонтерлар – L’art Belle әрлендіру студиясының кәсіби мамандары – Оксана Перова мен Нурия Бекимеева Милана Уштинаның басқаруымен №2 балалар үйінде сабақтар жүргізеді, онда балаларды әрлендірудің түрлі стильдары мен техникаларына, материалдармен жұмыс істеуге беделді және еліктіргіш қолөнер негіздеріне үйретеді. Әрлендіруді оқыту курсы 2008 ж. қыркүйек пен 2009 ж. мамыр айына, басқаша айтқанда 1 оқу жылына есептелген.

«Almaty ART» жобалар жинтығына әрлендіру мектебінен басқа граффити мастер-класстары жатады. Көшеде сурет салу өнері бүкіл дүние жүзіне әйгілі. Граффитиді коммециялық компаниялар бейресми жарнама ретінде, түрлі қалалардың муниципалитеттері (мысалы, Мәскеудің) қаланың түрлі ажарсыз объектерінің қабырғаларын өнерлеу үшін граффитчиктерді жалдайды, мысалы, трансформаторлық үйшіктер көше бейнесін адам қарағысыз қылмау үшін, керісінше көзді қуантатындай болуы үшін. Ал, әйгілі лондондық көше суретшісі Banksy өзінің концептуалды граффити-біртумаларымен өнер тарихына кірді. Енді алматылық балаларда да өз көшесін, ал кейін бүкіл әлемді әсемдеуге мүмкіншілігі пайда болды.  «Komanda SOS» волонтерлары – граффити мәдениетін белсенді түрде көпшілікке тарататын SAP арт-тобы №1 балалар үйінің жетімдерін өзінің қол өнеріне үйретеді. Олардың сабақтары сурет салу сабақтарына мүлдем ұқсамайды. 1 қыркүйек 2008 жылы барлық тәрбиеленушілердің қуанышына, олар балалар үйінің аумағында орналасқан көмекші бөлменің қабырғасына сурет салды. Сөйтіп сұр жалықтырғыш сылақ Винни-Пух туралы диснейлік мультфильм бойынша айқын бенелі суретке айналды. Енді бұл там балалар үйінің нағыз назар аударарлық жері болып табылады және соның қасында барлық келіп кетушілер суретке түседі.

№2 Балалар үйінің Директоры – Алдакеев Д.С.:

«Берілген жоба балаларда талғам мен әрлендіру қызметіне деген қызығушылықты тәрбиелейді, шығармашылық ойды дамытады».

 

3. Волонтерлар мектебі

 

Волонтерлар мектебі – бұл сабақтар мен тренингтер топтамасы, онда волонтерлық саланың тәжірибелі тренерлері мен сарапшылары волонтерлік тұжырымдама, Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі еріктіліктің дамуы, түрлі ҮЕҰ қызметі туралы айтып береді. Сонымен бірге көсемдік қасиеттерге, топтасуға, командада жұмыс істеу икемділігіне байланысты тренингтер мен семинарлар кешені өткізіледі.  Волонтерлар мектебінің қорытындысы бойынша халықаралық үлгіде сертификат беріледі. «Волонтералр мектебі» 2008 жылдың шілде айынан бері жұмыс істеп, 3 айда 1 рет өткізіледі.  Волонтерлар мектебінің тұрақты серіктестері – PSI – халықаралық ұйымы, United Nations Volunteer – БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, Peace Corps -Әлем Денесі және т.б.

Волонтерлар мектебі негізінде,  волонтерлық туралы семинарларды  өткізуді  ұйымдастырған   Peace Corps –қа жәрдем берілді, сонымен бірге келесі тақырыптар бойынша бірқатар семинарлар мен мастер-класстар өткізілді:

[  «Волонтерлық қызметтегі салықтық-құқықтық қатынастардың өзгешеліктері» - ICNL Коммерциялық емес Құқық Орталығы;

[  «Халықаралық ұйымдардағы волонтерлардың жұмыс тәжірибесі» -  Peace Corps;

[  «Мыңжылдықтың даму мақсаттары» - БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы;

[  «Тиімді Фандрейзинг» -  PSI ұйымы;

[  «Волонтерлық жобаларды жоспарлау және іске асыру» -  Komanda SOS;

[  «Еріктілік ынтаның мотивациясы» -  PSI ұйымы;

және т.б. Волонтерлардың ауқымды форумы Алматыда 16-18 наурызда 2009 жылы тұнғыш рет өтті. Форумның мақсаты волонтерлық штатты дұрыс ұйымдастыруда және волонтерлық жобаларды іске асыруда, Қазақстанның аймақтық ҮЕҰ арасындағы волонтерлық қызметті ұйымдастыру тәжірибесімен ауысуда, тәжірибесі жоқ ҮЕҰ тиімді волонтерлық қызметті жүргізуі үшін оқыту курстарын өткізуде, аймақтық волонтерлық ҮЕҰ жөнге келтіру үшін волонтерлық ҮЕҰ көсемдеріне оқыту тренингтерін өткізуде негізделеді. Волонтерлар мектебін өткізуге халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҮЕҰ, түрлі компаниялардың қызметкерлері, сонымен бірге түрлі қызмет салаларында көмек көрсететін волонтерлар қатысты. Оқу курстарын бітіріп, сертификат және өз күшін, қабілеттілігін және екпінділігін қайда және қалай қолдану туралы толық ақпаратты алып, волонтерлар өз қалауынша кете алады немесе  «Komanda SOS» ВБО-мен қызметтесе алады. Біріктіру орталығының арқасында шетел волонтерларымен ұдайы қызметтестік болып тұрады, осының барлығы тәжірибеге жағымды әсер етеді, Қазақстандағы еріктілік қызметті байытады, сонымен бірге біздің волонтерлар үшін жаңа көкжиектерді ашады. «Komanda SOS» байланысты қолдаған волонтерлар жер шарының кез келген бұрышыннан жұмысқа тұру ұсынысына ие бола алады.

PSI  жобасының менеджеры Мария Чернова: «Волонтерлар мектебі – бұл волонтерлық қызмет үшін өте жақсы негіз болып табылады, онда тиімді волонтерлар командасының қалыптасу, тәжірибе мен ойлармен ауысу  үдерісі жүріп жатады».

4. Қайырымды істер қобдишасы: Кімге, Қайда, Қалай көмек көрсету ...

 

Бағдарламаның тұжырымдамасы шет елдерде ем алуға мұқтаж балаларға, сонымен бірге балалар үйлеріне, арнайы интернаттарға және мүмкіндігі шектелген адамдарға жәрдем беруге мақсатталған қайырмалдықты жинауда негізделеді. Берілген бағдарлама бүкіл қоғамды қайырымдылық үдерісіне тартуға бағытталған қайырлы істердің кешенді бағдарламасы болып табылады.

Қазақстанда белсенді өмірлік ұстаныммен өмір сүретін адамдар саны өте көп, бірақ көбісі қалай, қашан және қайда пайдасын тигізе алатындығын білмейді. «Қайырымдылық істер қобдишасы» бағдарламасының мәселелерді шешу жолдары тек материалдық қаржы бөлумен шектелмейтін, сонымен бірге жігерлігін, білімін, тәжірибесін және т.б. бере алатын адамдар тобын қатыстырады. Жобаны құру ойы бойынша әр адам түрлі мәселені шешуге қатыса алады немесе көмек көрсете алады.

Қобдиша бағдарламаларының кешеніне келесі бағыттар кіреді:

·         мейрамханалар, барлар, супер-маркеттер аумақтарында орналасқан бокстар арқылы қайырмалдықты жинау;

·          «Вечерний Алматы», «Didgest.kz» газеттерінде, «Огонек Надежды» бағдарламасы, «Литер» газеті, сонымен бірге www.volunteer.kz порталында хабарландыру беру арқылы мақсатты көмек тарту;

·         «ART 4 PEACE» қайырымдылық концерттерін өткізу;

«Қайырымды істер қобдишасы: Кімге, Қайда, Қалай көмек көрсету ...» бағдарламасы арқасында келесі көмек көрсетілді:

[  5 маусым 2009 ж. Жеке береке берушілермен 100 000 теңге көлеміндегі қаражат ДЦП ауру түрінен қиналып жатқан Георгий Лимовтың (2006 ж.) емделуіне бөлінді. 2 жыл бойы ол Урумчи(Қытай) қаласында орналасқан № 474 әскери ауруханада СУАР бас миын балшықпен емдеу орталығының балалар бөлімінде ем алып жатыр. Бала аяғына тұруы үшін емделу курсын тоқтатуға болмайды. Қыркүйекте Егор кезекті екі емделу курсын өту керек. Әр курстың бағасы 6000 АҚШ долларды құрайды.

[  1 маусм 2009 ж. « «Resmi» компаниялар тобы» ЖШС-пен 200 000 теңге көлемінде қайырымдылық қаражат бөлінді. Бұл қаражаттар «Қайырымды істер қобдишасы: Кімге, Қайда, Қалай көмек көрсету ...» жобасы негізінде мұқтаждарға көмек көрсетуге бағытталған: 100 000 тг. Израильдік клиникада сүйір лейкоздан емделіп жатқан Роллан Ибраевтың (7 жас) шотына аударылды; 100 000 тг. Жүрек ақауын емдеу үшін операцияда мұқтаж Аружан Адимованың (2005 ж.т.) шотына аударылды.

[  19.02.09 жылдан 19.03.09 жылға дейін. Бір ай бойы Coffedelia кофейня (Желтоқсан-Бөгенбай батыр) мен Coffedelia кофейня (Қабанбай батыр- Төлебай) аумақтарында орнатылған ерікті қайырмалдық үшін бокстарда 65 396 теңге жиналды. Рысқулов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орнатылған ерікті қайырмалдық үшін бокста 20 631 теңге жиналды. Ортақ сомасы 86 027 теңгені құрайтын қаражаттар гепатит С ауруынан қиналып жатқан Тимур Мирзояновтың емделуіне берілді. Бөтен адамдардың ауыртпалығына селқос қалмаған және жауап қайырғандардың  барлығына рақмет! 25 000 теңгені құрайтын сома ««Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығына береке берушісі Манабаева А.Х.-мен бөлінді, бұл сома Мурат Байдаулетовтың операциясына берілді. Шын жүректен көмегіңіз үшін алғыс айтамыз!

[  Ақпан – наурыз «Komanda SOS» Біріктіру Орталығының волонтеры Турсунай Аубакирова «Kinderdorf» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне дамытатын ойын өткізді. «Бекеттегі саяхат» ойыны келесілерден құралады: балалар арнайы картаны қолданып, Алматыдағы ең ірі орталықтарының бірінде саяхатқа шығады, сол кезде балалар қарым-қатынасқа түсу икемділікті, қоғамдық жерлердегі жөнді тәртіпті, белгісіз адамдармен тіл табысуды үйренеді. Бір нүктеден екінші нүктеге жылжығанда, мысалы, банк бөлімшесінен зергерлік дүкенге дейін балалар үйлерінің тәрбиеленушілері «кәсіби сатып алушы» болуды үйренеді, түрлі салаларда өзінің білімдерін көтереді, сатушылармен және басқа сатып алушылармен диалогтарды дұрыс жүргізуді үйренеді. Осы ойын «Youth Impact» бағдарламасының бір бөлігі болып табылады, оған «Kinderdorf» 7 тәрбиеленушісі қатысты. Берілген бағдарлама балалар үйлерінің тәрбиеленушілердің белсенділігін, олардың әлеуметтік бейімделуін көтеруге, нағыз өмірмен таныстыруға бағытталған. Өйткені балалар үйлерінен шыққаннан кейін олар өздігінше өмір сүру керек. Осы бағдарлама наурыздың соңына дейін созылды.

[  30 қаңтар 2009 ж. – бас миының ісік ауруынан қиналып жатқан қыз (Талғар қ. 2006 ж.т.) өткен жылдың басында дәрі-дәрмекке және арнайы тамақтануға материалды көмек алды. 2008 ж. маусымда кеңес берілді, контактілер берілді және Астанада тегін емделуге квота алу үшін алдын ала келісіммен қамтамасыздандырылды. Бала «Ақсай» атты Республикалық  балалық клиникалық ауруханада емделу курсын өтті, кейін ата-аналасы келесі қадамдардың шешімін қабылдайды;

[  15 қаңтар 2009 ж. Қайсабеков Алимжан 2008 ж.т. жүрек ақауымен дүниеге келді. Балаға Томск қаласындағы ҰЗИ кардиологиясында операция жасау үшін, баланың ата-аналарына 5 000 у.е. жетіспеді. Осындай сомадағы материалдық көмекті «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығына жолыққан береке беруші Юрий көрсетті. Қайсабеков Алимжанның ата-аналары бағаланбас көмегі үшін Юрийге шын жүректен алғысын білдіреді!

[  Қараша 2008 – мүмкіншілігі шектелген балаларды шығармашылық оқытумен және дамытумен айналысатын «Эльдани» қайырымдылық қор – «Қобдиша» арқылы желі мен оргтехниканы жөндеп отыратын волонтерды тапты. Сонымен бірге жақын арада «Эльдани» қорының бұйымдарын дүкендер желісі арқылы сату туралы компаниямен контрктқа қол қою жоспарланып отыр.Сатудан жиналған барлық қаражаттар мүмкіндігі шектелген балаларға жәрдем беруге жұмсалады; қазіргі кезде «Эльдани» қор шеберлеріне Өмірзақова Дарина және Измайлова Света - біздің волонтерларымыз көмек көрсетіп отыр.

[  4 қазан 2008 ж. -  «Өсу гормонының жетіспеушілігімен ауратын ауруларды қорғайтын Алматының қалалық қауымы» - «Komanda SOS» волонтерларының жігерлігімен өсу гормонының жетіспеушілігі бар 40 балалар үшін азық-түлік тұтынушы қалталарды ұйымдастырылды және Мүгедектер күні – 4 қазанда оларға сыйланды;

[  22 қыркүйек 2008 ж. - UNIFEM Regional Office for CIS Волонтерлар Орталығынан Камила Сулейменова бағытталды, ол барлық қажетті жұмыстармен айналысады;

[  21 қыркүйек 2008 ж. – «Art to Be» Қоғамдық Қордың жапондық анимация фестивалін өткізуге Қоныртаева Айжан мен Нагорная Полина жіберілді.

[  Тамыз 2008 ж. – «Қазақстанның жас кәсіпшілер қоғамына» - «Қобдиша» арқасында түрлі жобалар бойынша көмек көрсетуге волонтерлар табылды.

[  №1 Балалар Үйінде – 2008 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың сәуіріне дейін кезеңде би үйірмесі ашылды (аптасына 3 рет 2 сағаттан). Оқытушылары – Турсунбаев Анэт (қазіргі кездегі би) және Теловалдиев Алишер (брейк дэнс);

Турсунай Аубакирова – орталықтың волонтеры: «Youth Impact «Қайырлы істер қобдишасы» негізінде іске асырылады, балалар үйлерінің талапкерлері үшін өткізіледі және қазіргі кезде тек екі қалада қызмет етеді – Тараз бен Алматыда. Бағдарлама балаларға өмірде кездестіретін шешімдермен танысуға көмектеседі,  сонымен бірге саған қатал қателіктерді жасамай, өмірде кездесетін сұрақтарға жауап табу мүмкінділігін береді. Балалармен жұмыс істеу әрқашанда менің арманым және мақсатым болды, өйткені ертеңгі күні олар өз бетінше өмір сүруге мәжбүр болады және басқа талапкерлерге эстафетаны беріп жібереді. Қазір мен оларды өз бетінше өмір сүруге дайындалу саласына бағыттаймын және көмек көрсетемін».

5.  ART 4 PEACE ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТТЕРІ

 

«Art4Peace» бағдарламасы «Қайырымдылық істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай  жәрдем беру... » бағдарламасының негізінде өтеді. Оларды өткізу ойы қарапайым және тиімді – билет сатылуынан жиналған барлық қаражаттар шет елдерде емделуге мұқтаж балалардың көмегіне жұмсалады. Қиын мәселелер мен көмек көрсету жөніндегі барлық ақпараттар міндетті түрде тексеріледі және анықталады. «Қобдишаға» тек шын мәнінде көмекте мұқтаж тұлғалар мен ұйымдар кіреді. Осындай жасампаз әдіспен қайырымдылық қызметке көптеген адамдар қызықтырылады - әншілер, өз өнерін тегін сыйлайды, және көрермендер, клубтарға және нақты ізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін өз ақшаларын береді, ал клубтардың концерттерді өткізу үшін залдарды тегін беруге мүмкіншілігі бар.

2008 жылдың желтоқсан айынан 2009 жылдың наурызына дейінгі кезеңде бес қайырымдылық концерт: «Ретроспектив» барында, «Пражский град» ресторанында, «Х.О.» барында және «Petroleum» көңіл көтеру клубында, «Shisha bar» клубында, және «Cinema Bar» түнгі клубында өтті. Концерттердің арқасында ортақ сомасы 859 672 теңге көлемінде қайырмал жиналды және келесі көмектер көрсетілді:

- Жүрек ақауынан қиналып жатқан  Аружан Адимованың  (2005 ж.т.) Томск қ. емделуі төленді. «Visible Jazz» концерті мен «Mirabilis» шығармашылық тобының жұмыстарының сату-көрмесі 236 350 теңге сома  жинады.Томск қаласындағы  ҰЗИ-нің СО РАМН кардиологиясының ауруханасына жатқызу және операция жасау 30 маусым 2009 жылға  белгіленген.

- ми қанайналымының бұзылуы, мидың  семулік процессі, қалшылдаған синдром, ішкі гидроцефалияның семушілігі, краниостенозбен ауратын Томирис Таубалдиеваға (2008 т.ж.) 22.04.09 ж. өткен концерттен жиналған 126 635 теңгені құрайтын сомамен Қытайдағы емделуі жартылай төленді;

·            - 16 жасар Мурат Байдаулетовтың операциясын төлеуге 336 322 теңге көлеміндегі жәрдем берілді;

·            -  гепатит С ауруынан қиналып жатқан 16 жастағы Тимур Мирзоевтің ем алу курсына 117 453 теңге төленді;

·            - омыртқа бөлігінде белдік-крестілік ми жұлыны іштен туған жарықтан қиналған 5 жасар Әділеттің емделуіне  жәрдем ретінде – 69 500 тг. берілді;

·            - онкологиялық аурумен ауратын Л.М.-ға «Онкоксин» дәрісін алуға жәрдем – 50 000 тг.;

·            - №2 балалар үйінің тәрбиешісіне Талғат Джумагуловқа Алматылық статистика колледжінде оқуына бір жылдың оқуы 50 000 тг. көлемінде төленді;

«Time Out» журналы: « «Art4Peace» концерттері Алматының өзгеше визиттік карточкасына айналды. 2008 ж. желтоқсанынан 2009 ж. наурызына дейін тек 5 концерттің өткізілуіне қарамастан, осы алматылық мәдени өмірінің құбылысы әрқашан болған сияқты».

 

Михаил Коваль – волонтер «Көмектескісі келетіндер саны аз емес. Достық жағдай мен сапалы музыка жағымды көңілдің кепілі болды.Ең бастысы, бұл шара жаңа дарындарға сахнаға шығуға мүмкіншілік береді».

 

6. «СПОРТ – ҰЛТТЫҢ КҮШІ» Сауықтыру бағдарламасы

 

Жобаның бастау сәті 2008 жылдың қараша айында Алматы қ-ның №2 балалар үйінде өтті және  «Команда SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығымен «Би мектебі» ашылды. «Спорт – ұлттың күші» бағдарламасы балаларды би өнерінің  негіздеріне үйретуге және өсіп бара жатқан ұрпақтарда салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттатлған. №1 балалар үйіндегі (Өтепов көш., Каблукова көш. қиылысында) «Би мектебін» Турсунбаев Анэт – кәсіби биші және хореограф жүргізді. Аптасына үш рет 2 сағаттан балалар үйінің тәрбиелеушілерін түрлі бағыттардағы биге – ұлттық пен классикадан, бүгінгі күні әйгілі хип-хоп пен R’n’B-ге дейін үйретті. Бала кезінен билеуді армандаған және курстарға баруға мүмкіншілігі жоқ балалар тегін түрде билеуге үйрене алды. 2008 жылдың желтоқсанынан бастап «Команда SOS» волонтерлары жаңадан бимен шұғылданған балаларды сахнаға шығарды. Дәстүрлі түрде  әлемдегі волонтерлар күні 5 желтоқсанда тойланатындықтан, балалар үйлерінің би ансамбльдары арасындағы жарыстар сол күні өткізілді.

  «Спорт – ұлттың күші» бағдарламасының мақсаты:

[  спорт және дене шынықтыру саласында волонтерлық белсенділікті дамыту;

[  өсіп бара жатқан ұрпақтарда спорттық дәстүрлерін және салауатты өмір салтының құндылығын ұластыру;

[  еріктілік негізде сабақтар өткізу.

Қазіргі кезде жоба бойынша волонтерлар жұмысының аяқталуына және берілген бағыт бойынша географияның кеңейуіне байланысты «Спорт – ұлттың күші» атты сауықтыру бағдарламасы бойынша жұмыс істегісі келетін адамдар үшін кезекті волонтерлар терімі өткізіледі.

Анэт Турсунбаев, волонтер: « №1 балалар үйінің би ұжымын құру негізінде мен NUMBER ONE атты би ұжымын құрдым, олар ұзақ дайындықтардан кейін Dance Music Awards «жылдың ең үздік биі» атты номинацияда жарыс жеңімпазы болып атанды және сыйлық ретінде «Vivat» әйгілі би мектебіне 1 ай бойы тегін келіп кету абонементін алды».

7.  «SOS – сайғақ» экологиялық сабақтар бағдарламасы

 

Берілген волонтерлық бағдарлама «SOS – сайғақ» халықаралық экологиялық бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. Оның тұсаукесері 2005 ж. өтті. Бағдарлама кіші сыныптар оқушыларына арналған.

Экосабақтардың міндеттері:

-          экожүйенің маңызды элементы және биологиялық түрі ретінде оқушылардың киік туралы ақпараттығын көтеру;

-          киіктердің жоғалып кетуінің және браконьерлікпен күресудің маңыздылығы туралы мәселеге оқушылар назарын аударту, ал олар арқылы ата-аналарының назарын аударту;

-          өсіп бара жатқан ұрпақтарда өздік болашақ өмірінің элементі ретінде браконьерлікті қабылдамау;

«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының маман-волонтерлар командасымен мектептерде және  интернаттарда қазақ және орыс тідерінде экологиялық сабақтар өткізілді. Komanda SOS волонтерларының   бірқатар білім беру тренингтері  қыркүйекте өткізілді. Енді тренинг қатысушылары барлық қажетті материалдарды алып, бастауыш сыныптарының оқушыларына ашық класс сағаттарын жүргізуге дайын  және осының барлығы өсіп бара жатқан ұрпақтардың өз өмірінің бастапқы кезеңінен бастап адамның экологияға, Қазақстан табиғатына және өмірге деген әсерін анық түсінуі үшін өте қажет. Өзінің жұмыстарында волонтерлар тек қана оқулықтарды қолданбай, «Киік толғауы» атты анимациялық фильмді қолданды, оны құруға «Германия табиғатын қорғау Одағы» ҚБ (NABU) мен «Анимастер» анимациялық студиясы қатысты.

«SOS» экологиялық бағдарлама негізіндегі волонтерлық рейдтар. «SOS – сайғақ» атты оқушылар арасындағы экологиялық сана-сезімді тәрбиелеу үшін сабақтарды сайғақтар мекендейтін жерлерде өткізу, браконьерлікпен күресу үшін халыққа ақпараттау жұмыстарын жүргізу, ғылыми-деректі фильмдарды түсіретін топтарға жәрдем беру мақсатында волонтерлармен аумақтарда экспедициялар ұйымдастырылады.

«Век» студиясының шеф-редакоры Тамара Аушахметова: «Балалардың ақыл-есі  өте ілгір, ашық әсерлерден құрылғанөзгеше мозаика секілді. Менің ойымша, экологиялық тәрбиелеу бойынша жоба әрқашан балалар есінде қалады».

8. Компьютерлік сауаттылық сабақтары

 

Берілген жобаның тұсаукесері 2009 ж. жазда өтеді. Жобаның негізгі мақсаты – зейнеткерлер мен дүниемүлкі аз отбасыларынан шыққан жастарға компьютерлік сауатсыздықтан құтылу үшін сабақтарды жүргізу. Берілген жоба Афганистан соғысына қатысқан ардагерлер Одағы мен осы жобаны іске асыру үшін «Орбита» ауданында курстарды өткізу үшін классты бөліп берген Алматы қ. Әкімшілігінің бірлескен жобасы болып табылады. «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы береке берушілерімен берілген техникасымен компьютерлік классты жабдықтыруды жоспарлап отыр және волонтерларды – компьютер негіздерін оқытатындарды іздеу мен тартуды ұйымдастырып отыр. Қазір дәмелі волонтерлардың іріктелуі өтеді. Сонымен бірге берілген бағдарлама бойынша қызметтесу негізінде қазақ және ағылшын тілі курстары ұйымдастырылады.

 

9. «ӨМІР ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«Өмір ғажайыпқа толы » бағдарламасы «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығының  әлеуметтік бағдарламаларының бірі болып табылады, ол ҚазОжәнеР ҰЗИ балалар бөлімшесінде ем алып жатқан балаларға жәрдем беруге бағытталады. Бағдарламаның негізгі мақсаты балалардың парасаттылығы мен шығармашылығының әлеуетін көпжақты дамыту және жай ілтипат пен қатынас, психологиялық жәрдем беру болып табылады. «Өмір ғажайыпқа толы » бағдарламасы ілтипаттың жетіспеушілігін ауыстырмай, керісінше оны толықтыруға арналған, осының барлығы дәрілер мен дәрі-дәрмектерге қарағанда тиімдірек сауықтыруы мүмкін. Бүгінгі күні онкологиялық Институтының балалар бөлімшесінде ісік ауруынның әр түрлі түрлерінен қиналып жүрген 40-тан аса бала жатыр. Оларға жай ілтипат пен қатынас қажет. Әдеттегідей бұл балалар мемлекеттің түрлі аумақтарынан келгендер және ұзақ уақыт бойы ем алып жатқандар болып табылады. Осындай балаларға ата-ананың сүйеніші жетіспейді, өйткені қалада өмір сүру құны өте жоғары, сондықтан балаларының емделу мерзімі біткенше ата-аналары балаларын өз қалаларында және ауылдарында күтуге мәжбүр.

«Өмір ғажайыпқа толы » әлеуметтік бағдарламасының тұсаукесері 2008 ж. 26 желтоқсанда өтті. Бағдарламалар кешеніне келесі шараларды өткізу кіреді:

  • Бейнелеу өнерінің негіздері – балалар үшін арт-терапия сабақтарын өткізеді, онда бейнелеу өнерін, сурет салуды, колористиканы, сайыстарды жүргізуді, галерея құруды үйретеді және әлемдік өнер классиктарымен таныстырады; Сабақтар аптасына бір рет сейсенбіде сағат 17:00-де өтеді. Сабақтарды кәсіби психолог – Глывина Евгения (Синтон Орталығы) өткізеді.
  • Мейрамдар мен  туған күндерді өткізеді.Берілген шаралар «Саламатты Азия» онкологиялық аурулар Қорының қолдауымен орталықтың волонтерлар командасымен ұйымдастырылады.

«Экспресс К» газетінің хаталмасушысы Татьяна Аладьина:

« Ісік ауру корпусынның көптеген кішкентай емделушілері Жаңа жылды аурухана қабырғасында қарсалуға мәжбүр. Олардың дені сау құрбандастары сияқты, олар да ғажайыпты күтіп жүр. «Өмір ғажайыпқа толы» жобасының тұсаукесері Жаңа жылда өткені айтулы болып табылады. Бәріне мәлім, жақсы сезім, әзіл-күлкі мен күлкі емдеу қасиетіне ие. Оптимистік демі бар аурулар өзінің дертімен оңайрақ күреседі».

 10.  In search of Kazahstan -  халықаралық волонтерлік бағдарлама (Нидерланд)

 

In search of Kazahstan -  халықаралық волонтерлік бағдарлама «Code-X International» атты үкіметаралық емес Голландиялық ұйымымен іске асырылады. Берілген ұйым жұмысының мақсаты - жастарды қолдау және жеке тұлға ретінде дамыту, мәдениет жағынан байыту және басқа елдердің коммерциялық емес ұйымдарымен тәжірибені айырбастау. «Code-X International» міндеті – халықаралық айырбас және қызметтестік туралы жобаларға жастарды тарту, әлемдік қоғамның өмірімен, мұқтаждылығымен және мүдделерімен танысу. Соңғы жылдары «Code-X International» «Xplore» атты голандия үкіметінің бағдарламасымен қызметтеседі. Осы бағдарламаның мақсаты – жаңа белгісіз елдерді ашу, дәлірек айтқанда: дәстүрлерімен, өмір салтымен және мәдениетімен танысу, волонтерлық жобаларға қатысу, сонымен бірге туризм және назар аударарлық жерлерді көру. Ең маңыздысы осы бағдарлама нәтижеге үлкен көңіл аударады. Басқаша айтқанда сапар қорытындысы бойынша жастар міндетті түрде кездесу топтамасын, көрмелерді өткізу, алған біліммен және тәжірибемен бөлісу, сонымен бірге өзінің отандастарына сапары жайлы айтып беру керек.

Сапар кезінде Нидерланд волонтерлары «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығының және ҰДП «Нұр Отанның» «Жас Отан» Жастар қанаты» АҚ Алматы қаласындағы бөлімінің бірнеше жобаларын іске асыру кезінде қатысуды жоспарлап отыр.

Осы жобалар ішінде:

-          Алматы қ. балалар үйлері мен интернаттарда «Әлем тілдері – балаларға» атты бағдарламасы бойынша ағылшын тілі сабақтарына қатысу;

-          экологиялық шаралар бойынша «ART 4 PEACE» қайырымдылық концерттерін ұйымдастыруға қатысу;

-          «Жасыл ел» ұйымымен бірлесіп Ботаникалық бақты және Байсерке аэродромынның маңайын жинауға қатысу;

-          «Фотонастия» жобасымен бірлесіп балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне фотоөнер мастер-класстарын өткізу;

-          Қазақстан халқының кіші ассамблеясының мәдени орталығының өкілдерімен кездесу;

-          «Жастар СПИД-қа қарсы» атты жастық сауық;

-          «Жанұя» балалар үйінде балалар үшін концерттік бағдарлама;

Сонымен бірге Голландиядан келген қонақтар барлық қалағандарға мәдени кездесуді жоспарлап отыр, онда олар өз елі, мәдениеті, салты мен дәстүрі жайлы айтып береді, сонымен бірге Қазақстаннан қалған әсерімен бөліседі. Осы кездесуге Алматылық балалар үйлерінің және интернаттардың тәрбиеленушілері шақырылады.

 

Ронни Розенберг:

«Нидерланд адамдары Қазақстан жайлы өте аз біледі. Біздің басты мақсатымыз – отандастарымызға сіздің еліңіздің мәдениеті, тарихы және бүгінгі күнгі жағдайы жайлы айтып беру. Біздің экспедициямыздың арқасында біз голландтық жастар мен сіздің еліңіздің жастары арасында еріктілік қызмет саласында болашақ қызметтестікті дамыту үшін Қазақстанды жақындатқымыз келеді», - «Code-X International» өкілі атап көрсетті.

 

11. «Ағашты құтқар»  - «SOS – сайғақ» экологиялық бағдарламасы  

 

Берілген экологиялық бағдарлама 26-27 наурыз 2009 ж. өткізілді. Бағдарлама мақсаты  макулатураны жинауда және қайта өндеуде негізделеді. Ғалымдардың зерттеулері бір тонна макулатураны қайта өндеген жағдайда 10 ағаш, 20 000 литр су, 1000 киловатт электрқуатының үнемделуін және 30 адамға жеткілікті ионданған ауаны сақтап қалатындығын дәлелдеді. Акция мақсаты табиғатты сақтау және қоршаған ортаның ластаунуын болдырмау. Акция негізінде кенселерде, БАҚ-тың  баспа редакцияларында, мектептерде, университеттерде және т.б. қайталама шикізатты (макулатура) жиналды.

Сонымен, акция экологиялық сипаты бар бірнеше мәселені бірден шешеді. Біріншіден, қағазды және қағаз өнімдерін өндіру үшін шабылатын ағаштар саны төмендейді (бір ағаш 60 кг. қағаз өндеуге жұмсалады). Екіншіден, экологияға және адам денсаулығына зиян әкелетін, қоқыс өндеу зауыттарында қағаз қалдықтары жандырылмайды және жерге көмілмейді, керісінше қайта өнделеді.

 

12.  Балалар жұмыстарының көрмесі

 

Балалар жұмыстарының көрмесі – 2009 жылы 20 наурызда өтті. Көрме мақсаты – балалар үйлерінің және интернаттардың тәрбиеленушілерінің шығармашылығын қолдау және өз-өзін көрсету мүмкіншілігін беру. Балалар жұмыстарының көрмесі «Almaty Art» волонтерлық бағдарламасының, сонымен бірге орталық пен кор волонтерларынмен бейнелеу өнері, көркем сурет және арт-терапия сабақтары өткізілетін «Өмір ғажайыпқа толы» бағдарламасының қорытындысы болып табылады. Көрмеде 50-ден астам балалар жұмыстары ұсынылған.

 

13.  Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерне арналған Интеллектуалды шоу «Лидер XXI века» арнайы ойындар топтамасы

 

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Лидер XXI века» арнайы ойындар бағдарламасының тұсаукесері 2008 ж. шілдеде өтті, ал аяқталу сәті 2009 ж. наурыз айында өтті. Жобаның мақсаты – гранттар беру, жарысқа, ойынның ТД-болжамына қатыстыру  арқылы жаңа білімдерді алуға балаларды қызықтыру, сонымен бірге жарыс қатысушыларда көсемдік қасиеттерді дамыту. 2008 жылдың маусым айында эфирде арнайы ойындар топтамасының тұнғыш бағдарламасы өтті. Осының алдында «Хабар» Агенттігі мен Коммерциялық емес Қайырымдылық Seimar Social Fund арасында қызметтестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Мақсатталған материалды сый біліктілікті жоғарлату курстарына, білім беру семинарларына, ЕНТ-ға дайындалуына бағытталды. Жобаны іске асыру кезінде Алматы қ. мен алматы облысының балалар үйлерінен 200-ден аса қатысушы қатысты.

 

 

Қазіргі кезде KOMANDA SOS жетілдіру кезеңіндегі бағдарламалар:

  1. Табиғи қорларды қорғау Green Peace бағдарламасы – « Ағашты құтқар». Мақсаты – қайта өндеу мен келешекте қайта қолдану мақсатында қайталама шикізатты (макулатураны) жинау.
  2. Қазақстанның Интелектуалды Спорт Клубымен бірігіп, жетім балалар мен дүние мүлкі аз отбасыларынан шыққан балаларды арнайы Hi-Tech технология курсына үйрету және курстың ең үздік оқушыларына келешекте жұмыс тауып беру бағдарламасы;
  3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің әлеуметтік бейімделуі үшін Әдеп мектебін іске асыру;
  4. «Қайырымды істер қобдишасы: Кімге, Қайда, Қалай көмек көрсету ...» кешенді бағдарламасының негізінде БАҚ баспасының қатысумен, Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін қолдау бағдарламасы;
  5. «SOSKZ.kz» - қиын аурулармен ауратын балаларды емдеу мүмкіндіктер туралы on-line ақпараттық кеңес беру;
  6. Волонтерлармен ауысу халықаралық және аймақтық бағдарламалар, сонымен бірге БҰҰ еріктілік бағдарламасына қазақстандық волонтерлардың қатысу бағдарламас ы;
  7. «In search of Kazahstan» (Нидерланд) халықаралық волонтерлық бағдарлама негізінде суретке түсіру мастер-класстарын, экологиялық акцияларын, ағылшын тілі сабақтарын өткізу жоспарланып жатыр;
  8. Мемлекеттің Жастарды Дамыту Қоры мен ҚҚ «Жас Отан» бірлесіп аула клубтар негізінде білім беру бағдарламалары;
  9. Волонтерлармен жұмыс істейтін және жұмыс істегісі келетін ұйымдар үшін тренингтер курсы;
  10.  Еріктілік ұйымдардың қызметінінің және тіршілігін қамтамасыз ету тұжырымдамасын жетілдіру бойынша ҮЕҰ мен жеке тұлғалар үшін семинарлар;
  11. «Еріктілік қызмет жәрмеңкесі» бағдарламасы ;
  12.  «Қала шаралары үшін волонтерлар» бағдарламасы;
  13. «Спорт – ұлттың күші» сауықтыру бағдарламасы – кезекті волонтерлар терімі;
  14. «Салауатты Азия» Қорының Бағдарламасы – «Салауатты болу – бұл стильді» және т.б. бағдарламалар;

 

    Сонымен бірге «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы ҮЕҰ-дар жұмысының тиімділігін көп есе жоғарлату мақсатында қызметтесу мүмкіншілігін қарастырады, сонымен бірге әр адамның және барлықтарының жігерлігімен Қазақстандағы волонтерлық қозғалысты дамыту үшін жаңа серпінділік беруді ұсынады (толығырақ ақпаратты, www.volunteer.kz сайтында көре аласыз).

 

     Еріктілік бос қызметтер бойынша ақпаратты www.volunteer.kz немесе www.komandasos.kz сайттарында көре аласыз, сонымен бірге төменде көрсетілген телефон нөмерлеріне жолығыңыз:

+7 +727 266 39 00

+7 705 18 18 395

www.volunteer.kz

komandasos@gmail.com