Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

FAQ

FAQ
1.Волонтер болу дегеніміз нені білдіреді?
Волонтер – адамның құндылығын нығайтатын, азаматтардың құқықтары мен міндеттері үшін тегін қызметті іске асыратын, өмірде және азаматтық қоғамда белсенді ұстанымды ұстанатын әр адам.(Әлемдік Еріктілік Жарлықтан, Амстердам, 2001 жыл).
Жасы, жынысы және діні маңызыды емес.

2. Мен қалай қоғамға көмек көрсете аламын?
Әр еріктілік салым бағалы болады. Сіз Интернет арқылы волонтер бола аласыз (мақалаларды аударып, есептеме жазып, сұхбат жүргізіп), Орталықтың жобаларына қатыса аласыз(жобаларды іске асыру), өзініздің жеке жобаңызды құра аласыз және біздің көмекгіміз арқылы іске асыра аласыз, халықаралық деңгейдегі тәжірибені алу және біздің қоғамға қолдану үшін шетел ұйымдарының волонтерларды айырбастау бағдарламаларына қатыса аласыз.

3. Волонтерлік қызметтен қандай басымдылықтарға ие боламын?
- халықаралық үлгі бойынша(UNV) тренингтерді өту мүмкіншілігі;
- түрлі ұйымдарда, түрлі салаларда іс тәжірибесі
- командалық жұмыс, жаңа адамдармен танысу
- халықаралық волонтерлық лагерлерге жеңілдіктер;
- әлеуметтік өмірге тиімді қатысу
- жеке даму
- көмек көрсеткеннен қанағаттану

4. «КОМАНДА SOS» ВОЛОНТЕРЛАРДЫ БІРІКТІРУ ОРТАЛЫҒЫ – не ол?
Волонтерлық Орталық, 2008 жылдың ақпан айында Коммерциалық емес Қайырымдылық Seimar Social Fund мен Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен бастамасымен құрылды және әр еріктінің жігерлігі арқылы қоғам үшін маңызды істерді іске асыруға бағытталған.

5. Орталық әрекетінің құрылымы?
Волонтерларды Біріктіру Орталығы екі бағытта қызмет көрсетеді:
1) ерікті болғысы келген адамдар мен ҮЕҰ арасында жұмысты реттеу;
2) жеке жобаларды іске асыру;
1 пункт бойынша Орталықта www.rus.volunteer.kz веб-сайт арқылы ұйымдар мен волонтерлардың арнайы базасы құрылған;
2 пункт бойынша Орталық волонтерлармен бірлесіп жұмыс істейді.
Жұмыстың құрылымы:
Біріктіру Орталығы - реттеу Орталығы
Волонтерлардың активі
(жобаларды жетілдіру, басқару, реттеу) Волонтерлардың сақталым қоры
(жоба негізінде біржолғы немесе тұрақсыз жұмыс)

6.«КОМАНДА SOS» ВОЛОНТЕРЛАРДЫ БІРІКТІРУ ОРТАЛЫҒЫ не үшін қажет?
- жеке және ұжымдық акциялар арқылы өзінің уақытын, дарындылығын, екпінділігін басқа адамдарға сыйлауға мүмкіншілік береді, сонымен бірге өзін-өзі бақылау қасиетті толық дамыту үшін жаңа білім, икемділік, шығармашылық әлеуетті табуға себепші болады;
- әр адамға өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді;
- Орталықтың волонтерлары бүкіл қоғамды мәселелерді анықтауға және мекенін табуға шақырады;
- жанұяны, қоғамдастықты, ұлттық және ғаламдық ынтымақтастықты насихаттайды.


7. Біріктіру Орталығының мақсаттары?
• тиімді волонтерлар командасын құру және қолдау
• қазақстандық және халықаралық ұйымдардың дерекқорын құру;
• бірлескен қызметтестікті реттеу, ақпараттық айырбас
• азаматтық қоғамды дамыту

8. Қазір қандай жобалар орындалып жатыр?
- «Аналық және балалық» атты қызметіне байланысты әлеуметтік жетімділік мәселелерін шешуге бағытталған жоба
- «SOS киік» жобасы негізінде Алматы қ-ның оқушыларын экологиялық жағынан тәрбиелеуге арналған акция
- ауыр аурумен ауратын балаларды емдеу мәселелеріне бағытталған «SOS Kz» Web-кеңес беру жобасы
- Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін ағылшын тіліне оқыту және спортқа үйрету
- Экстримдік жарыстарды және фестивальдарды өткізу

9. Жобаларды іке асырған кезде сертификаттар мен мінездемелер беріледі ме?
Әрине. Барлығы жұмыстың нәтижесіне байланысты болады. Сертификат UNV семинарлардың аяқталысымен беріледі. Жобаларды іске асырып, қортындысын шығарғаннан кейін мінездеме беріледі. Сонымен бірге Волонтерларды Біріктіру Орталығы университеттерге мінездемені, тәжірибені өткені туралы қажетті құжаттарды береді.

10. Мен халықаралық волонтер бола аламын ба?
Әрине, иә. Сіз БҰҰ кеңес ала аласыз, сұрақтаманы толтырып және БҰҰ-ның халықаралық волонтеры бола аласыз. Сонымен бірге сіз түрлі халықаралық бағдарламаларға(қысқа мерзімді – 2 айға дейін, ұзақ мерзімді – 2 жылға дейін) қатыса аласыз. Бірнеше бағдарламаға және волонтерлік лагерлерге қатыса аласыз.

11. Жобалардың қандай түрлері болады?

Міне негізгі жобалар түрлері мен олардың стандартты кодтары:
AGRI - - ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға байланысты жобалар.
ARCH - - археологиялық қазбаларды жүргізуге көмек.
ART - - әртістік бағыттағы жобалар, мысалы, шығармашылық және қол өнерлік шеберханалар, көрмелер мен фестивальдар және т.б. өткізудегі көмек.
CONS - - балалық және спорттық алаңдарды құруға, мектеп ғимараттарын, балалық және жастық клубтарын жөндеуге қатысуға байланысты жобалар;
CULT - - өзіндік мәдени шараларды(семинарлар, тематикалық кештер) ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетуге немесе жұмыстың өзгешілігінің(мысалы, Швециядағы драккарларды қалпына келтіру) нәтижесінде қабылдаған елдің мәдениетіне терең кіруді талап етуге бағытталған жоба.
ENVI - - әдетте қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет ететін ұйымдармен бірлесіп экологиялық жобаларды жүзеге асырады.

FEST - - фестивальдар мен мерекелерді өткізуге байланысты кез келген жұмыстар, мысалы, ақпараттық материалдарды тарату, сахналық алаңдарды құруға және бөлшектеуге көмек, балалар үшін ойын шеберханаларын ұйымдастыру – кейде фестиваль үшін интернационалдық семинарларды, сөз сөйлеуді және т.б. өткізеді;
KIDS - - балалар лагерлерінде жолбасшы рөлінде шыққан волонтерлерлік жоба. Сондай лагерлерде лагер өткізу елінің тілін білу қажет. Балалармен жұмыс - өте жақсы тілдік тренинг болып табылады.
MANU - - осындай жобаларға қолмен жасалынатын барлық жұмыстар кіреді – обойларды клейлеу, бояу, жалтырату, тазалау, қоқымдарды жинау және жою және т.б.
RENO - - естеліктерді, музейлерді, балалар клубтарын, әлеуметтік маңызды объекттерді және т.б. қалпына келтіруге көмек көрсету. MANU да кәсіби құрылыстық икемділікті талап етпейді, бірақ волонтердің шығармашылық әлеуетін қажет етеді.
SOCI - - көбінесе осы кодта мұқтаж емес, тірі адамдарға көмек көрсетуге байланысты жұмыстар жасырынады. Мысалы, балаларға, шалдарға, мүгедектерге, иммигранттарға, және т.б. Өте жиы SOCI KIDS-ті білдіреді.