Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

Программа Добровольцев ООН

БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы: БҰҰ Еріктісі болу үшін не істеу қажет

БҰҰ Еріктісі болу үшін не істеу қажет

Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикасы бар елдерде БҰҰ Еріктісі ретінде жұмыс істейтін барлық мамандардың саны 76 % құрайды, олар сол елдерден шыққандар болып табылады. Қазақстан азаматтары талап етілетін мамандықтармен және тәжірибемен шет елдерде БҰҰ Халықаралық Еріктісі ретінде жұмыс істей алады.

БҰҰ Еріктілері түрлі дәрежеде және кәсіби салаларда жұмыс істейді. Олар қоғамдастықтарда және жіргілікті ұйымдарда жұмыс істеп, оларға түрлі мәселелерде тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Олар қоғамдастықтар мен жергілікті мемлекеттік ұйымдар арасындағы қызметтестікті орнатуға көмектеседі. Стратегиялық шешімдерді іске асыру мақсатында жергілікті, аумақтық және ұлттық дәрежеде кеңес беруде қолдау көрсетеді.

БҰҰ халықаралық еріктісіне ең аз қойылған талаптар:
• Жасы: 25-тен жоғары, шектеусіз.
• Қарым-қатынасқа түсу икемділігі және байланысқа бейімділігі.
• Дені сау болуы тиіс(медициналық тексерілу қажет).
• Жоғарғы дәрежелі білім және ең азы бес жылдық тәжірибенің; ортатехникалық білім туралы куәлік және ең азы куәлікке сәйкес үш жылдық тәжірибенің ; немесе кейбір салаларда арнайы білімге сәйкес өте үлкен тәжірибенің болуы.
• Жұмысы бойынша ағылшын, француз, португал, испан, араб, және орыс тілін білуі тиіс. Орыс және араб тілдерін білу өте қажет емес болғандықтан, жоғарыда айтылған басқа тілдерді білу қажет.

Кандидаттар мүмкіншілігінше астында тізбелеп көрсетілген талаптарға сай болуы керек:
- Командада істей алу қабілеттілігі
- Күшті ұйымдастырушылық икемділігі;
- Ерікті ретінде жұмыс істеу тәжірибесі.
- Қоғамдастық мәселелерімен және көпшілікпен жұмыс істеу тәжірибесі
- Маманданған техникалық оқытуда немесе курстарын жүргізуде тәжірибенің болуы;
- Кедейлік мәселелерге байланысты сұрақтарды түсіну
- Мақсатталған топтарғда және жұмыстардағы қызметтестікке белсенді қатысу методолгиясын білу қажет;
- Жобаларда немесе жұмыс орындарда гендерлік мәселелерді ілгері тарту қабілеттілігі;
- Түрлі әлеуметтік, мәдени және саяси жағдайға, сонымен бірге өмір сүрудің қарапайым жағдайына, мүмкін ат жетер жерде өмір сүруге тез бейімделу қабілеттігі; Қоғамдық жобаларды орындау үшін қаржыландыру және мобилизациялау қорларының қайнар көздерін анықтау қабілеттілігі;
- Даму бойынша әріптестермен қызметтестікті орнату және қолдау қабілеттігі;

- Қоғамдастықтар арасында, сонымен бірге техникалық және қаржылық қолдау көрсететін ұйымдармен қызметтестікті орнату және қолдау.Толығырақ ақпараттарды алу үшін Қазақстандағы БҰҰ Еріктілік Бағдарламасының кеңсесіне жолығыңыз. Біздің www.unvolunteers.org халықаралық сайтымызға кіруіңізге кеңес береміз.

Өтініш жазу ережелері

Өтініш жазу алдында бізге жолығыңыз, өйткені біз БҰҰ Ерікті кандидатының талаптарына сай екендігіңізді анықтауымыз қажет. www.unvolunteers.org халықаралық сайт арқылы өтініш беруді сұраймыз.

Кипрде орналасқан БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының Орталығы кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес дерекқорды қолдап,алынған өтініштерді қарастырып отыр.

Кипрге өтінішті жібергеннен кейін, сіз 4-8 апта ішінде жазбаша жауап алуға тиіссіз. Егер сіздің кандидатураңыз дерекқорға енгізілсе, осы жағдайда ақпарат екі жыл бойы сақталып тұрады, бірақ БҰҰЕ бас тартуыңыз туралы хабарлаған жағдайдан басқа. Егер сізді дерекқорға енгізсе, ол БҰҰ Еріктісі ретінде жұмысқа тұрасыз деген кепілдеме болып саналмайды. Егер сіз екі жыл бойы ерікті ретінде жұмысқа тағайындалмасаңыз, онда сіздің кандидатураңыз тілегеніңіз бойынша дерекқорда сақталады, бірақ сіз кезкелген жаңа құжаттаманы қосымша анықтама қағазымен бірге жіберу керексіз.

БҰҰ Еріктілерінің келісім шарттары

БҰҰ Халықаралық Еріктісіне ұйыммен белгіленген жерге дейін жолы, жайласу үшін бір реттік жәрдемақы, әр ай сайын күнкөру жәрдемақысы, медициналық сақтандыру, іссапардың бітуімен жол ақысы төленеді. Елдің ішіндегі жолақысы қабылдаған жақпен төленеді.

БҰҰ Ұлттық Еріктілері әр айлық күнкөру жәрдемақысын, медициналық сақтандыруды, жол жәрдемақысын алып отырады. Егер БҰҰ Ұлттық Еріктінің белгіленген жері тұрған жерінде болмаса, онда ұйым белгіленген жерге дейін келу мен контрактінің бітуінен кенін қайту ақысы, сонымен бірге жайласу үшін бір реттік жәрдемақысы төленеді. Ел ішіндегі командировка қабылдаған елмен төленеді.

БҰҰ Еріктілері дегеніміз кім?
Соңғы мәліметтер бойынша БҰҰ Еріктілер саны 8500 адамды құрайды, соның ішінде 168 ұлт әлемнің 144 елдерінде жұмыс істейді.

БҰҰ-ның жай халықаралық ерікті-маманы:
- жоғарғы оқу, магистр, доктор дәрежесіне ие
- 10 жылдық кәсіби тәжірибеге ие
- жасы - 39 жас

Үштен екісі дамып келе жатқан және транзитті кезең елдерінің азаматтары
БҰҰ-ның жай ұлттық ерікті-маманы:
- жоғарғы оқу, магистр дәрежесіне ие
- 3-5 жылдық кәсіби тәжірибеге ие
- Қазақ, орыс, ағылшын тілін білетіндер

БҰҰ ерікті-мамандардың дәрежелері
2006 жылдың берілгендері бойынша БҰҰ Еріктілері 105 кәсіби салаларда жұмыс істейді, соның ішінде:
- әкімшілік
- ауыл шаруашылығы
- орманшылық және балықаулау
- БАҚ
- өнер
- білім және оқыту
- инженерлік іс
- транспорт және байланыс
- денсаулықсақтау
- ұлттық мұра
- ғылым және табиғи қорлар
- коммерция және индустрия
әлеуметтік ғылым және басқа салалар

БҰҰ Еріктілері қайда жұмыс істейді?
БҰҰ Еріктілері қаржыландыру қайнар көзіне және даму бойынша серіктестердің мақсаттарына байланысты келесілерде жұмыс істейді
- БҰҰ агенттіктер мен жобаларында
- Жергілікті және ұлттық деңгейдегі мемлекеттік ұйымдарда
- Үкіметаралық емес ұйымдарда және жергілікті қоғамдастықтарда