Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

«KOMANDA SOS» ЕРІКТІЛЕРДІ БІРІКТІРУ ОРТАЛЫҒЫНАН АЛМАТЫ Қ.

Бапкерлер мектебі – бұл бүкіл Қазақстанның ҮЕҰ өкілдері үшін бірегей жоба, ол волонтерлармен жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандардың мықты тобын құруға бағытталған.

Бапкерлер мектебіне қатысушыларды жинау байқау негізінде өтеді. Алматы қ. тренингтерді өткізу кезінде сұрыптаудан өткен қатысушылардың тұруы, жолы және тамақтануы төленеді. Байқауға Қазақстанның барлық аумағында ҮЕҰ қызмет көрсететін үйлестірушілер қатыса алады.
Бапкерлер мектебін Komanda SOS Қазақстандағы Сорос Қорымен бірлесіп келесі мақсаттарға жету үшін өткізеді:
* Аумақтарда жергілікті ҮЕҰ өкілдерін волонтерлармен жұмыс істеуге үйрете алатын, сонымен бірге қызмет бағытына байланысты волонтерларды оқыта алатын кәсіби бапкерлер командасын құру;
* Серіктестер мен демеушілерді іздестіру үшін ҮЕҰ тиімді жұмыс істеу құралдарын және құрылымын үйрету, сонымен бірге әлеуметтік бағдарламаларды және қайырымдылық жобаларды іске асыруды, government relations қалыптастыруды, Бұқаралық Ақпарат Құралдарымен байланысты жөнге салуды мамандар мен жоба үйлестірушілерін оқыту;
* Желі құру – аумақтық ҮЕҰ үйлестірушілері мен волонтерлары үшін кәсіби платформа құру, оның негізінде тәжірибемен және ақпаратпен алысу, әлеуметтік бағдарламаларды бірлесіп іске асыру, жаңа мамандарды оқытуға қатысу, сонымен бірге болашақта даму жоспарланады.
* Еріктілермен жұмыс істеу үшін нұсқаулар және тиісті құралдар беріледі, сонымен бірге волонтерлық бағдарламалар іске асырылады;
* Еріктілік қызметтің беделін көтеру және Қазақстанда еріктілік бастамаларды дәріптеу;
* Сонымен бірге бапкерлер мектебінің негізгі мақсаты қазақ тілді аудиториясымен қызмет ететін ҮЕҰ қызметін белсендету;

БАПКЕРЛЕР МЕКТЕБІ ЕКІ КУРСТЫ ӨТКІЗЕДІ:
1-курс – аумақтық ҮЕҰ үйлестірушілері үшін
Мерзімі: 19-20 мамыр (сенбі, жексенбі)

2-курс – аумақтық ҮЕҰ бапкер-волонтерлары үшін
Мерзімі: 22-23 қыркүйек (сенбі, жексенбі)

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
Бапкерлер мектебіне қатысу байқауы 2 кезеңнен тұрады. Байқаудың бірінші кезеңінде Бапкерлер мектебінің ұйымдастырушылар комитетіне келесілерді өткізу қажет:
1) Бекітілген үлгі бойынша сауалнама;
2) Түйіндеме;
3) «Мен өзімнің қызметімді жақсы көремін, өйткені...» тақырыбына эссе

Бірінші кезеңнен кейін, ұйымдастырушылар комитеті кандидаттарға on-line әңгімелесуді өткізеді, кейін жеңімпаздарды анықтайды.

1-ші курс кандидаттарына қойылатын талаптар:
*1 жыл бойы ҮЕҰ жоба үйлестірушісі немесе жоба маманы ретінде жұмыс тәжірибесі;
* Жасы 21-ден 30-ға дейін;
* Орыс және/немесе қазақ тілдерін толық меңгеруі;

2-ші курс кандидаттарына қойылатын талаптар:
* 1 жыл бойы ҮЕҰ волонтер ретінде жұмыс тәжірибесі;
* Жасы 18-ден 35-ке дейін;
* Орыс және/немесе қазақ тілдерін толық меңгеруі;

Бірінші курсқа сұранымдар Бапкерлер мектебінің ұйымдастырушылар комитетімен 2 сәуіргедан 23 сәуірге дейін 2012 ж. қабылданады. Екінші курсқа қатысушыларды жинау жайлы ақпарат қосымша жарияланады.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ КЕЛЕСІЛЕРДЕН ТҰРАДЫ:
* Үйлестірушілер үшін бірінші курс:
- еріктілерді іздеу және тарту өнері;
- уәждің және ынталандырудың мүмкіндіктері;
- волонтерлық бағдарламаларды әзірлеу;
- фандрейзингтік қызмет;
- волонтерлармен жұмыс істеудің құқықтық аспектілері;
- БАҚ қызмет ету негіздері;

* Волонтерлармен жұмыс істейтін бапкерлер үшін екінші курс:
- Балаларға(балалар үйлеріне) шетел тілдерін оқыту әдістемесі;
- Ересектер мен балалар (балалар үйлерінің және оңалту орталықтарының) үшін компьютерлік сауаттылықты оқыту әдістемесі;
- Өзгеше қажеттіліктері бар адамдарға қарау негіздері (әсіресе хоспистерге);
- ҮЕҰ әкімшілік қызметі мен іс қағаздарын жүргізуге кіріспе;
- Фандрейзинг және серіктестермен жұмыс;

Жоба серіктестері:
* Ұлттық волонтерлық желі;
* БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы;
* Қазақстандағы Сорос Қоры;
* Қазақстан Жастарының Ақпарат Қызметі;

www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, www.volunteer.kz, www.donations.komandasos.kz
komandasos@gmail.com
+ 7 727 266 39 00
+ 7 705 181 83 95
+ 7 705 888 57 88

Сауалнаманы осында көшіре аласыз:rrryersr-rrs-ssrssrjos-ri-rjoryerrr-rsrrrsrri.rar [260,01 Kb] (cкачиваний: 0)