Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

Балаларға жылулық сыйлайық!

Талғар қ. «Нұр» Балалар Үйіне 60 тонн солярка сатып алуға көмек қажет. Осы балалар үйі отбасылық тұрпатта, онда жастары 0-ден 18-ге дейінгі 110 бала тұрады. Осы үйге мемлекет қолдау көрсетпейді және ол басшы жігерлігінің және селқос емес адамдар көмектерінің арқасында ғана жұмыс істеп жатыр.
2008 ж.  «Нұр» балалар үйіне ірі демеуші қолдау көрсетуді қойды, осы кезден әр жыл сайын жағып жылытатын маусым қарсаңында қиын мәселе туады, өмір сүру үшін маңызды отынды сатып алуға қаражаттарды қайда іздеу.
1 литр солярканың құны – 100 тг. Бүкіл маусым бойы жылыту үшін 60 тонн солярка қажет. Бұл балалар үйі үшін арты ауыр сома, өйткені жылытудан басқа балалар үйі әрқашан азық-түлікте, киімдерде, оқулықтарда және т.б. мұқтаж.

Осы мәселені шешуге жәрдемдесе алатындардың барлығын үн қатуыңызды сұраймыз!

Барлық сұрақтар бойынша “Komanda SOS” Еріктілерді Біріктіру Орталығына төменде көрсетілген байланыстарға жолығыңыз:

www.komandasos.kz, www.volunteer.kz, komandasos@gmail.com + 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95, + 7 705 888 57 88.