Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

Art4Peace қайырымдылық концерттер

«Art4Peace» қайырымдылық концерттерінің тұсаукесері 2008 ж. желтоқсанда өтті. Осы концерттер «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының «Қайырымдылық істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай жәрдем беру... » әлеуметтік бағдарламасы негізінде іске асырылады.

Концерттердің негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
- Art4Peace концерттері жұртшылықтың, әсіресе жастардың арасында қайырымдылықты дамытуға бағытталады;
- барлық жиналған қаражаттар қайырымдылық көмекке бағытталады (емделуге, операцияға және т.б.);
- жастар арасында азаматтық сананы дамыту;
- қайырымдылық қаражаттарды жинауды жүзеге асыру, «Қайырымдылық істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай жәрдем
беру... » бағдарламасына ұқсас;

Бағдарламаның негізгі қағидалары:
Бағдарламаның негізгі қағидасы мөлдірлік пен ашықтықта негізделеді. Мұқтаждар туралы барлық мәліметтер мұқият тексеріледі, ал барлық қайырмал клиникаларға, дәріханаларға, әлеуметтік көмек қызметтеріне және т.б. ақша бөлу сияқты мақсаттарға бағытталады.

Сонымен бірге «Қайырымдылық істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай жәрдем беру... » бағдарламасының қағидалар жиынтығына келесі ұстанымдар кіреді:
- Нәтижелердің (жазылу, білім алу және т.б.) болашағына қаражаттарды бөлу;
- Асыраудағы жандарды туғызбау үшін, «балықты емес, қармақты береміз» қағида негізінде жәрдем береміз;
- Бағдарламаның барлық қатысушыларының еркін әрекет қағидасы;
- «Жәрдем береміз, бірақ жауапты секторлардың әрекетін алмастырмаймыз» атты қағидасы;
- Әділдік қағидасы – бағдарлама негізінде жәрдем беру көмек сұранымның түсу уақытында қатал түрде жүзеге асырылады.

«Қайырымдылық істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай жәрдем беру... » бағдарламасының механизмі - «Art4Peace» қайырымдылық концерттер келесілерден құрылады:
1-кезең – қызметтестік/серіктестік келісім туралы меморандумға қол қою(қосымшаға қара);
2-кезең – клуб аумағында қайырмал жинау үшін бокс орнату;
3-кезең – сөз сөйлеу мен концерттер бағдарламасы туралы келісу және анықтау;
4-кезең – баспа ісі өнімдерді және пресс-материалдарды әрлендеу туралы келісу;
5-кезең – концерттерді жүргізу;
6-кезең – қорытынды шығару, жиналған қаражаттарды есептеу, боксты ашу, екі жақпен қаражаттардың тапсыру-қабылдау актісіне қол қою;
7-кезең – қаражаттарды аудару – Қайырлы Істер Қобдишасына сұраным беруіне сәйкес мақсатты адрестік әлеуметтік көмек кезектілікпен беріледі, сонымен бірге төлеу үшін барлық қажетті құжаттар жиналып берілу керек;
8-кезең – есеп беру, қорытынды пресс-релиз жазу, қаржылық құжаттаманы дайындап беру.

Осылай бір концерттің өткізу сызбасы көрінеді.
Кесте, мерзімділік, концерттің пішіні, қатысушылар тізімі кез келген бөлек жағдайда қосымша үйлестіріледі.

Төменде, өз бетінше концертті жүзеге асыру үшін қажет болатын ақпарат:
МІНДЕТТЕР:
- концерттерді жетілдіру мен ұйымдастыру үшін белсенді топты құру;
- жобадағы белгіленген кестеге сәйкес әр апта немесе әр ай сайын тегін түрде концерттер беріп отыратын музыкалық топтар мен ұжымдарды қатыстыру;
- көмек туралы сұранымды жіберуге барлықтарына мүмкіндік беру;
- қайырымдылық негізде концерттерді өткізуге келісетін клубтардың, барлардың және т.б. дерекқорын құру;
- қайырымдылық негізде концерттерге қатысуға келісетін музыкалық ұжымдардың, орындаушылардың, би топтарының және т.б. дерекқорын құру;
- қайырымдылық концерттерге БАҚ қатыстыру (мақсаттары, әдістері, нәтижелері);
Қайырымдылық концерттердің түрлері:
- Музыкалық (тірі, рок, рэп, джаз, араласқан, электронды және т.б.)
- Тарихи ( жеке тұлғалардың және оқиғалардың тарихы)
- Салтанатты кештер (туған күндер, естелік күндер және т.б.)
- Мәдени кештер (фильмдерді, суреттерді және т.б. көрсету)
Жастық дәрежелер:
Концерт тақырыбына және орындаушылардың репертуарына байланысты – жастық дәрежелер анықталады.
Волонтерларға қажетті ұстанымдар:
- орындаушылар – концерттерге тегін қатысатын волонтерлар;
- дипломат – әртістермен келіссөздерді жүргізетін және келісім шартқа тұратын, сонымен бірге концерттерді өткізу орнын анықтайтын волонтер;
- пиар – билеттерді, анонстарды және жарқағаздарды жетілдіретін және тарататын волонтер
- техник – қажетті құрал жабдықтармен (компьютер, музыкалық құрал жабдықтар, видео камералар және т.б.) қамтамасыз ететін және басқаратын волонтер
- концерттің жүргізушісі (лері)– қайырымдылық концерттердің ойын, әр бөлек шараның (қайда және не үшін қаражаттар қажет) мақсатын ашатын, достық және еркін жағдай құратын волонтер(лар)
- көмекшілер.
2. ВОЛОНТЕРЛАР:
Волонтерлардың мінездемесі:
1. байланысқа бейімділік;
2. жақсы ұйымдастырушылық қасиеттер;
3. жауапкершілік;
Волонтерлардың мотивациясы:
- қайырымдылықтың дамуына қатысу;
- мұқтаждарға жәрдем беру;
- өзінің концертін ұйымдастыру;
- әртістермен танысу;
Жұмыс істеу кестесі:
Қайырымдылық концерттердің мерзімділігі апта сайын, ай сайын және тоқсан сайын болуы мүмкін.
Волонтерлармен жұмыс істеу механизмі:
- волонтерлар Мектебін немесе жоба бойынша кіріспе тренингін өту
- берілген жобаға қажетті икемділікке үйрену
- концерттерді өткізу үшін қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды беру
- жолға жұмсалған қаражаттарды төлеу
3. КЛУБТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ:
- атап өткен ұстанымдармен қызметтесу ұсынысы туралы хат жазу (қайырымдылық концерттер, кештер және т.б.);
- ауызша келісу;
- айырымдылық концертті бірлесіп өткізу туралы меморандумға міндетті түрде қол қою;
- міндеттерді анықтауды клуб өзіне алады:
Сахнаны беру
Аспаптарды беру
Өзінің қайнар көздері арқылы қонақтарды шақыру
Қалған барлық жұмыстар белсенді волонтерлармен жүргізіледі
4. КОНЦЕРТТЕР:
1 концертке дайындық өте аз уақыт алады:
- емделуге қажетті соманы анықтау;
- басталу алдында бір апта бұрын тегін жарнама жіберу;
- орындау стилі мен дәрежесі бойынша топтарды іріктеу;
- қатысушылар тізімін құру;
- концерттік тізбекті және концерттің сценариін құру;
- билеттерді және басқа визуалды өнімді басып шығару;
Концерт жоспары:
Анық кезеңдері жоқ, ең бастысы қайырымдылық туралы, еріктілік қызмет туралы және берілген концерттен қаражаттар кімге (аты, диагнозы, әлеуметтік жағдайы) аударылатыны туралы ақпарат беру.
Әртістердің әндерін орындауын қайырымлдылыққа бағытталған жарыстармен және ойындармен алмастыру мүмкін: мысалы – аукцион ( концертке барлық қатысушылардың қол жазбалары бар футболкаларды сату және т.б.)
Аяғында – соңғы ән кезінде – бағана жағып және оларды барлық адамдарға, басқаша айтқанда мұқтаждарға естелік ретінде және шетте қалмағандарға алғыс ретінде тарату.