Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

«ЛИДЕР XXI ВЕКА» ЕРІКТІЛІК БАҒДАРЛАМА

«ЛИДЕР XXI ВЕКА» ЕРІКТІЛІК БАҒДАРЛАМА
2008 жылдың маусым айында эфирге балалар үйлерінің балаларына арналған Интеллектуалды шоу «Лидер XXI века» арнайы ойындар топтамасының тұнғыш бағдарламасы өтті. Жобаның жүлделік қоры – 6 млн. теңгені құрайды.
Жақында балалар үйлерінің балаларына арналған «Лидер XXI века» Интеллектуалды шоудың арнайы ТД-бағдарламасын құру мақсатында «Хабар» Агенттігі мен Коммерциялық емес Қайырымдылық Seimar Social Fund арасында қызметтестік туралы Меморандумға қол қойылды. Жобаның негізгі мақсаты – балалар үйлерінде тұратын дарынды, ой өрісі кең, икемді балаларды іздеу және оларға университеттер мен колледждерге түсуге дайындалуға материалды сый тарту арқылы мүмкіндік беру.
Бүгінгі күні балалар үйлерінде тұратын жоғарғы класс оқушыларында қажетті жағдайдың болмауы себебіне байланысты толық білім алуға мүмкіндігі жоқ. Балалар үйлерінің талапкерлерінің колледждер мен университеттерге түсу санағы өте төмен. Балалардың өзінің оқуын төлеуге мүмкіндігінің жоқтығы маңызды мәселе болып саналады.

Балалар үйлерінің балалары үшін «Лидер XXI века» арнайы ойындар топтамасын жіберу балалар үйлерінің талапкерлері үшін жағдайды жақсартуға бағытталған, мақсаттар мен міндеттер кешенін орындайтын әлеуметтік және білім беретін жоба болып табылады:
* Оқуды жалғастыру немесе ЖОО/колледждерге түсу, кітаптар мен оқулықтарды сатып алу мүмкіншілігін беру үшін Алматы қ. және Қазақстанның балалар үйлерінің ең жақсы тәрбиеленуші-талапкерлеріне бір реттік мақсатталған материалды сый тарту;
* Университетте оқуға грант алу мүмкіндігін беру;
* Өз білімдерін көрсетуге, бағдарлама бойынша өзгеше дайындықтан өтуге, жартылай әлеуметтік бейімділікті өтуге, жаңа білім алуға және т.б. мүмкіндіктер беру;
Бағдарлама қатысушылары – Алматы қ. және Қазақстанның басқа аудандарынның балалар үйлерінің 9-шы 11-ші сынып оқушылары.
Қатысушыларды іріктеу «Лидер XXI века» (АҚ «Хабар Агенттігі») жобаның ережелері мен үлгісі бойынша бірнеше кезеңнен тұрады:кешенді сынақтама және психологиялық тренинг. Іріктелгеннен кейін қатысушылар дайындау тренингтер мен ойынға қатыса алады. Қатысушылардың жан-жақты білімдерін «Бәйге», «Полиглот», «Көкпар», «Овертайм» турлары арқылы тексеріледі. Барлық тапсырмалар мен сұрақтар мектеп бағдарламасының білімін тексеруге негізделеді. Жоспарланған ойындар саны – 9 апта, қатысушылар саны – 54 адам. Жүлде Қоры – 6 млн. теңгені құрайды.
Білім жүлделерін тарату:
1. Апталық жеңіскер – 120 000 теңге;
2. Айлық жеңіскер – 180 000 теңге;
3. Тоқсандық жеңіскер – 240 000 теңге;
4. Жылдық жеңіскер – 600 000 теңге;
5. Ойынға өткендер, бірақ жеңбегендерге көтермелеу сыйлығы – 36 000 теңге.

«Хабар» Агенттігі қызметтес және ерікті ретінде әлеуметтік салада қолдаудың өте маңызды екендігін көрсетеді. Енді ойын қатысушылары ойыннан алған қаражаттарға біліктілікті арттыратын, колледждер мен ЖОО-на түсуге, шетелде оқуға және т.б. дайындау курстарын оқи алады. Сөйтіп, мемлекеттік және жеке меншік білім беру орталықтары осы жобаны қолдап, біздің еліміздің жас ұрпақтарын оқытуға өз үлесін қоса алады. Әр адамда сапалы білім алуға мүмкіншілігі болу керек.

қазақ және орыс тіліндегі пресс-релиз осында

Балаларды іріктеу және дайындау жоғарыда айтылғандай өтті (тренингтар, ойындар, бой жазу және интеллектуалды сұрақтар):

БІРІНШІ ҮШ ОЙЫННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:
Балалар үйлерінің балалары үшін «Лидер XXI века» интеллектуалды ойыны бойынша апталық жеңіскерлер:

Волков Тимур - №1 Б.Ү.
Әділбеков Руслан – Қапшағайлық балалар үйі
Асланова Минара (интернат)

Балалар 120 000 теңгені құрайтын ұтысты алды, ол олардың шоттарына автоматты түрде түседі және оны білім алу мақсаттарына қолдана алады.
Интеллектуалды шоудың қалған 15 қатысушысы қатысқаны үшін сыйларды алды, дәлірек айтқанда әр қайсысы 36 000 теңгеден алды. Осы сый біліктілікті жоғарлату курстарына, білім беру семинарларына, ЕНТ-ға дайындалуға, колледждар мен ЖОО-на түсуге, оқулықтарға және т.б., жалпы білім алу мен жеке бастың өсуіне бағытталады.

Қатысушылар қайда түсуді, қандай курстарға баруды және қалай болашағын салуды ойлап жатқанда,олардың ақшалай жүлделері АҚ «Альянс Банк» депозиттеріне салынды.

Ойындарың жазбаларын сіз «Хабар» телеарнасынан әр сенбі сайын сағат 16:00 көре аласыздар