Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

«ӨМІР ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ» ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1. ТҰЖЫРЫМДАМА:
Мақсаттары:
• НИИОиР онкологиялық балалар бөлімшесінде еріктілер қызметін дамыту;
• онкологиялық аурулары бар балаларға психологиялық жәрдем беру;
• танымдылыққа үйрететін, оқытатын және дамытатын бағдарламаны ұйымдастыру үшін шаралар жиынтықтарын ұйымдастыру;
• онкологиямен аурулардың мәселелеріне жұртшылықтың, БАҚ және мемлекеттің назарын аудару;

Міндеттері:
• НИИОиР Орталығының «Балалар үшін әлем тілдері» , «АРТ Алматы» және жаңа тақырыптарда жұмыс істеп жатқан жобаларды іске асыру үшін еріктілер тобын ұйымдастыру;
• Ағылшын тілі сабақтары – еріктілер Орталығы ағылшын тілін оқыту курстарын жүргізеді. Келешекте басқа да тілдерді оқытады;
• Бейнелеу өнерінің негіздері – балалар үшін арт-терапия сабақтарын өткізеді, онда бейнелеу өнерін, сурет салуды, колористиканы, сайыстарды жүргізуді, галерея құруды үйретеді және әлемдік өнер классиктарымен таныстырады.
• «Барлығын білгім келеді » үйірмесі – жаңадан шыққан кітаптар, фильмдер, сандық құралдар, мультфильмдер туралы ақпарат береді және парасаттылықты дамытатын ойындарды жүргізеді.
• Мейрамдарды, туған күндерді өткізеді( ертенгілік «Жаңа жылдық шырша», «Балаларды қорғау күні» және т.б.);
• Түрлі ҮЕҰ және БАҚ бағдарламасын орындау үшін тарту;
2.ЕРІКТІЛЕР:
Мотивациясы:
• онкологиялық аурулардан қиналып жатқан балаларға сауықтыру кезінде жәрдем беру;
• түрлі өмірлік жағдайларда психологиялық тұрақтылықты нығайту және қызмет ету икемділігін табу;
• көсем және мұғалім ретінде сөз сөйлеу;
• өсіп келе жатқан ұрпақтардың және қоғамның дамуына үлес қосу;
• педагогикалық икемділікті дамыту мүмкіндігі;
• келешекте өзін-өзі жетілдіру үшін кәсіби тәжірибе алу мүмкіндігі;
• басқа еріктілер жобаларына және айырбастау бағдарламаларына қатысу үшін қажетті кепілдемелік хат алу мүмкіндігі;
Еріктінің мінездемесі:
Еріктілерді іріктеп алу жазбаша және ауызша тест түрінде өткізіледі, соның ішінде келесі аспектілер:
• жасы 16-дан жоғары;
• балалармен жұмыс істеу ынтасы;
• өз жұмысын білуі (мысалы,ағылшын тілінде еркін сөйлей алуы);
• бастапқы педогогикалық білім;
• материалдарды ойын түрінде жеткізу мүмкіндігі;
• еріктілік қызметіне аптасына 1-ден 4 сағатқа дейін уақыт арнау мүмкіндігі;
• қиын балалармен жұмыс істеуде психологиялық тұрақтылық;
• көсемдік қасиет;
3. САБАҚТАРДЫҢ МЕРЗІМДІЛІГІ:

Кем дегенде – 2 аптада 1 рет 40 минуттан
Орташа – аптасына 1 рет 1сағаттан
Интенсивті – аптасына 2-3 рет 1-1,5 сағаттан

4. ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ:
Балалардың жасына және білім дәрежесіне байланысты келесілерді қолдануға болады:
• көркем және деректі әдебиеттерді;
• фильмдерді, ойындарды, өлеңдерді, көріністерді және т.б.
Ескертулер:
Құралдарды сатып алу үшін демеушілерді іздеу немесе қажетті әдебиеттерді және т.б. материалдарды жинау туралы еріктілер арасында жарнаманы тарату қажет;

5.ҚАЖЕТТІ ӘДЕБИЕТТЕР:
Оқу тематикасына және қолданылған оқу құралдарына байланысты келесілер қажет болуы мүмкін:
• қаламдар, қарандаштар, өшіргіштер
• сурет салу және тақта үшін маркерлер
• дәптерлер, А4 қағазы
• желім, стикерлер
• бояулар, бояу жаққыштар
• балалардың туған күндеріне сыйлықтар.

6. ОНКОЛОГИЯЛЫҚ БАЛАЛАР БӨЛІМШЕСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ:
• әкімшілікпен және контакты жақпен танысу;
• сабақ тақырыптары бойынша еріктілерден жұмыс істеу тобын құру;
• шаралар мерзімін және тізімін келістіру;
• нақты уақытта балаларға келіп тұруды ұйымдастыру және әкімшіліктің бөлімшеден бөлме бөлуі;
• келесілерді ескере отырып балалар топтарын құру:
- ұсынылған тақырыптар бойынша балалардың оқу ықыласы;
- балалардың білім дәрежесі;
- топтағы адамдар саны;
- балалардың жасы;
- еріктілердің бос уақыты(демалыс немесе жай күндері).

7.ЕРІКТІЛЕР ҮШІН ҚОСЫМША ҰСЫНЫСТАР:
1. Сабаққа қатысушылардың аты, тегі, жасы көрсетілген тізімді басынан-ақ құру;
2. Мүмкіндігінше әр сабақ сайын отырғандарды белгілеу, түсініктеме жазу – кім және қалай өзін ұстады, прогресс бар ма, қандай әдістер тиімдірек, сабақта нені істеуге және айтуға болмайды.
3. Топтағы өзгерістерді бақылау үшін ЕҮО «Komanda SOS»-қа тұрақты түрде сабақтардан кейін эссе немесе кіші-гірім есеп беруге міндетті – балалармен тіл табысу сапасының өсуі, қарым-қатынасты жөнге келтіру туралы және т.б.
4. Бақылау және «көрсетімдік» күндерді белгілеу – бөлімше әкімшілігінің балалардың даму прогресіне көздері жетсін деп, сонымен бірге оқушылардың еңбектеріне қосымша көңіл бөлініп, келешекте оларды сабақтарға ынталандыру үшін ашық сабақтар , номерлер мен сөз сөйлеу өткізіледі.