Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Компьютерлік сауаттылық сабақтарының» екінші кезегі жіберілді

2009 ж. тамыз айында «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған) Алматы қаласының Түрксіб ауданында оқушылар үшін компьютерлік классты ашты. Қыркүйекте тегін «Компьютерлік сауаттылық сабақтарының» екінші кезегі жіберілді – енді компьютерлік технологияларды игергісі келетін балалар сағат 10.00-де және 15.30-да оқи алады.

Қаланың нашар аудандарынан шыққан 10-нан 16 жасқа дейінгі оқушылар компьютермен жұмыс істеу икемділігіне Турксіб ауданында орналасқан компьютерлік класста тегін түрде үйрене алады, ол Түрксіб ауданында келесі мекен-жайда орналасқан: Түрксіб ауданының Ауғанстан соғысының ардагерлерін Біріктіру Одағының ғимараты - Бартольд көш., 48, (Бекмаханов көш. қиылысында). Басында сабақтар әр сенбі сайын сағат 10.00-де өткен және оған кіші сыныптарының оқушылары келіп жүрген. Бірақ есепсіз өтініштерден кейін «Компьютерлік сауаттылық сабақтарының» екінші кезегі жіберілді. Енді сабақтар 15.30 да өтеді, және мектепте таңертен оқитын жоғарғы сынып оқушылары да компьютерлік курстарға қатыса алады.
«Компьютерлік сауаттылық сабақтары» атты білім беру бағдарламасының мақсаты – балаларды компьютермен еркін араласуға, Microsoft Office негізгі бағдарламаларын және графикалық редакторларын қолдануға, интернетті игеруге, ІТ-маманы атты кәсіп туралы түсінік алуға үйрету. Компьютерлік сауаттылық сабақтары бастапқыда 3 айға есептелген және тегін түрде өткізіледі.
Компьютерлік класс “Komanda SOS” Волонтерларды біріктіру орталығының береке берушілерімен тегін түрде берілген техникасымен жабдықтырылған.
«Компьютерлік сауаттылық сабақтарын» Орталықтың волонтерлары – банктік салада жұмыс істейтін кәсіби IT-мамандары – Нариман Мукушев пен Валихан Конурбаев жүргізеді. Қазіргі уақытта олар сабақтарды өткізу бағдарламасын, сонымен бірге оқушылардың негізгі білімдерін анықтауға бағытталған тесттерді жетілдірді.
Компьютермен еркін араласу мен негізгі қолданбалы бағдарламаларды пайдаланудан басқа, «Компьютерлік сауаттылық сабақтары» тағы бір мақсатты көздейді – балаларды компьютерлік маман кәсібімен таныстыру. Волонтерлардың жоспары – қаланың ең жақсы университеттерінің ақпараттық технология кафедраларына саяхат ұйымдастыру, онда жасөспірімдер студенттермен қарым-қатынасқа түсе алады, сонымен біре ІТ-маманының кәсібі туралы, оның мүмкіндіктері мен болашағы туралы көбірек біле алады.
Берілген бағдарлама Қайырымдылық Seimar Social Fund және осындай курстарда мұқтаж балалар саны көп тұратын Алматының ең нашар аудандарының бірінде компьютерлік классты ұйымдастыру үшін тегін бөлме бөліп берген Ауғанстан соғысының ардагерлерін Біріктіру Одағының қызметтестігінің, сонымен бірге Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімшілігінің қолдауы арқасында іске асырылды.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
+7 (727) 266 39 00
Алия Сагингалиева
+ 7 705 18 18 395
Антонина Кукаева
+ 7 705 600 44 42