Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


“Komanda SOS” «Спутник» атты СККО-мен қызметтестікті бастайды

2009 ж. қыркүйекте “Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund-тың және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған) «Спутник» атты сауда-көңіл көтеру орталығымен бірге қызметтестік туралы Меморандумға қол қойды. «Қайырымды істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай көмек көрсету» атты бағдарламасы негізінде қайырмал жинау үшін СККО аумағында бокс орнатылды, келешек жоспары – балалық-жасөспірімдік шахматтық турнирін, балалар суреттерінің көрмесін және сүт бездерінің ісік ауруын алдын алу бағдарламасы негізінде әйелдердің тексеруін өткізу.

“Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund-тың және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған) қызметтестік бағдарламаны іске асыруды жалғастырып отыр, бағдарламаға қатысуға волонтерлық және қайырымдылық қызметке қызығушылығын білдірген түрлі қазақстандық және халықаралық компаниялар тартылады. Өткен аптада біз «Спутник» атты Сауда-көңіл көтеру Орталығымен (Момышұлы көшесінде, Шаляпин мен Абай көшелерінің арасында орналасқан) бірге Қызметтестік туралы Меморандумға қол қойдық. Меморандумға қол қою негізінде келесі волонтерлық және әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады деген келісімге келдік:
1.«Қайырымды істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай көмек көрсету» атты бағдарламасы негізінде ерікті қайырмал жинау үшін бокс орнатылады. «Спутник» СККО аумағында орнатылған бокста жиналған қаражаттар Данияр Байшибуловтың (2007 ж.т.) емделуіне бағытталады. Бала ретинобластомадан – екі көз алмаларының ісігінен қиналып жатыр. Даниярды емдеу, тіпті көзінің көруін сақтап қалу мүмкін – оны израильдік клиникада күтіп отыр, бірақ емделу құны 72 000 АҚШ доллларды құрайды. Байшибуловтар отбасы терапияның басталуына 11 000 долларды жинай алды, енді олар кез келген көмекке үміттеніп отыр. Бокс 2 айда 1 рет инкассацияланады. Балалардың емделуіне арналған кейінгі әр жиын қосымша келісіледі.
2. Балалар және жасөспірімдер арасында шахмат бойынша жарыстар мен чемпионаттар тобы өткізіледі, сонымен бірге мастер-класстар мен Қазақстанның әйгілі шахматшыларымен бір мезгілді ойын сеанстары өткізіледі. Шахматтық шаралар негізінде қаржышылар, журналистер және т.б. арасында корпоративті жарыстар өткізіледі.
3. Салауатты Азия Қорының және Қайырымдылық Seimar Social Fund-тың – «Әйелдің денсаулығы – Ұлттың денсаулығы» атты бағдарлама негізінде сүт бездерінің ісік ауруларын алдын алу үшін арнайы шаралар іске асырылады. Бағдарламаның мақсаты –тексеру өтетін жерге, дәлірек айтқанда «Спутник» СО кәсіби дәрігерлерден және арнайы жабдықталған автобустан құрылған жолсапар ұйымдастыру арқылы Ауэзов ауданында тұратын әйелдерге скринингтік тексеру өткізу.
Шаралар жайлы толық ақпарат пен есептемелер «Спутник» СО-да ай сайын шығатын басылымда, сонымен бірге www.volunteer.kz сайтында жарияланады.

Қосымша ақпарат алу үшін, келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
Алия Сагингалиева
+7 727 266 39 00
+ 7 705 18 18 395
Антонина Кукаева
+7 727 266 39 00
+ 7 705 600 44 42