Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы екінші компьютерлік классты ашады

9 қазан 2009 ж. сағат 10.00 «Өрлеу» жобасы негізінде «Youth power» атты Жастар орталығының және балалар үйлері мен балаңдық үйлерінің тәрбиеленушілері үшін, дүние мүлкі аз отбасыларынан шыққан балалар үшін компьтерлік класстың тұсаукесері өтеді. Жастар орталығы PSI халықаралық ұйымының жәрдем беруімен «Забота» атты Дағдарыс орталығымен құрылды. Орталықтың негізіндегі компьютерлік класс «Air Astana» компаниясының қолдауымен “Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығымен (Қайырымдылық Seimar Social Fund-тың және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған) ашылды.

«Youth power» атты Жастар орталығының негізіндегі компьтерлік класс “Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығының екінші ашылған классы болып саналады. Бірінші компьтерлік класс Түрксіб ауданында 2009 ж. тамыз айында Ауғанстан соғыс ардагерлерінің Одағымен бірлесіп ашылған болатын. Бүгінгі таңда сол жерде компьтерлік сауаттылық сабақтары ойдағыдай өтіп жатыр, оларды Орталықтың волонтерлары өткізіп жатыр.Сабақтар әр сенбі сайын екі түрлі уақытта өтеді – сағат 10.00 және 15.00. Оларға әрқилы жастардағы оқушылар барып тұрады – 10-нан 16 жасқа дейін.
Жаңа компьютерлік класс «Youth power» атты Жастар орталығымен бірге Алматы қ. Әуезов ауданында пайда болды, оның құрушысы PSI халықаралық ұйымының жәрдем беруімен «Забота» атты Дағдарыс орталығы.
Жастар орталығы осалдық жастар арасында ВИЧ-тің алдын алу үшін «Өрлеу» жобасының негізі ретінде ақпараттық-білім-беруді таңдады және ол балалар үйлерінде, балаңдық үйлерінде тәрбиеленетін, сонымен бірге дүние мүлкі аз отбасыларынан шыққан жасөспірімдерге арналған. Орталықта жастар ВИЧ/ИППП-ның, есірткі қолданудың алдын алумен, репродуктивті денсаулық туралы өзінің білім дәрежесін көтерумен, өзінің коммуникативтік икемділін жақсартумен байланысты мәселелер бойынша тегін кеңес ала алады. Орталықта жастармен дермотовенеролог-дәрігері, психолог, сонымен бірге PSI мамандары жұмыс істейді.
Одан басқа, Орталыққа келіп тұратын жасөспірімдер орталықта ашылған спорттық секцияларға тегін түрде қатыса алады, мысалы, би үйірмесіне, ағылшын және қазақ тіліндеріне, сонымен бірге бір-бірімен араласа алады. Ең белсенді және қызыққан балалар арнайы оқытылады және өзінің құрдастары үшін ақпараттық- білім беру тренингтерді өткізетін, түрлі конференциялар мен дөңгелек столдарға қатысатын волонтер бола алады.
“Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығының және «Air Astana» компаниясының арқасында жасөспірімдерде компьютермен жұмыс істеу икемділігін алу мүмкіндігі, сонымен бірге “Komanda SOS” волонтерлары – тәжірибелі ІТ- мамандарының басшылығымен түрлі бағдарламаларды үйрену мүмкіндігі пайда болды.
Компьютерлік класстың ашылу мақсаты – жасөспірімдерді компьютермен еркін араласуға, Microsoft Office негізгі бағдарламаларын, графикалық редакторларын қолдануға, интернетты игеруге, ІТ-маманы атты кәсіп туралы түсінік алуға үйрету.
Берілген бағдарлама “Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығының және Алматының ең алыс аудандарының бірінде компьютерлік классты жинақтау үшін техниканы тегін түрде берген «Air Astana» компаниясының қызметтестігінің арқасында жүзеге асырылды.
Сіздерді 09.10.09 ж. сағат 10.00 Алматы қ., Мамыр-4 шағын ауданында, 307 үйде өтетін «Youth power» атты Жастар орталығының және “Komanda SOS” компьютерлік классының тұсаукесеріне шақырамыз. Жолдың сызбасы қосылады.
Қосымша ақпарат алу үшін, келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
+ 7 (727) 266 39 00
Алия Сагингалиева
+ 7 705 18 18 395
Антонина Кукаева
+ 7 705 600 44 42
“Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығы
+ 7 777 262 10 14
Мария Чернова
PSI Халықаралық ұйым