Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК КИНО КҮНДЕРІ, Халықаралық Волонтерлар Күніне арналған

29, 30 қарашада және 1 желтоқсанда Халықаралық Еріктілер Күніне арналған «Жақсылық Жаса!» атты Әлеуметтік Кино Күндері өтеді. Әлеуметтік кино күндер негізінде жақсылық, махаббат жайлы және адам өзінің әрекеттерімен тек қана өзінің өмірін ғана емес, сонымен бірге басқа адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгерте алатыны жайлы баяндайтын арт-хаус, интеллектуалды кино мен мелодрамма жанрларында әйгілі фильмдердің көрсетілімі өтеді. Сонымен бірге әлеуметтік кино күндер негізінде “ART4PEACE” қайырымдылық концерттері және жаңадан бастап жүрген фотографтар жұмыстарының көрсетілімі өтеді. Көрсетілімдер CINEMA BAR және BAR CHUKOTKA клубтарында өтеді.

Халықаралық Волонтерлар Күнінің (5 желтоқсан) алдында Алматыда «Жақсылық Жаса» атты Әлеуметтік кино Күндері өтеді. Әлеуметтік кино күндерінің ұйымдастырушылары «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы, Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы.

Үш күн ішінде көрермендерге жақсылық, рақымдылық, өзара көмек, өз-өзінен безу жайлы айтып беретін әлем кинематографының ең жақсы фильмдері көрсетіледі. Осы фильмдердің бас кейіпкерлері – басқаларға жәрдем беретін адамдар мен көмекте мұқтаж адамдар.

«Жақсылық Жаса!» атты әлеуметтік кино күндеріне келесілер қатысады:
Волонтерлық ойға селқос емес әншілер – «Black&White», «D-Family» «Fusion Cafe», «Alatau Jam», «Baccardi» топтары және т.б.;
Әлеуметтік тақырыпта өздерінің ең жақсы жұмыстарын жас фотографтар көрсетеді;

Әлеуметтік кино күнін өткізу мақсаттары қоғамда волонтерлық қызметке деген жағымды пікірді қалыптастыру арқылы негізгі волонтерлық ойларды көпшілікке тарату, осы әлемді басқа көзқараспен көргісі келетіндердің барлығына мүмкіндік беру және өз-өзін іске асыру үшін альтернативті мүмкіндік табу.

Әр ЖАҚСЫ КҮННІҢ бағдарламасы бойынша екі фильм, алматылық фотографтардың ең жақсы жұмыстарының слайд-шоуы және Алматы қ. фишкасы болып табылатын - ART4PEACE концерттері көрсетіледі.

«Жақсылық Жаса!» атты Әлеуметтік Кино Күндерінің жабылуы негізінде “Komanda SOS” Волонтерларды Біріктіру Орталығының (Қайырымдылық Seimar Social Fund-тың және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған) ең жақсы волонтерларын марапаттау рәсімі және Қазақстанда волонтерлық пен еріктілікті дамыту саласында жасаған қызметтері жайлы консолидировты есептеменің тұсаукесері өтеді.

Қайырымдылық кіру жарнасы – 500 тг. (әр күні). Жиналған барлық қаражат екі көз алмасының ісігін (ретинобластома) алып тастау операциясында мұқтаж Данияра Байшибулованың (2007 т.ж.) емделуіне бағытталады. Сіздің көмегіңізбен баланың көруін сақтап қалуға болады!
Билеттерді Cinema Bar және Bar Chukotka кассаларында, сонымен бірге келесі телефон нөмерлеріне қоңырау соғып, сатып алуға болады:
+7 727 266 39 00, +7 705 18 18 395, +7 705 600 44 42, +7 705 888 57 88.
«Жақсылық Жаса!» атты Әлеуметтік Кино Күндері – бұл Komanda SOS Орталығының қайырымды істерінің кезекті нүктесі, сонымен бірге кезекті жыл қызметін қортындылау, өзінің жетістіктері мен тәжірибелерімен бөлісу, көмектескендердің барлығына алғыс айту және өз өмірінің жаңа кезеңін бастау мүмкіндігі.

«Жақсылық Жаса!» атты әлеуметтік кино күндерін өткізу ойы үш негізгі ұғымнан тұрады – бұл Тарих, Жақсылық және Сұлулық.

АҚИҚАТ
«Ақиқат дегеніміз не?» - риторикалық сұрақ, оған көптеген жауап бар. «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы алуан түрлі нұсқалардың ішінен ең қысқасын таңдады: «ақиқат дегеніміз – бұл сен». Әркім өзі үшін ақиқатты анықтайды, бірақ ол әр түрлі. Орталықтың волонтерлары өздерінің ақиқатын анықтайды, жақсылық арқылы өздерінің шығармашылық және интелектуалды әлеуетін іске асырады.
Ақпарат үшін: 2009 ж. қараша айында «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының дерекқорында 230-дан аса адам тіркелді. Олардың ішінде: үй иелері – 5,6%, зейнеткерлер – 0,9%, қызметкерлер – 41,7%, студенттер – 47,2%, оқушылар – 4,6%.

ЖАҚСЫЛЫҚ
Жақсылық пен волонтерлық – бір мағынасы бар екі сөз. Жақсылық – жақынға өтеусіз және пайдакүнемдіксіз көмек көрсетуді ұғынған талап. Жақсылық тек еркін қалаумен іске асырылады.
Ақпарат үшін:
2008 ж. маусымынан 2009 ж. қарашасына дейінгі кезеңде Komanda SOS волонтерларымен 20-дан аса жақсылық/волонтерлық бағдарламалар іске асырылды. Орталық волонтерларының еріктілік қызметімен Komanda SOS жергілікті қоғамдастығына жасаған экономикалық салымы 31 959 349 теңгені құрайды.

СҰЛУЛЫҚ
Сұлулық – бұл шығармашылық, оның кез-келген көрінісінде. Сұлулықты тудыру кезінде біз ақиқатты табамыз және жақсылықты жаратамыз. Сол себепті жақсылық – бұл да шығармашылықтың нәтижесі.
«Жақсылық Жаса!» атты Әлеуметтік Кино Күндері жақсылықтың барлық көріністерін біріктіреді – кино, музыка мен фотоөнер ретінде шығармашылықты, сонымен бірге «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының бағдарламалары мен жақсы істері ретінде волонтерлық қызметті.

ӘЛЕУМЕТТІК КИНО КҮНДЕРІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ:

CINEMA BAR, 29.11.09: 12:00 – 19:00
(Қазыбек би, 20. Кино Баспанасы)

«АЛДЫН АЛА ТӨЛЕ» ФИЛЬМІ
Жақсылық пирамидасы – дәл осы жобаны мектеп мұғалімінің тапсырмасымен кішкентай Тревор Маккини ойлап тапты. Сен үш адамға жақсылық жасайсын. Олардың әрқайсысы басқа үш адамға жақсы іс жасайды. Аналар – тағы үш адамға. Тағысын тағы. Сонымен, аз уақыт ішінде бүкіл Жер шары жақсы істермен көміліп тасталады, өйткені үш прогрессияда - бұл қорқынышты іс!
Слайд-шоу – Қазақстан фотоөнерінің жетекші шеберлерінің фотожұмыстары.
«Жақсылық Жаса!» І бөлімі.
«ӨЗІМНІҢ ІШІНДЕ МЕН БИЛЕЙМІН» ФИЛЬМІ
Майкл 24 жаста, ол өзінің бүкіл өмірін инвалидтерге арналған баспанада өткізді. Бала кезінде церебральды параличпен аурып, осында түсті. Ол клиниканың жаңа емделушісі – бұлшық еттің семуінен инвалидтік бесік-арба тартқызған Рори О’Шимен танысады. Майкл сияқты ол ілгері баса алмайды, бірақ осы жағдай Рориге өздігінше өмірмен рақаттануға кедергі келтірмейді. Оның батылдығы мен тағдыр соққыларына деген бейтараптығы Майкл үшін тамаша үлгі болады.
«D-Family» және «AлатауJam» белгілі алматылық топтардың концерттік бағдарламасы

BAR CHUKOTKA, 30.11.09: 19:00 – 24:00
(28 Панфиловшылар Гвардияшылары атты парк)

«БАРЛЫҒЫ МЕНІҢ АНАМ ЖАЙЛЫ» ФИЛЬМІ
Әйелдердің әнұраны, әйгілі испан режиссеры Педро Альмодовара анасының әнұраны. Мануэльдің жалғыз анасы ұлының өлімін бастан кешіріп, 17 жыл бойы көрмеген баланың әкесін іздеуге барады. Ізденіс кезінде ол түрлі адамдармен танысады және баласының әкесі жайлы көп жаңалық біледі. Басқа адамдардың қиын мәселелерін көріп, әйел өз жанының күйзелісінен шығу жолын табады. Атап айтқанда қиналғандарға деген қамқорлық, оған жеке торығуды жеңіп шығуға көмектеседі.
Слайд-шоу – Қазақстан фотоөнерінің жетекші шеберлерінің фотожұмыстары.
«Жақсылық Жаса!» ІІ бөлімі.
«Fusion Cafe», «Paradox» әйгілі алматылық топтардың концерттік бағдарламасы
«ЕМШІ АДАМС» ФИЛЬМІ
Жақсы адам жайлы жақсы фильм, Адамс кемел жасында өзінде емдеу дарындылығын ашады. Бірақ ол дәрі-дәрмек пен уколдармен емес, күлкімен, жақсы сөзбен және өзінің емделушілеріне деген жандық қатынаспен емдейді. Фильм бір адамның шынайы тарихына негізделеді, ол медициналық орталық ашып, үйде тәжірибе ұйымдастырады және 12 жыл ішінде 15000 адамды тегін түрде емдейді.

BAR CHUKOTKA, 01.12.09:19:00–24:00
(28 Панфиловшылар Гвардияшылары атты парк)

«КӨРІНБЕЙТІН БАЛАЛАР» ФИЛЬМІ
7 әйгілі режиссер, шамадан тыс жүкті басынан кешірген балалар жайлы 7 көңіл жібітетін әңгіме айтып береді. Қорғаныста, қолдауда, қамқорлықта және ықыласта мұқтаж балалар жайлы. Режиссерлары: Эмир Кустурица, Мехди Шариф, Джон Ву, Спайк Ли, Катя Лунд, Стефано Венерузо, Ридли и Джордан Скотт. UNICEF әлемдік жобасы және БҰҰ Халықаралық азық-түлік бағдарламасы (WWF).
Слайд-шоу – Қазақстан фотоөнерінің жетекші шеберлерінің фотожұмыстары.
«Жақсылық Жаса!» ІІІ бөлімі.
ӘЛЕУМЕТТІК КИНО КҮНДЕРІНІҢ ЖАБЫЛУЫ: «Black&White», «Baccardi» топтарының әндерін орындауы.

ЖУРНАЛИСТЕРДІ АККРЕДИТАЦИЯЛАУ:
+77272663900 +77051818395 +77056004442