Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК КИНО КҮНДЕРІ: АҚИҚАТ

<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4 <!-- [if gte mso 9]> <!-- /* Style Definitions */ p.MsoNormal, li.MsoNormal, div.MsoNormal {mso-style-parent:""; margin:0cm; margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:12.0pt; font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-font-family:"Times New Roman";} @page Section1 {size:595.3pt 841.9pt; margin:2.0cm 42.5pt 2.0cm 3.0cm; mso-header-margin:35.4pt; mso-footer-margin:35.4pt; mso-paper-source:0;} div.Section1 {page:Section1;} --> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:10.0pt; font-family:"Times New Roman"; mso-ansi-language:#0400; mso-fareast-language:#0400; mso-bidi-language:#0400;}

«Махаббатты сөзбен емес, жүрегімде лапылдаған махаббатың бүкіл тереңдігін көрсететін, рухты көтеретін ықпалы бар істеріммен, әуестін күшімен, өмірімнің мысалымен уағыздауға рұқсат бер».
Тереза Ананың намазы
«Ақиқат дегеніміз не?» - риторикалық сұрақ, оған көптеген жауап бар. «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы ең қысқасын таңдады: «Ақиқат дегеніміз – бұл сен». Әркім өзі үшін ақиқатты анықтайды, әркім өздігінше кім болуды таңтайды. 2009 жылы қараша айында Орталықтың дерекқорында 265 адам тіркелген, олар өздерін волонтер ретінде анықтайды және қоршаған адамдарға жәрдем ретінде тек уақытын ғана емес, сонымен бірге жандарының бір бөлігін арнайды.
Халықаралық Волонтерлар Күнінің (5 желтоқсан) алдында Алматыда «Жақсылық Жаса» атты Әлеуметтік Кино Күндері өтеді. Әлеуметтік кино күндерінің ұйымдастырушылары «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы, Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы.
Жақсылықтың бірінші күні 29 қарашада «Cinema Bar» клубында өтеді, онда «Алдын ала төле» және «Өзімнің ішімде мен билеймін» атты фильмдер көрсетіледі, жаңадан бастап жүрген фотограф Дарья Скоробогатованың слайд-шоуының көрсетілімі болады, сонымен бірге Aлатау Jam мен D-Family топтары әндерін орындайды.
«Алдын ала төле» (Pay forward) – Мими Ледер режиссерінің әйгілі фильмі, онда Тревер Маккини атты кішкентай бала мектеп мұғалімінің тапсырмасымен біздің әлемді жақсы жаққа өзгертетін ерекше жобаны – жақсылық пирамидасын ойлап табады. Оның сиқырлы күші прогрессиямен негізделеді – егер саған жақсы іс жасаса, онда сен басқа үш адамға жақсы іс жасау керексін. Ал олар тағы үш адамға жақсылық істейді. Тағысын тағы. «Алдын ала төле» жобасының мәңісі, сен жақсылықты күтпей, өзін жақсылық жасауға міндеттісін. Одан басқа жақсылықты жауап ретінде күтпеу керексін, сен жақсылық көрсеткен адамдар саған емес, басқаларға жақсы іс жасау керек, басқаша айтқанда «алға» - басқа адамдарға.
«Алдын ала төле» «Жақсылық Жаса» атты Әлеуметтік Кино Күндерінің бағдарламасында кездейсоқ пайда болған жоқ. Волонтерлардың көбісі «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығына дәл осы көріністі көргеннен кейін келе бастады және өздерінің үлгілерімен жақсылық пирамидасының ойы батырып жіберетіндей емес екендігін дәлелдеуді шешті. Олардың ішінде Түрксіб ауданында дүние-мүлкі аз отбасыларынан шыққан балалар үшін компьютерлік сауаттылық сабақтарын өткізетін Нариман Мукушев. «Бұл саған не үшін керек?» деген сұраққа Нариман біртума жауап берді: «Мен кейде өзім туралы ойлаймын және мен ойлағанымнан әлдеқайда жақсы екендігімді өз-өзіме көрсеткім келеді». Ал кейінірек, оның мысалы басқалар үшін «еліктіргіш»бола алады, ал күш-жігерді біріктіріп және бір бағытта қозғалып, біз өмірді жақсы жаққа өзгерте аламыз деп қосты.
«Өзімнің ішімде мен билеймін»(Inside I’m dancing) – «Өзімнің ішімде мен бірегеймін. Өзімнің ішімде кез келген бөгет кедергі етпейді. Өзімнің ішімде мен аспанға дейін самғай аламын, қайта түсе аламын. Өзімнің ішімде мен өмір сүремін, мен билеймін». Дэмиен О’Доннелл ирланд режиссерінің мүгедектер үйінің қарапайым емделушілері жайлы әңгіме ешкімді селқос қалдырмайды. Өкінішке орай, тағдыр барлығына бірдей мейірбан болмайды. Кейбір адамдар дені сау болып туылмайды, басқалары қайғылы оқиғаның кесірінен мәңгібақи мүгедек орындығына тартылған болып қалады. Олар қарапайым адамдардан сырттай ажыратылса да, олардың ішкі дүниесі дәл біздікіндей. Олар да жұмысты, жанұяны, балаларды тілейді.Олар да осы өмірді сүйгісі келеді. Олардың да билегісі келеді.
Осы адамдар біздің жанымызда өмір сүреді, оларға тек қана кішене ықылас пен жақсылық қажет. «Komanda SOS» Біріктіру орталығының волонтеры Евгения Глывина әр апта сайын ҚазҰЗИ-нің онкология мен радиология балалар бөлімшесіне барып тұрады. Әр апта сайын ол ауыр онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға аурухана бөлмесінің ақ тамдарын ажыратуға және өмірді кемпірқосақтың барлық түстерімен бояп тастауға көмектеседі. Женяның арт-терапия сабақтарын жүргізуіне жарты жылдай болды. Оның міндеті – кішкентай емделушілерге салауатты өмір сүру үшін күресуде көмектесу. Өйткені дәрі-дәрмектер, терапия курстары мен операция әрдайым шешуші рөл атқармайды. Кейде ең маңыздысы қарапайым ықылас, қарым-қатынас, қатысу мен ғажайып болады. Бұл жоба текке емес «Өмір ғажайыпқа толы» деп аталады.
Дарья Скоробогатова фотографының слайд-шоуы. Даша - «Komanda SOS» Біріктіру орталығының волонтеры. Ол түрлі шараларды ұйымдастыруға көмектеседі, бірақ ең бастысы ол үміт беретін фотограф және қазір оның дарындылығынсыз және фотокамерасыз еріктілік орталығының бірде бір шарасы тынбайды. Өзінің әлеуметтік слайд-шоуының тақырыбы ретінде Дарья жасөспірімдердің араққорлық пен нашақорлық мәселелерін таңдады. Суретке түсіру өнерінің арқасында осы мәселелер мен көмекте мұқтаж адамдар жайлы «айғайлап жібергісі» келеді.
«Алатау JAM» тобының әндерін орындауы. «Біздің әндеріміз – бұл түрлі музыкалық стильдер мен бағыттардағы рэггейден панкқа дейінгі көңілді микс. Біз халайықты қолтума философиясымен «артып тартуды» талап етпейміз. Біз сіздерге осы ғаламшарда мекендегеннен позитивті, қуанышты және рақаттанушылықты жеткізгіміз келеді.
«D-family» әндерін орындауы. Бұл ниеттестер, музыканттар, ди-джейлер командасының жобасы. Олар acid jazz, disco, neo soul, funk & jazzy hip-hop стильдердің музыкалық коктейлін орындайтын тәуелсіз саундтың өкілдері болып табылады, бірақ олар өздерін белгілі бір стильмен шектейді және тек қана өздерінің авторлық өлеңдерін орындайды.
Әлеуметтік кино күндерінен жиналған барлық қаражаттар Данияр Байшибуловтың (2007 ж.т.) емделуіне бағытталады, оған екі көз алмасының ісігін (ретинобластома) кетіру операциясы қажет. Сіздің көмегіңізбен баланың көруін сақтап қалуға болады!
Бізді қолдағандар: «Neolabs Web Solutions» компаниясы, «Sapiens» жарнама агенттігі, «КазИнформ» ақпараттық агенттігі, «Time Out», «Транзит» журналдары, «Afftor.kz», «Центр Тяжести» интернет-порталдары, «Energy FM» радиостанциясы.
Қосымша ақпараттардыалу үшін келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
+7 7272663900, +7 7051818395–Алия Сагингалиева, +7 7056004442–Антонина Кукаева
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->