Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК КИНО КҮНДЕРІ: ЖАҚСЫЛЫҚ

Жақсылық пен волонтерлық – бір мағынасы бар екі сөз. Жақсылық – бұл жақынға риясыз көмек көрсету талабы. Өйткені жақсылық тек еркін қалаумен іске асырылады. 2008 ж. маусымынан 2009 ж. қарашасына дейінгі кезеңде «Komanda SOS» Біріктіру орталығының волонтерларымен 20-дан аса жақсылық/волонтерлық бағдарлама іске асырылды. Komanda SOS жергілікті қоғамдастығына Орталық волонтерларының еріктілік қызметімен жасалған экономикалық салымы 31 959 349 теңгені құрайды.
Халықаралық Волонтерлар Күнінің (5 желтоқсан) алдында Алматыда «Жақсылық Жаса» атты Әлеуметтік Кино Күндері өтеді. Әлеуметтік кино күндерінің ұйымдастырушылары «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы, Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы.
Жақсылықтың екінші күні 30 қарашада Chukotka барында өтеді, онда «Барлығы менің анам жайлы» және «Емші Адамс» фильмдері көрсетіледі, алматылық фотографтардың ынталы тобының слайд-шоуы көрсетіледі, сонымен бірге қаланың әйгілі тобы «Fusion Cafe» және «Paradox» арт-ұжымы әндерін орындайды.
«Барлығы менің анам жайлы» (Todo sobre mi madre) - әйелге арналған әнұран, әйгілі испан режиссеры Педро Альмодовара анасының әнұраны. Бүкіл әлемнің кинофестивальдарда көптеген беделді сыйлықтардың, сонымен бірге 1999 ж. ең жақсы шетел фильмі номинацияда «Оскар» сыйлығынның иегері болған тамаша фильм. Мануэльдің жалғыз анасы ұлының өлімін бастан кешіріп, 17 жыл бойы көрмеген баланың әкесін іздеуге барады. Ізденіс кезінде ол түрлі адамдармен танысады және баласының әкесі жайлы көп жаңалық біледі. Басқа адамдардың қиын мәселелерін көріп, әйел өз жанының күйзелісінен шығу жолын табады. Атап айтқанда қиналғандарға деген қамқорлық, оған жеке торығуды жеңіп шығуға көмектеседі. Рөлдерді ойнағандар: Сесилия Рот, Мариса Передес, Пенелопа Крус. Фильм – «Оскар», «Золотой глобус», «Сезар» және Кандық кинофестивалінің сый иегері.
«Komanda SOS» Біріктіру орталықтың волонтерларының көбісі өздерінің дамуы үшін жақсылықты жасауға келеді. Жазира Карабалаева №2 балалар үйінде ағылшын тілін оқытады, сонымен бірге «Әлем тілдері – Балаларға» атты бағдарлама негізінде волонтер-ұстаздар үшін курстарды жүргізеді. «Мен өзімнің волонтерлық қызметімнен көп нәрсе аламын, деп сенімділікпен айта аламын. Маған оқытқан ұнайды, бұл өте қызықтырғыш, өйткені оқыту кезінде оқушыларды ғана емес, сонымен бірге өзінді басқа жағынан біле бастайсын, өзінді бағалауға және жақсартуға тырысасын. Оқыту үдерісі мен үшін уәждік фактор болып табылады, басқаша айтқанда оқыту арқылы өзіннің шығармашалық қабілеттілігінді іске асыруға болады. Жалпы менің ойымша, волонтерлық қызмет креативті адамдарға арналған, басқаша айтқанда жасағысы, шабыттандырғысы, білгісі, оқытқысы келетіндерге арналған», - деді Жазира.
«Емші Адамс» (Patch Adams) - жақсы адам жайлы жақсы фильм, ол кемел жасында өзінде емдеу дарындылығын ашады. Бірақ ол дәрі-дәрмекпен, уколдармен емес, күлкімен, жақсы сөзбен және өзінің емделушілеріне деген жылы қатынаспен емдейді. Фильм бір адамның шынайы тарихына негізделеді, ол медициналық орталық ашып, үйде тәжірибе ұйымдастырады және 12 жыл ішінде 15000 адамды тегін түрде емдеп жібереді. Режиссеры: Том Шедьяк. Рөлдерді ойнағандар: Робин Уильямс, Боб Гантон, Дэниэл Лондон. Фильм – 1999 ж. «Оскар» және «Золотой глобус» сыйлықтарының иегері.
Жақсы сөз, құшақ жайған қарым-қатынас аурулардан ғана емес, сонымен бірге қайғыдан, уайымданудан, жаман көңіл-күйден емдей алады. «Komanda SOS» волонтеры Лариса Бағанашыл балалар үйінің тәрбиеленушілерімен екі жылдай суретпен айналысады. Оның сабақтары мен селқос емес қарым-қатынасы балаларға осы дүниені басқаша көруге көмектеседі. «Менің көзқарасым бойынша, волонтерлық – бұл жай қоғамдық қызмет емес. Бұл өмір сүру стилі, өмір салты, қоршаған әлемді қабылдау. Әр адамда осындай қызметке өзін арнау мұқтаждығы пайда болмайды. Және де мұқтаждарға жәрдем беру қажет екен деп, осымен айналысу орынсыз. Бұл жүрек үндеуі мен ұғынған талап болу керек. Тек сонда, балалар үйіне сапар, балаларға және саған қуаныш сыйлайды».
Алматылық фотографтардың ынталы тобының слайд-шоуы біздің өміріміздегі жақсылық, сұлулық және сәйкестік жайлы. Өмірге деген көзқарасты түбегейлі өзгерту үшін қолымызға фотокамераны алу жеткілікті.
«Fusion Cafe» тобының әндерін орындауы. Fusion Cafe – жас, бірақ әйгілі және серпінді түрде дамып келе жатқан топ. Топтың негізгі құрамына Леша Кушнарев (вокал, саксофон, клавиштік аспаптар), Михаил Ниценко (бас гитара),Эльдар Сериков (дағара және бэк вокал) кіреді. Fusion – бұл келістілік бірігу. Fusion Cafe музыкалық бэнды түрлі стильдар мен бағыттардың келістілік бірігуін жаратады.

«Paradox» арт-ұжымының әндерін орындауы. Осы алматылық әйгілі топ көп жыл бойы өздерінің авторлық шығармашылығымен табынушыларын қуантып жүр. Топ аспаптарының құрамына скрипка, құбыр, гитара, шығыс дабылдары, табла және түрлі перкуссия, сонымен бірге флейта, еріндік сырнай кіреді. Шығармашылық іздену ырғақпен, дыбыспен түрлі тәжірибе жасау арқылы, сонымен бірге бидің және басқа көркемділікті білдірудің қолдауымен өтеді.

Әлеуметтік кино күндерінен жиналған барлық қаражаттар Данияр Байшибуловтың (2007 ж.т.) емделуіне бағытталады, оған екі көз алмасына (ретинобластома) өте қымбат ем қажет. Бүгінгі күні баланың отбасына 15 000$ жетіспейді. Сіздің көмегіңізбен баланың көруін сақтап қалуға болады!
Бізді қолдағандар: «Neolabs Web Solutions» компаниясы, «Sapiens» жарнама агенттігі, «КазИнформ» ақпараттық агенттігі, «Time Out», «Транзит» журналдары, «Afftor.kz», «Центр Тяжести» интернет-порталдары, «Energy FM» радиостанциясы.

Қосымша ақпараттардыалу үшін келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
+77272663900, +77051818395–Алия Сагингалиева, +77056004442–Антонина Кукаева