Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК КИНО КҮНДЕРІ: СҰЛУЛЫҚ

«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!» АТТЫ ӘЛЕУМЕТТІК КИНО КҮНДЕРІ: СҰЛУЛЫҚ
«Өмір – дегеніміз сұлулық, онымен таңқал.
Анасының батасы

Сұлулық – дегеніміз шығармашылық, оның кез-келген көрінісінде. Сұлулықты тудыру кезінде біз ақиқатты табамыз және жақсылықты жаратамыз. Сол себепті жақсылық – бұл да шығармашылықтың нәтижесі. «Жақсылық Жаса!» атты Әлеуметтік Кино Күндері жақсылықтың барлық көріністерін біріктіреді – кино, музыка мен фотоөнер ретінде шығармашылықты, сонымен бірге «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының бағдарламалары мен жақсы істері ретінде волонтерлық қызметті.
Халықаралық Волонтерлар Күнінің (5 желтоқсан) алдында Алматыда «Жақсылық Жаса» атты Әлеуметтік Кино Күндері өтеді. Әлеуметтік кино күндерінің ұйымдастырушылары «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы, Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы.
Үшінші, қорытынды, жақсылық күні 1 желтоқсанда Chukotka барында өтеді, онда «Көрінбейтін балалар» атты фильм көрсетіледі, «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығының слайд-шоуының көрсетілімі өтеді, сонымен бірге «Bacardi Live Band» және «Black and White» әйгілі топтары әндерін орындайды.
«Көрінбейтін балалар» - 7 әйгілі режиссердің фильмі, олар шамадан тыс жүкті басынан кешірген балалар жайлы 7 көңіл жібітетін әңгіме айтып береді. Қорғаныста, қолдауда, қамқорлықта және ықыласта мұқтаж балалар жайлы. Біздің арамызда өмір сүретін балалар жайлы. Режиссерлары: Эмир Кустурица, Мехди Шариф, Джон Ву, Спайк Ли, Катя Лунд, Стефано Венерузо, Ридли и Джордан Скотт.
Берілген фильм UNICEF Әлемдік жобасы және БҰҰ Халықаралық азық-түлік бағдарламасы (WWF) болып табылады.
«Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығының қызметі жайлы слайд-шоу.
«Black and White» тобының әндерін орындауы. Бұл барлық замандар мен халықтардың ең жақсы және сүйікті хиттерін орындайтын дарынды, көркемөнерлі, позитивті, болашағы бар, жайдарлы және жақсы даралықтардан құрылған қоғамдастық.
«Bacardi Live Band» тобының әндерін орындауы. Бұл әйгілі ұжым, оның жеке орындаушылары «Superstar.kz» жобасының финалистері Евгений Гартунг пен Анастасия Усова болып табылады. Топ 70-80-90 жылдарда әйгілі болған шетелдік және ресейлік өлеңдерді орындайды. Барлығы бейнелі құрал-саймандар үнінің қосылуымен, аперитив үшін бағдарламамен және би топтамасымен өтеді.
Әлеуметтік кино күндерінен жиналған барлық қаражаттар Данияр Байшибуловтың (2007 ж.т.) емделуіне бағытталады, оған екі көз алмасына (ретинобластома) өте қымбат ем қажет. Бүгінгі күні баланың отбасына 15 000$ жетіспейді. Сіздің көмегіңізбен баланың көруін сақтап қалуға болады!
Бізді қолдағандар: «Neolabs Web Solutions» компаниясы, «Sapiens» жарнама агенттігі, «КазИнформ» ақпараттық агенттігі, «Time Out», «Транзит» журналдары, «Afftor.kz», «Центр Тяжести» интернет-порталдары, «Energy FM» радиостанциясы.

Қосымша ақпараттардыалу үшін келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
+7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95 – Алия Сагингалиева, +7 705 600 44 42 – Антонина Кукаева