Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Кеше, 6 желтоқсанда 2009 ж.

Кеше, 6 желтоқсанда 2009 ж. ЖИТС-пен Әлемдік Күресу Күніне және Халықаралық Волонтерлар Күніне арналған «Мен ВИЧ-тан қалай сақтану керек екендігін білемін, ал сен?» атты Жастар марафонының жабылу салтанаты өтті. «Шеврон» компаниясының бағалы сыйлықтарымен салауатты өмір салтын қалыптастыруға және ВИЧ-тің алдын алуға бағытталған әлеуметтік жобаларға белсенді қатысқан оқушылар, студенттер, колледж шәкірттері, волонтерлар мен басқалар марапатталды.

Жастар марафоны «ӨРЛЕУ» әлеуметтік жоба негізінде, «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен PSI Халықаралық ұйымымен ұйымдастырылды. Марафонды өткізуге қолдау көрсеткендер: ВИЧ (ЛЖВ) өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Қауымдастығы, UNAIDS, UNESCO, UNDP, Шығыс-Батыс ЖИТС Қоры, Қазақстан КВН Жоғарғы Одағы.
«Мен ВИЧ-тан қалай сақтану керек екендігін білемін, ал сен?» атты Жастар Марафоны 1 ай бойы өтті. Осы уақыт ішінде Алматы қаласының оқушылары ВИЧ-тің алдын алу тақырыбына ең жақсы театрлық көрсетілім жарысына қатысты, жоо мен колледждердің шәкірттері ең әлеуметті-белсенді студент атағына жарысты, шығармашылық мамандықтардың студенттері салауатты өмір салты туралы көрсетілімдерді ойлап шығарды. Сонымен бірге Жастар марафоны негізінде салауатты өмір салты мен еріктілік қызмет мәселелерін жарыққа шығарған журналистер арасында және республиканың волонтерлық командалары арасында жарыс өтті. Жеңіскерлерді түрлі үкіметаралық емес ұйымдардың өкілдерінен құрылған білікті төрешілер таңдады.
«Мен ВИЧ-тан қалай сақтану керек екендігін білемін, ал сен?» атты Жастар марафонының жабылу салтанатында «Шеврон» компаниясымен және Шығыс-Батыс ЖИТС Қорымен берілген құрметті грамоталар мен бағалы сыйлар келесілерге марапатталды:
«ЖОО-нің ең жақсы студенті» номинацияда: Илья Золин («Туран» университеті), Саджид Чаухан (Қазақ Ұлттық Медециналық Университеті), Диана Турлыбаева (Сатпаев атындағы ҚазҰТУ), Екатерина Зимина (Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ).
«ССУЗ-дің ең жақсы студенті» номинацияда: Асқанбаев Дархан (№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтық колледжі), Боранбаев Ерлік (№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтық колледжі), Чепуренко Алина (Алматылық мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі).
«Ең жақсы волонтерлық команда» номинацияда: «Забота» Дағдарыс Орталығы – Youth Power Жастар Орталығы, «ӨРЛЕУ» жобасының Аутрич командасы, «Үміт» атты Керең мүгедектерді қолдау орталығы, «Центр гражданской инициативы» АҚ, «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығы.
«Ең жақсы журналист» номинацияда: Аладьина Татьяна («Экспресс-К» газеті), Светлана Шестернева («Панорама» газеті), Екатерина Ионова («Казинформ» ақпараттық агенттігі).
«Ең жақсы әлеуметтік видеотүсірілім» номинацияда: Елена Рыжая («Үміт» атты Керең мүгедектерді қолдау орталығы), Уразбаева Шарипа (Жургенев атындағы КазҰАИ).
«Ең жақсы әлеуметтік сурет» номинацияда: Садыкова Баян («Жанұя» балалар үйі), Тургынбаева Гульмарал (Т. Жургенев атындағы КазҰАИ-дағы интернат-мектебі), ГД 07-02 тобы (КазГАСА), Алексеева Алина (есту қабілеті бұзылған балалар үшін №5 арнайы интернат-мектебі), Свинцов Сергей («Жанұя» балалар үйі), Толкачев Паша («Жанұя» балалар үйі).

Жастар марафонының ұйымдастырушылары шара жүргізушісі Александр Шмыгалевқа , Бейіт Қорған мен Талғат Жорабаев әртістеріне, сонымен бірге Қазақстан КВН Жоғарғы одақ командасына марафонға тегін түрде қатысқандары үшін алғысын білдіреді.

Ақпарат үшін:
ВИЧ/ЖИТС қиналып жатқан адамдарға жәрдем беру және аурудың алдын алу мәселелерін шешу «Шеврон» компаниясының әлеуметтік бағдарламаларының негізгі бөлігі болып табылады. 2009 ж. сәуір айында «Шеврон» компаниясы мен БҰҰ Балалар Қоры (UNICEF), ЖИТС және ЛЖВ РО келесі жобаны жіберді: «Қазақстандағы ВИЧ-пен ауратын балалар мен жасөспірімдерде антиретровирустық жол ұстауды қалыптастыру». Жоба негізінде Қазақстанда ВИЧ-пен өмір сүретін балалар үшін ақпараттық пакет жетілдірілді және шығарылымға дайындалып жатыр, оған «История феи Витаминки» кітабы, «Мой друг календарь» күнтізбегі, қалам және мультипликациялық фильм кіреді.

PSI дүние-мүлкі аз халық арасында өмірге маңызды денсаулықсақтау өнімінің маркетингі бойынша әлеуметтік мәселелерінің басты халықаралық ұйымы болып табылады, қоғамдық денсаулықсақтау бағдарламалары бойынша жер шарының 60-тан аса елінде жұмыс істейді.

Қосымша ақпарат алу үшін, жолығыңыз: ықшам ауданы Самал -1, 77-а, Мария Чернева, электрондық пошта: maria@psi.kz, тел. 2631136