Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Тілектер шыршасы»: арман орындалу керек!

«Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund-тың және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы) және «Спутник» сауда-көңіл көтеру орталығы «Тілектер шыршасы» атты жаңа жылдық қайырымдылық бағдарламаны жібереді. Желтоқсан айының 15-нен 24-не дейін кез келген алматылық сиқыршы бола алады және Алматы қ. №2 балалар үйі тәрбиеленушісінің арманын орындай алады.
Желтоқсан айының 15-нен 24-не дейін «Спутник» сауда-көңіл көтеру орталығында(Момышұлы көш., Мамыр – 1, үй 8А) «Тілектер шыршасы» орнатылады. Жаңа жылдық ойыншықтардың орнына осы әдеттен тыс шырша Алматы қ. №2 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің суреттерімен әрлендіріледі. Осы суреттерде олардың мыңдаған құрдастары сияқты Жаңа жылға көптен күткен сыйлық алғысы келетін қарапайым ұлдар мен қыздар. Олардың ата-аналары жоқ, бірақ олар бәрібір ғажайыпқа және адамдардың мейірімділігіне сенеді. «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығы мен «Спутник» СККО арқасында әр адам өзін Аяз-ата немесе мейірімді сиқыршы ретінде сезіне алады және жетімге жаңа жылдық ертегі сыйлай алады.
Осыны орындау өте жеңіл: «Спутник» СККО келіп, шыршадан баланың кез келген суретін алып, оған сурет айналымында көрсетілген сыйлықты сатып алу. Сізге «Спутник» СККО ресепшнның қызметкерлері көмектеседі және сыйлықты балалар үйіне беру үшін қабылдайды.
Берілген жоба 2009 ж. қараша айында қол қойған қызметтестік туралы Меморандум негізінде, «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығымен бірлесіп өткізіледі. Мереке жайлы есептеме www.volunteer.kz сайтында және «Спутник» СККО-ның ай сайын шығатын бірлескен басылымында жарияланады.
Сонымен бірге Жаңа Жыл алдында «Спутник» СККО-да «Қайырымды істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай көмек көрсету» бағдарламасы негізінде ерікті қайырмалдықты жинау үшін тағы бір бокс орнатылады. Ол Kinopark кинотеатрында орналастырылады. 2009 ж. желтоқсан бойы осы бокста жиналатын қаражаттар Данияр Байшибуловтың (2007 т.ж.) емделуіне бағытталады. Бала ретинобластомадан – екі көз алмасының ісігінен қиналып жүр. Селқос емес адамдардың күш-жігерлігінің арқасында, сонымен бірге «Спутник» СККО-ның келіп кетушілерінің арқасында Даниярдың емделуіне айбатты сома жиналды. Бала отбасына операциядан кейінгі тағы екі терапия курсын өту үшін 11 000 АҚШ долларды жинау қалды.