Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«KOMANDA SOS» ВОЛОНТЕРЛАРЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МҮГЕДЕК- ӘЙЕЛДЕРІНЕ КӨМЕК КӨРСЕТІП ЖАТЫР

«Шырақ» Мүгедек-әйелдер қауымдастығы 7 жылдан аса уақыт бойы жұмыс істеп жүр. Ол Алматы қ. 250-дей мүгедек әйелдер мен қыздарын, сонымен бірге Қазақстан аумақтарының және Орта Азия елдерінің 20-дан аса ынталы топтары мен ұйымдарын біріктіреді. Ұйымның міндеті: мүмкіндіктері шектелген әйелдердің құқықтарын қорғау және мүдделерін алға бастыру, тең мүмкіндіктері бар қоғам құруға итермелеу. Қоғамдастықтың сансыз жобалары ішінде: «Мүмкіндіктері шектелген қыздар мен әйелдерге білім беру және жұмысқа орналастыру мәселелері» конференциясы, «Шығармашылық арқылы – интеграцияға!» атты жас мүгедектерге арналған шығармашылық жарыс, «Мемлекеттің әлеуметтік бағдарламалар бюджетінде мүгедек әйелдер мүдделерін есепке алу» көпсатылы бағдарлама және тағы басқалар.
«Шырақ» Мүгедек-әйелдер қауымдастығы мен «Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығының қызметтестігі 2010 жылдың басында басталады.
- Жақында біз Жапонияда болдық. Осы елде волонтерлар еңбегі қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Жапондық волонтерлар өте жауапты, тәртіпті, олармен жұмыс істеу жағымды. Осы сапардан кейін бізде қазақстандық еріктілермен жұмыс істеу мақсаты пайда болды, - «Шырақ» Мүгедек-әйелдер қауымдастығын дамыту департаментынан Қассиет Омарова бөліседі.
Орталықтың волонтерлары мүмкіндіктері шектелген әйелдерге ағылшын және қазақ тілі сабақтарын жүргізеді, сонымен бірге Photoshop және Corel Draw графикалық компьютерлік бағдарламаларды оқытады. Осыдан басқа, еріктілерді «Жолды аш!» атты кеңауқымды туристік бағдарламаны құруға және іске асыруға қатыстыру жоспарланып отыр.
Бағдарламаның мақсаты – мүмкіндіктері шектелген туристер үшін Алматыда және оның айнала-төңірегінде қол жетімді туристік бағдар құру. Осының барлығы мүгедек адамдар табиғи әдемілікті, әйгілі мәдени және тарихи назар аударарлық орындарды көре алсын деп, өнер туындыларымен және т.б. сүйсінсін деп жасалды. Сол үшін волонтерлар тобы «Шырақ» Мүгедек-әйелдер қауымдастығымен бірлесіп мүгедек адамдар үшін түрлі туристік орындардың қол жетімділігін бағалауға, сонымен бірге арнайы туристік бағдар құруға міндетті.
Бүгінгі таңда осы жобаны құруға қатысқысы келетін волонтерлардың терімі өтіп жатыр. Артық көру туристік профильді білімі бар және туризм саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдарға, сонымен бірге Алматы қаласының және оның айнала-төңірегінің география мен тарихын жақсы білетін қазақстандықтарға беріледі.
«Шырақ» Мүгедек-әйелдер қауымдастығының және «Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығының бағдарламаларына қытысқысы келетін волонтерлар мен тағы басқалар келесі телефондарға жолыға алады: +7 727 395 30 75(Қассиет Омарова) немесе «Komanda SOS».
Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон номерлеріне жолығыңыз:
+7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95 – Алия Сагингалиева, +7 705 600 44 42 – Антонина Кукаева