Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«АСПАНҒА ЕСТІРТЕ ТАҚЫЛДАТУ» салауатты балалық шақты қолдау үшін қайырымдылық кинокөрсетілім

20 ақпан (сенбі) сағат 10:00-де «Цезарь» кинотеатрында (Фурманов көш.,Гоголь көш. қиылысында) Олег Борецский киноклубының қолдауымен «Аспанға естірте тақылдату» атты мәдени фильмнің көрсетілімі өтеді. Көрсетілімнің мақсаты – Лиза Астапенконың (3 жаста) емделуіне жеке қайырмалдық жинау.
«АСПАНҒА ЕСТІРТЕ ТАҚЫЛДАТУ» - бұл үлкен экрандарда көрсетілетін Томас Янның өмірі, армандары, қауіптері және өлімі жайлы әйгілі киноәңгіменің жай көрсетілімі емес. Бұл арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық шара, оның мақсаты 3 жасар Лиза Астапенконың күрделі ауруын емдеу үшін қаражаттарды тартуда қорытылады.
Лизаның диагнозы – ДЦП-ның аралас түрі және гипертензиондық синдром, бірақ қорқынышты атауына қарамастан, бұл ауру емделуге көнеді және қызды қалыпты дені сау өмірге қайтаруға болады. Лизаның отбасы Қапшағай қ. тұрады және емделуге қажетті ақшалай қаражаттары жоқ. Бүгінгі күні «Бинтуань» Қытай ауруханасында емделу курсын және операцияны өткізу үшін, Лизаға 5 000 у.е. (шамалап алғанда 750 000 теңге) қажет. Лизаның ата-аналары сіздердің көмектеріңізге үміттенеді!

Кинокөрсетілімнің ұйымдастырушылары ретінде Олег Борецскийдің «Киноклубы», «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы), «Afftor.kz» интернет-порталы және «Цезарь» кинотеатры шықты. Қайырымдылық кіру жарнасы 500 теңгені құрайды. Барлық қаражаттар Лиза Астапенконың емделуіне бағытталады.
Қайырымдылық кино – бұл Алматыда жақында пайда болған қайырымдылықтың біршама жаңа пішіні. Ол тұнғыш рет «Жақсылық Жаса!» атты әлеуметтік кино күндері (өткен жылдың желтоқсан айында «Cinema Bar» клубында және «Chukotka» барында өткен) негізінде іске асырылды. Осындай кинокөрсетілімдердің арқасында жедел емделуде мұқтаж балалар үшін жеке қайырмал ғана жиналмайды, сонымен бірге жақсылық, аяныш, өзара көмек, дүниенің қызығынан бас тарту жайлы баяндайтын әлем кинематографының ең жақсы фильмдері көрсетіледі. Осы фильмдердің бас кейіпкерлері – басқаларға жәрдем беретін адамдар және көмекте мұқтаж адамдар болып табылады.
Қайырымдылық кинокөрсетілімдерді өткізу мақсаты жақсылықтың негізгі ойын, сонымен бірге адамдардың нағыз құндылықтарын көпшілікке таратуда негізделеді. Осы фильмдер барлық қалағандарға осы әлемді басқа көзқараспен көруге және өзінің қасиеттерін іске асыруда өзі үшін баламалы мүмкіншіліктерді табуға мүмкіндік береді.
«Аспанға естірте тақылдату» фильмі – бұл сентименталдық трагикомедия, онда теңізді көру - өмірдегі соңғы мақсатына жетуге өте аз уақыт қалған екі кейіпкердің тағдыры жайлы баяндалады. Фильмнің кейіпкерлері – екі жас жігіт, Мартин Брест (Тиль Швайгер) және Руди Вурлитцер (Ян Йозеф Лиферс), олар жазылмайтын аурумен ауратынын біліп қояды. Фильмнің қарқынды сюжеті мен бас айландырғыш оқиғалары олардың ауруханадан қашып кету сәтінен басталады.
Небәрі 87 минут ішінде (осы көрініс дәл осы уақытқа созылады) әр көрермен әр кейіпкердің тағдырын байқамай өлшейді және ақиқат пен мәңгілік жайлы ойлана бастайды.
АҚПАРАТТАУ ҮШІН:
Лиза Астапова дені сау бала болып туылды, бірақ 1,5 жасында оның ата-аналары қыздың әрекетсіздігін, қозғалуды, еңбектеуді, секіруді қойғанын байқай бастады. Лиза бірнеше емделу курсын өтті, екі рет Липецкідегі ДЦП-мен ауратын балаларды емдеу-сауықтандыру ауруханасында ем алды, бірақ жағдайы жақсармады.
Соңғы 3 ай Лизаның жағдайы нашарлап келе жатыр, бала тамақтанбайды және тұрмайды. Лизаның анасы қайта дәрігерлерге жолықты, оған дәрігерлер: «Қыз ақырындап өліп бара жатыр, оның миы «еріп» бара жатыр»,- деп айтты. Жергілікті дәрігерлер нақты диагнозды анықтай алмады, бірақ қызға 2 айға жетер-жетпес уақыт қалды, - деп айтты.
Лиза анасының хатынан: «... үмітімді жоғалтпай, қызымның барлық құжаттарын Қытайдағы СУАР «Бинтуань» басты ауруханасына жібердім. Маған қызымның жазылып кетуіне үміт бар деген, емделуге,операцияға ресми-шақыру-хат келді. Бұл біздің соңғы үмітіміз және менің баламды құтқарып қалуға жалғыз мүмкіндік.

Сұрақтарыңыз болса, төменде көрсетілген нөмерлерге хабарласыңыз:
www.volunteer.kz, www.komandasos.kz, www.komandasos@gmail.com,
+7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95 – Алия, +7 705 600 44 42 – Антонина