Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«ЖҮРЕКТЕРГЕ ЕСТІРТЕ ТАҚЫЛДАТУ» Лиза Астапованы қолдайтын қайырымдылық кинокөрсетілім 258 800 теңгені жинады

Алғысымызды Олег Борецкийдің киноклубына (39 000 тг. жинады), Н.Ә.Назарбаевтің Білім беру Қорының Халықаралық Мектебіне (25 000 теңге), Алексей мен Евгенийға (10 000 теңге), Замираға (7 000 теңге) және т.б. білдіреміз» - деп «Komanda SOS» волонтерлары айтты.
Сонымен бірге Лизаға көмек ретінде «Pacha Rooms» клубында 15 000 теңге көлемінде ерікті қайырмал жиналды. Сонымен, ортақ сомасы 273 800 теңгені құрайтын қайырмал Лизаның емделуіне бөлінеді.
«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы) Олег Борецкийге, «Caesar» кинотеатрына, «Neolab’s Web Solutions» студиясына және «Sapiens» жарнама агенттігіне, «PR-management» компаниясына, сонымен бірге ақпараттық серіктестеріне – «Afftor.kz» порталы мен жекеше Ксения Воронинаға, «Центр Тяжести» конференциясына, «Панорама» газетіне, және жекеше Светлана Шестерневаға алғысын білдіреді.
Ұйымдастырушылардың кейінгі жоспары – әр ай сайын арт-хаустық мәдени киноның қайырымдылық көрсетілімін өткізу, олар ДЦП-дан қиналып жатқан көптеген балаларға емделу курстарын өтуге мүмкіндік береді.
Ақпараттау үшін:
Қайырымдылық кино – бұл Алматыда жақында пайда болған қайырымдылықтың біршама жаңа пішіні. Ол тұнғыш рет «Жақсылық Жаса!» атты әлеуметтік кино күндері негізінде іске асырылды.
Осындай кинокөрсетілімдердің арқасында жедел емделуде мұқтаж балалар үшін жеке қайырмал ғана жиналмайды, сонымен бірге жақсылық, аяныш, өзара көмек, дүниенің қызығынан бас тарту жайлы баяндайтын әлем кинематографының ең жақсы фильмдері көрсетіледі.
Қайырымдылық кинокөрсетілімдерді өткізу мақсаты жақсылықтың негізгі ойын, сонымен бірге адамдардың нағыз құндылықтарын көпшілікке таратуда негізделеді. Осы фильмдер барлық қалағандарға осы әлемді басқа көзқараспен көруге және өзінің қасиеттерін іске асыруда өзі үшін баламалы мүмкіншіліктерді табуға мүмкіндік береді.
Барлық сұрақтар бойынша, төменде көрсетілген координаттарға хабарласыңыз:
www.volunteer.kz , www.komandasos.kz , komandasos@gmail.com ,
+7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95 – Алия, +7 705 600 44 42 – Антонина