Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«АРМАН ЖАЙЛЫ РЕКВИЕМ» салауатты балалық шақты қолдайтын қайырымдылық кинокөрсетілім

27 наурызда (сенбі) сағат 10:00-да «Цезарь» кинотеатрында (Фурманов көш., Гоголь көш. қиылысында) Олег Борецкий киноклубының қолдауымен кезекті қайырымдылық кинокөрсетілім өтеді. Осы айдың фильмі – Дарен Аронофскийдің «Арман жайлы реквием» атты криминалдық драмасы. Көрсетілім мақсаты – Медина Шекееваның (3жаста) емделуіне жеке қайырмалдық жинау.
«АРМАН ЖАЙЛЫ РЕКВИЕМ» - бұл арт-хаус стиліндегі өте әйгілі фильм, ол өткір әлеуметтік тақырыбын және киноөнердің күшін бойына сыйғызады. Фильм Хьюберт Селбидің бір аттас романы бойынша түсірілген, ол американ әдебиетінің осы заманғы классикасы болып табылады. Фильмге Эллен Берстин, Джаред Лето, Дженнифер Коннелли және Марлон Уайанс сияқты актерлар түсті.
«Арман жайлы реквием» - нашақорлық мәселесі жөніндегі ең жақсы фильмдердің бірі. Оның үстіне, бұл өнеге көрсетерлік фильм-құрал емес, өзінің тәуелділігін түрліше бастан кешірген төрт адам өмірлерінен кішкентай ғана үзінділер жайлы шыншыл оқиғалар.
Бұл өте қатаң және өте адал түрде жасалған озат фильм. Оның негізінде қарапайым өмірлік жағдай: өмірлерін, армандарын қор қылған, өйткені олар енді ешқашан орындалмайды.
Осы көтеріңкі фильм өзінің өткірлігімен, ақиқаттылығымен және айласыздығымен таң қалдырады, ол тек «ұлы елес» шығармашылығы болып табылмайды, сонымен бірге өте әділетті, әсемдіксіз, осы заман қоғамының әлеуметтік мәселелерін қозғайтын фильм.
Ал енді, Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы) мен Олег Борецкий «Киноклубының» арқасында осы фильм кішкентай бір өмірді сақтап қалуға себеп болады.
Кинокөрсетілімнің мақсаты – Мединаның емделуіне жеке қайырмалдық жинау. Тоғыз айында балаға қорқынышты диагноз қойды – БЦП(Балалық цебральді паралич). Өзінің 3 жасында бала қолыменен жұмыс істей алмайды, ойыншықтарды ұстай алмайды, отыра алмайды, сөйлей алмайды, бірақ ол өмірдің құндылығы мен әдемілігін қатты сезгісі келеді. Мединаның ата-аналары қызының денсаулығы үшін белсенді түрде күресіп жатыр. Ол Қытайдың Урумчи қаласындағы №474 СУАР әскери ауруханасының бас миын балшықпен емдеу балалар орталығында 2 рет ем алды. Мединаның келесі емделу курсы сәуірде өту керек, бірақ оны төлеуге ата-аналарында қаражат жоқ. Үш айға созылатын емделу курсына 6000 АҚШ доллардай қажет. – «Менің қызыма көмектесіңдер!Өз баласының сау денін көруге үміті жүрегінде жанған анаға көмектесіңдер!Менің балапанымды осы қорқынышты аурудан емдеуді жалғастыру үшін сіздерден көмек сұраймын!» - мамасы Улжан.

Шараны қолдағандар: «Afftor.kz» интернет-порталы, «Центр Тяжести» конференциясы, «Панорама» газеті, «Казинформ» ақпараттық агенттігі, «Caesar» кинотеатры, «Neolab’s Web Solutions» компаниясы.

Қайырымдылық кіру жарнасы 500 теңгені құрайды. Барлық қаражаттар Медина Шекееваның емделуіне бағытталады.

Қайырымдылық кино – бұл Алматыда жақында пайда болған қайырымдылықтың біршама жаңа пішіні. Тұнғыш қайырымдылық кинокөрсетілім Олег Борецкий Киноклубының қолдауымен 20 ақпанда 2010 ж. өтті. «Аспанға естірте тақылдату» фильмінің кинокөрсетілімі аншлагпен өтті және Лиза Астапованың емделуіне 273 000 теңге жинады. Осыдан кейін осы акцияларды бірыңғай түрде өткізу және балалардың емделуіне мүмкіндігінше көбірек қайырмалдық жинау шешімдері қабылданды.

Барлық сұрақтар бойынша, төменде көрсетілген нөмерлерге жолығыңыз:
www.volunteer.kz, www.komandasos.kz, komandasos@gmail.com,
+7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95 – Алия, +7 705 600 44 42 – Антонина