Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«KOMANDA SOS» БҰҰ БАС ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ «ӘЙЕЛДЕРГЕ ДЕГЕН ЗОРЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫ БІРЛЕСІП ЖОЯМЫЗ»


«Бізге бірлесу қажет. Бірде бір саяси көсем және бірде бір үкімет қандай да болмасын түрде және қандай да болмасын жағдайда немесе жайтта әйелдерге деген зорлықпен келісе алмайды.»
Бас хатшы Пан Ги Мун.
«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы) және UNIFEM (БҰҰ Әйелдердің даму Қоры) Пан Ги Мун – БҰҰ бас хатшысының әйелдерге деген зорлық қатынасқа қарсы – ғаламдық кампаниясы негізінде халыққа сауалдама өткізеді.
«Әйелдерге деген зорлық қатынасты бірлесіп жоямыз» бағдарламасы бүкіл әлемдегі әйелдерге және қыздарға деген зорлық қатынасты бодырмауға және жоюға бағытталған. Кампания мекемелер мен БҰҰ бөлімшелерін әйелдерге деген зорлық қатынасқа жол бермеу жүйесінің күшін біріктіруге және оны жазалауға шақырады. Осы кампания негізінде БҰҰ жеке азаматтарға, азаматтық қоғамға және үкіметке күш-жігерді біріктіріп, әйелдерге деген зорлық қатынастың барлық түрлерін жоюды ұсынады.
Осы кампанияның өзектілігіне әлемде қалыптасқан қорқынышты жағдай себеп болады. Осы жағдайды 10 елде ДДҰ –мен өткізілген зерртеулер куәландырады:
*15% -дан 71%-ға дейін әйел жұбайы немесе серіктесі тарапынан күш көрсетулік және жеңсікқұмарлық зорлықты бастан өткізгені туралы хабарлады.
*Әр жыл сайын бүкіл әлемде 5 000-дай әйел өз отбасы мүшелерінің қолынан қаза табады.
*Мәжбүрлік еңбек пен жыныстық қатынас үшін әйелдер мен қыздардың саудасы кең тараған, онда ең осалды қыздар тартылады.
*Мәжбүрлік некелер мен балалық шақтағы некелер, әйелдер мен қыздар құқықтарынның бұзушылығы болып саналады, бірақ олар Азия, Таяу Шығыс және Сахараның оңтүстігіндегі Африканың көптеген елдерінде кең түрде іске асырылады.
*Бүкіл әлемде әрбір бесінші әйел балалық шақта жеңсікқұмар зорлықты бастан кешіргені жайлы хабарлайды. Жеңсікқұмар зорлықты бастан кешірген балалардың кейінгі өмірінде зорлықтың басқа түрлерімен түйісу мүмкіндігі өте үлкен.
«Әйелдерге деген зорлық қатынасты бірлесіп жоямыз» кампаниясының негізгі мақсаты – әйелдерге деген зорлық қатынас мәселелерін тиімді шешу жолдарын Қазақстан Республика халқының ой-пікірлерін алу арқылы табу. Берілген бағдарлама ғаламдық болып табылады және әйелдерге деген зорлық қатынасқа қарсы түрлі елдердің барлық азаматтарын, азаматтық қоғамын және үкіметтерін күш-жігерді біріктіруге шақырады. Бағдарламаның бастау сәті БҰҰ бас хатшысы – Пан Ги Мун бастамасымен 2008 ж. болды.
Көп жылдар бойы барлық әлемдік қоғамдастық әйелдерге деген зорлық қатынас сияқты мәселені шешуге күш салып отыр. Осы құбылыстың құрбандары қамтамасыз етілмеген халық жігінен шыққан әйелдер, сонымен бірге материалды жағынан сәтті жанұялардан шыққан әйелдер болып табылады. Осы күнге дейін әйелдерге деген зорлық қатынастың жою жолдары мен әдістері жайлы мәселе ашық қалды, және 2010 жылы Қазақстан «Әйелдерге деген зорлық қатынасты бірлесіп жоямыз» атты ғаламдық кампанияға қосылады және өз елінің тұрғындарына берілген мәселені жолдайды.
Бағдарламаның басталу сәті 30 наурыз 2010 ж. Осы тақырып бойынша сауалдама халықтың түрлі жіктерінің, қоғамдық бірлестіктерінің және әлеуметтік топтарының арасында кеңінен өткізіледі.
«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы берілген бағдарламаға қатысу негізінде Алматы қ. жастары мен студенттеры арасында бірқатар сауалдамалар өткізеді. Сауалдамаға келесі жоолар қатысады: КИМЭП, University of International Business (UIB), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университет, Халықаралық Бизнес Академиясы, сонымен бірге «Спутник» Сауда Орталығы.
Сауалдаманы арнайы нұсқаудан өткен «Komanda SOS» Орталығының волонтерлары өткізеді. Олардың барлығы белсенді азаматтық ұстанымы бар студенттер болып табылады және кампанияны іске асыруға қатысады.
Сауалдама кезінде жиналған мәліметтер өңделіп, оларға талдау жасалады, ал кампанияның қорытындылары сәуір айында 2010 ж. Астана қ. БҰҰ Бас хатшысының сапары кезінде өзіне ұсынылады.
Қосымша ақпарат алу үшін төменде көрсетілген нөмерлерге жолығыңыз:
+77272663900
Алия Сагингалиева
+77051818395
Антонина Кукаева
+77056004442