Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілері «Komanda SOS» волонтерларымен ағылшын тілін үйренуді бастайды

«Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлескен ынтасы) Алматы қ. Жасөспірімдер үйінде «Әлем тілдері – балаларға» атты білім беру бағдарламасын іске асыруды бастайды. Әр сейсенбі күні балалар Мейрамкуль Ходжашева волонтермен бірге ағылшын тіліндегі өздерінің білімдерін жетілдіре алады.
Жасөспірімдер үйінде балалар үйлерінен шыққан және өздерінің ересек өмірлерін бастауға талпынған жеткіншектер тұрады. Осында жастар 4 жыл бойы жастар көсемінің және ұстаз-тәрбиелеушілердің бақылауымен өмір сүреді, олар жеткеншектерге болашақ мамандығын таңдауда дұрыстығын анықтауға және тұнғыш жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Жеткеншектер осында көршілермен қарым-қатынасты құруға, өз бюджетын өз бетінше жоспарлауға және шаруашылықпен айналысуға үйренеді.
Осындай қарапайым емес өмір жолында оларға волонтерлар көмек көрсетеді – психологиялық, кеңес бурішілік, білім берушілік қолдау көрсетеді. «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығы Жасөспірімдер үйінде ағылшын тілі сабақтарын жіберді. Балалар Мейрамкуль Ходжашева тәжірибесі бар ұстазбен бірге ағылшын тіліндегі өздерінің білімдерін жетілдіреді, өйткені ағылшын тілі ересек өмірде оларға күмәнсіз қажет болады. Сабақтар аптасына бір рет өтеді, әр сейсенбі сайын.
«Әлем тілдері – балаларға» бағдарламасы – балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен бітірушілерінің ағылшын тіліндегі өздерінің білімдерін ілгері тартуға, сөйлеу тілінің икемділігін табуға және негізгі грамматикалық білімдерді алуға тамаша мүмкіндік болып табылады. Бұдан басқа, бұл келешекте шетел тілдері институттарына түсуге дайындалған балалар үшін өте жақсы негіз. Қосымша сабақтардың арқасында ең ынталы балаларда қабылдау емтиханда көбірек балл жинауға және өзін тегін оқумен қамтамасыздандыруға мүмкіндік пайда болады.
Жоба мақсаттары:
* Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, жетім-балаларға, дүние-мүлкі аз отбасыларынан шыққан балаларға күнделікті өмірде жетімсіз немесе жеткіліксіз көлемде жетімді шетел тілдерін үйренуге мүмкіндік беру;
* Алматы қ. балалар үйлеріндегі қызмет ету саласында волонтерлық белсенділікті дамыту
Қордың басқа волонтерлық бағдарламалары жайлы қосымша ақпарат алу үшін, келесі номерлерге хабарласыңыз:
+7(727) 266 39 00
+7 705 18 18 395
+7 705 600 44 42
WWW.SEIMARFUND.KZ
WWW.VOLUNTEER.KZ