Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ЧУКОТКАДАҒЫ ЖАПОН БАСҚОСУЛАР

14 шілдеде (сәрсенбі) сағат 19.00 «ART4PEACE» дәстүрлі қайырымдылық концерті өтеді, ол қалыпты емес форматта өткізіледі – «Чукоткадағы жапон басқосулар». Кеш бағдарламасы – қазақстандық диджейлермен өнделген жапон музыкасы, аниме көрсетілімі, оригами мастер-классы.
Гүлденген сакура, Фудзи тауы, шұбар кимонолар, самурайлар өнері – бұл әр адамға белгілі жапон мәдениетінің кішкентай ғана бөлігі. Чукоткадағы жапон басқосулар – бұл алматылықтар үшін көтерілген күн елі туралы өзінің түсініктерін кеңейту немесе өзгерту мүмкіндігі.
«Art4Peace» маркасымен жапон басқосулар бағдарламасы – бұл жапон мәдениетінің бірнеше құрылымын біріктіретін бірегей шара:
* Музыка:
«Онгаку» жапон сөзі сөзбе-сөз аударғанда «он» - дыбыс және «гаку» - ләззат деген мағынаға ие болады. Жапондық классикалық музыка дегеніміз бірінші кезекте дәстүрлі жапон музыкасының екі ежелгі түрі деп түсіну қажет – бұл «семе» - буддалық өлең айту және «гагаку» - сарай маңындағы оркестрлік музыка. Гагаку император сарайының алдында ұсынылған классикалық музыканың бір түрі болып табылады. Осы заманғы көптеген жапон әншілері өздерінің шығармашылығында дәстүрлі музыканың элементтерін қолданады.
Осы заманғы музыка мәдениетінің жарық өкілі J-Pop стилі болып табылады. Кең мағынада жапон рок-музыкасын белгілейді. Анимемен қатар бұл осы заманғы жапон мәдениетінің табынушылық элементтерінің бірі болды.
«Чукоткадағы жапон басқосулар» негізінде қазақстандық диджейлермен жапон тақырыбына арналған композициялары ұсынылады. Шараға DJ SHOKOLAD пен электрондық музыка дуэты Zimaleto қатысады.
* Аниме:
Осы заманғы Жапонияның мультипликациялық өнері бүкіл әлемде миллиондаған табынушыларға ие болды. Басқа елдердің анимацияларынан ерекшелігі, анименің үлкен бөлігі жеткіншектер мен ересектерге арналған. Аниме айырмашылығы кейіпкерлерді және фондарды салудың өзіндік үлгісі. Аниме топтамалар сюжетінің қайнар көздері көбінесе келесілер болып табылады: манга (жапон комикстері), ранобэ (лайт-новел), немесе компьютерлік ойындар (әдеттегідей visual novel жанрында).
Жапондық басқосулар негізінде «Уақыт бағындырған, қыз»(Жапония, 2006ж.) атты толыметражды анименің көрсетілімі өтеді. Көрсетілім Демеушісі мен Серіктесі – «Art to be» Қоры және «Реанимедиа» компаниясы.
* Оригами өнері
Қағаздан түрлі денелерді бүктемелеу өнері. Бастапқыда оригамиды діни рәсімдерде қолданған. Көп уақыт бойы өнердің осы түрі тек жоғарғы сословиелер өкілдеріне жетімді болды, өйткені қағазды бүктемелеу техникасын иемдену әдеп белгісі болып саналды. Тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін оригами Шығыстан шек шықты және Америка мен Еуропаға келді, онда дереу өзінің табынушыларын тапты.
Классикалық оригами бір төртбрұшты тегіс боялған қағаз бетін желімсіз және қайшысыз қолдануды ұсынады.
«Жапон басқосуларда» Сіз осы ежелгі өнердің ежесін меңгере аласыз және оригами стилінде туынды ойлап шығара аласыз.
«Чукоткадағы жапон басқосуларды» өткізу мақсаты – ДЦП бар балаларға қаражат жинау. Осы жолы біз екі бөбекке – егіздер Ағзам мен Ислам Русланұлдарына көмек көрсетеміз. Ағзамға 6 айында ДЦП-нің спастикалық-гипертониялық түрі, ал Исламға – гидроцефалиямен аралас гипоксикалық-ишемикалық энцефалопатия деген диагноз қойды. Ағзам басын ұстай алмайды, отыра алмайды, ойыншықтарды ұстай алмайды. Исламда – психомоторлық дамудың тоқтап қалуы. Осындай қиын диагноздарға қарамастан, Қытайдағы СУАР әскери ауруханасының дәрігерлері балаларды емдеуге кіріседі. Емдеуді бастау үшін егіздердің отбасына 6 000 доллардай әр балаға қажет.
Өткізу жері: Bar Chukotka, 28 Гвардияшы Панфиловшылар паркі
Күні/Уақыты: 14 шілде, сәрсенбі, сағат 19.00
Қайырымдылық жарна: 1 000 теңге
Ұйымдастырушылар: Қайырымдылық Seimar Social Fund, «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы (Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы), адам қорларын дамыту Қазақстан-Жапон Орталығы,
«Art to be» Қоры.

Барлық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
www.voluteer.kz, www.komandasos.kz, komandasos@gmail.com, + 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95 – Алия, + 7 705 600 44 42 - Антонина

DJ SHOKOLAD, немесе Сәкен Қайманов хаус музыкамен және диджеингпен 2006-07 жылдары қызыға бастады.
Сол кездері оны Electro музыкасы, келесі продюсерлер мен Dj's қатты қызықтырды: Bodyrox , D. Ramirez , Eric Prydz , David Vendetta , Eric E ... және т.б. Кейінірек, ол диджей болғанда, ол келесі стилдермен қызыға бастады: Tech House, Progressive House, Fidget House, Dutch House, Drum & Bass. Берілген уақытта ол Тech House стилін белсенді алға бастырумен айналысып жатыр.

Zimaleto – Қазақстаннан шыққан электрондық музыканың жас дуэты, ол 2008 жылы екі сырнайшы - Владимир Амировпен және Александр Копыльцовпен құрылды. Өте аз уақыт ішінде Zimаleto батыс музыкалық топтар арасында назар ақтайтын атақты деңгейге жетті. Шетел лейблдарына бірнеше толық релизді, бірнеше ремикстік жұмысты жарыққа шығарды.

«Art to Business» Қоры. А2В Қоғамдық Қорының Миссиясы – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайту және біздің елімізді әлемдік ғаламдық қоғамдастықпен толық интеграциялау мақсатында Қазақстанда шығармашылық инновацияны дамыту. Art-to-Business – бұл тұжырымдама, ол мәдениет пен бизнестің бір-біріне синергетикалық әсер етумен негізделген. Біздің жағдайда синергетикалық әсер – бұл бағытталған креативтілік, ол тек қана жаңа көркем пішіндер мен көзқарастарды тудырмайды, сонымен бірге бизнесте өз міндеттері үшін тривиалды емес шешімдерді табуға көмектеседі.