Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ЧУКОТКАДАҒЫ ЖАПОН БАСҚОСУЛАР 100 000 тг ЖИНАДЫ

14 шілдеде «Chukotka» барында «ART4PEACE» бағдарламасы негізінде кезекті қайырымдылық концерт өтті, оның бастаушысы Қайырымдылық Seimar Social Fund - «Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығы (Қор мен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы). Жапонияға және жапон мәдениетіне арналған шара ДЦП-дан қиналып жатқан егіз балалардың - Ағзам мен Ислам Русланұлдарының емделуіне 100 000 теңге жинады.

Шара кезінде қатысушылар ежелгі қағаз бүктемелеу өнерінің ежесін ғана меңгерген жоқ, сонымен бірге жарыстарға қатысты. Ең дарынды оқушылар шара ұйымдастырушыларынан естелік сыйлықтарға ие болды. Дегенмен, сыйлықсыз көрермендердің ешқайсысы кеткен жоқ – адам қорларын дамыту Қазақстан-Жапон Орталығының өкілі – Ватанабэ Мичико ханым әрбір қатысушыға оның атын немесе қандай да бір ардақты сөзін иероглифтармен каллиграфия техникасында жазып берді. Дербес каллиграфия үшін кеш қонақтары қайырмалдық төледі. Қорытындысында кеште 11 180 теңге жиналды.

Бірақ шараның мақсаты қазақстандықтарды жапон мәдениетімен таныстыру ғана емес. «Жапон басқосуларын» өткізудегі негізгі себеп – қайырымдылық, дәлірек айтқанда Ағзам мен Ислам Русланұлдары егіздеріне көмек көрсету. Ағзамға 6 айында ДЦП-нің спастикалық-гипертониялық түрі, ал Исламға – гидроцефалиямен аралас гипоксикалық-ишемикалық энцефалопатия деген диагноз қойды. Ағзам басын ұстай алмайды, отыра алмайды, ойыншықтарды ұстай алмайды. Исламда – психомоторлық дамудың тоқтап қалуы. Осындай қиын диагноздарға қарамастан, Қытайдағы СУАР әскери ауруханасының дәрігерлері балаларды емдеуге кіріседі. Емдеуді бастау үшін егіздердің отбасына 6 000 доллардай әр балаға қажет.

Жапон мәдениетінің жанкүйерлері, сонымен бірге жай селқос емес алматылықтар мен қала қонақтары сәбилердің емделуіне 100 000 теңге жинауға көмектесті. Осы сома Русланұлы отбасының шотына аударылады.

Шара ұйымдастыруда бағаланбас көмек көрсеткендер: «Адам қорларын дамыту Қазақстан-Жапон Орталығы», «Art to be» Қоры, «Reanimedia» компаниясы, «Chukotka» бары.

Ұйымдастырушылар атынан Shokolad диджейіне, Zimaleto электронды музыка дуэтіне, жүргізуші Мади Мамбетовке, «Nomad Travel Gallery» компаниясына, сонымен бірге берілген шараны өткізуге ерікті негізде қатысқан басқа волонтерларға жеке алғысымызды білдіреміз.

Ақпараттау үшін:
«ART 4 PEACE» қайырымдылық концерттері «Қайырымдылық істер қобдишасы: кімге, қайда, қалай көмектесу... » бағдарламасы негізінде өтеді. Оларды өткізу ойы қарапайым және тиімді – билет сатылуынан жиналған барлық қаражаттар шет елде жедел емделуде мұқтаж балаларға көмек ретінде беріледі. Қиын мәселелер мен көмек көрсету жөніндегі барлық ақпараттар міндетті түрде тексеріледі және анықталады. «Қобдишаға» тек шын мәнінде көмекте мұқтаж тұлғалар мен ұйымдар кіреді. Осындай жасампаз әдіспен қайырымдылық қызметке көптеген адамдар қызықтырылады - әншілер, өз өнерін тегін сыйлайды, және көрермендер, клубтарға және нақты ізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін өз ақшаларын береді, ал клубтардың концерттерді өткізуге мүмкіншілігі бар.
«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы 2008 жылы мамырда қайырымдылық Seimar Social Fund мен ҚР БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылды. Волонтерлық бағдарлама қордың дәстүрлі қайырымдылық қызметінің жалғасы болып табылады және еріктілердің жігерлігі арқылы қоғамға маңызды істерді іске асыруға бағытталған.