Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


SEIMAR OPEN: ОЛИМПИAДАЛЫҚ ҮМІТТЕР

4-5 қыркүйекте NURTAU гольф-клубында жанкүйерлер арасында XIII Seimar Open кезекті гольф бойынша Қазақстан Чемпионаты өтеді. Осы жылы Қазақстан Чемпионатына жас гольфистердің рекордты саны қатысады және олар 2016 жылы гольф бойынша Қазақстанның олимпиадалық құрама командасының құрамына кіреді деген үміт бар.
9 қазанда 2009 жылы Копенгагенде Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) 2016 және 2020 жылдары өтетін Олимпиадалық ойындар бағдарламасына спорттың жаңа түрін - гольфты қосатыны жайлы шешім қабылдады.
«Гольф Олимпиадалық ойындарды өте жақсы толықтырады, - деп ХОК президенті Жак Рогге хабарлады. – Ол дүние жүзінде белгілі, гольфтың әйгілі ойыншылары көптеген елдерде бар, сонымен бірге осы спорт түрінің этикеті әділ ойынның маңыздылығын атап көрсетеді».
Seimar Open атты гольф бойынша Қазақстанның XIII Чемпионаты – тарихы 1998 жылы басталған спорттық республикалық жарыс. Осы жылдар ішінде турнирге дүние жүзінің түрлі елдерінен: Қазақстан, Ресей, Корея, Жанпония, АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдерден мыңдаған гольфистер, жанкүйерлер мен кәсіпкерлер қатысты.
Дәстүр бойынша Seimar Open халықаралық тануға арпаласып жатқан жас дарынды спортшылар үшін үміт беретін стартты алаң болып табылады.Чемпионатты өткізген жылдар ішінде жас спортшылардың көбісі нағыз кәсіпкерлерге айналды, басқалары өздерінің спорттық деңгейлерін айтарлықтай көтерді және түрлі отандық және халықаралық жарыстарда өте жақсы нәтижелерді үнемі көрсетіп тұрады.
Турнирдің жарқын дебюттарының бірі Қостанай гольф-мектебі тәрбиеленушілерінің қатысуы болды. 2008 жылы Роман Морозов бірден екі номинацияда жеңіске жетті: «Nearest to the pin» («Айға ең таяу») және «Longest drive» (Ең ұзын соққы»). 2009 жылы эстафетаны сол мектептің тәрбиеленушісі Бекарыс Султангазин қағып алды. Сонымен бірге 2009 жылы Seimar Open юниорлар арасындағы Қазақстан чемпионы – 10 жасар Тулеубаев Даулет тұнғыш рет өзінің күшін «ержеткендер» жарысында байқап көрді.
Мүмкін, осы жас спортшылардың, сонымен бірге олардың құрдастарының біреуі 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадалық ойындарға Қазақстан атынан қатысады.
Гольфтың бастапқыда Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кіргенін атап көрсету жөн. Гольфистер 1900 және 1904 жылдары медальдарды ойнатқан болатын, содан кейін ойыншылар жарысқа қатыспауды шешті, өйткені сол кезде Олимпиадалық ойындар нашар ұйымдастырылатын және гольф-турнирлерге қарағанда әйгілі емес болып саналатын.
Бүгінгі таңда, гольфистерде төрт жылда бір рет болып тұратын ең әйгілі спорттық оқиғаға қатысу мүмкіндіктері пайда болды. Олимпиада бағдарламасына гольфты енгізу ойының негізгі белсендісі Тайгер Вудс болды, ол «кез келген гольфист үшін Олимпиадаға қатысу үлкен құрмет» деп атап көрсетті.
Гольфтың жаңа статусы осы спорт түріне бүкіл әлемде және Қазақстанда белгілілікті қосады, бірақ оған деген қызығушылық көп жыл бойы өшпей жатыр. Гольфтың аумақтық мектептері дамып келе жатыр, тек Алматыда ғана спорттың бұл түрімен жастары 3-тен 18-ге дейінгі 300-дей бала мен жасөспірім үйреніп жатыр, ал «Nurtau» гольф-академияда көбісінде тегін үйрену мүмкіндігі бар.
Seimar Open чемпионаттың статусы – жанкүйерлер тобының халықаралық жарысы. Дәстүр бойынша турнирге Қазақстан, Ресей, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, АҚШ, Корея, Жапония және т.б. елдердің спортшы-жанкүйерлері қатысады.
2007 жылдан Seimar Open өзгеше мәртебеге ие болды, қазір ол European Challenge Tour негізінде өткізілетін Kazakhstan Open атты Кәсіби гольф турнирдің іріктеу кезеңі болып табылады. Сонымен, турнир жеңіскері (Қазақстан азаматы) беделді спорттық жарыста біздің еліміздің атынан қатысу мүмкіндігін алады. Өткен жылы осындай құқыққа Еркебулан Башиков және Адиль Мухамеджанов ие болды.
Дәстүрлі түрде Seimar Open барлық турнирлері серіктестердің қолдауымен өткізіледі, дәлірек айтқанда олар чемпионаттың бейнесі болып қалады. Осы жылы турнирді қолдағандар:
- «Perrier», «Illy» кофесі, «Newby» шайы, «Vittel» сауда маркасымен «North Wind Asia» компаниясы;
- «Yamaha» сауда маркасымен «Alem Moto Kazakhstan» компаниясы;
- «Ketroy» ерлерге арналған киім бутигі;
- «Eclair» кондитерлік наубайхана;
- «J7» Сауда Маркасымен «Вимм-Биль-Данн» компаниясы;
- «Neolabs Web Solutions» компаниясы және «Manifest» әрлендіру-тобы;
- «Аққу» жоғарғы сапалы фарфор.
Hole-in-one номинациядағы серіктестер келесілер болып табылады:
- «Blue Star of Kazakhstan» компаниясы – Қазақстандағы Mercedes-Benz маркасының ресми дилері. Hole-in-one келесі жүлде шығарылады –
Е-Классты автокөлік;
- Ортақ салмағы 250 грамм, сынабы 999.9 швейцар алтын құймасымен «GMI» компаниясы. Р.А.М.Р. швейцарлық өндіруші-зауытынан ежелгіримдік Фортуна атты жебеуші әйел бейнеленген бірегей құймалар. Сәттілік жебеуші әйелдің бейнесі, өндірушінің жоғарғы беделдігі, Р.А.М.Р. алтынын бүкіл дүние жүзіне белгілі және танымалы етті.
Hole-in-one – бұл жағдай, егер ойыншы бір соққыдан дереу допты шұңқырға кіргізсе болады. Әдеттегідей, бұл өте сирек кездесетін жағдай. Жанкүйерлік деңгей үшін мүмкіндік – 1 000 000 – нан 1.
Бас ақпараттық серіктес: «Эксперт-Казахстан» журналы
Ақпараттық серіктестер: «Golf.kz» журналы, «Капитал» газеті, «Men’s health», «Транзит», «National Business», «Вся Европа», «Nomad Kazakhstan», «Личные деньги», «Мой бизнес Казахстан» журналдары, «Gentlemen club» бағдарламасымен «Energy FM» радиостанциясы.
Бағдарлама:
04.09.2010 – жарыстың бірінші күні. 09:00 бір мезгілді старт.
05.09.2010 – жарыстың екінші күні:
11:00 – барлық алаңдардан бір мезгілді старт, Shot Gun
14:00 – 15:30 – қонақтар мен журналистер үшін гольф-клиника
16:00 – 17:00 – марапаттау рәсімі
Қазақстанның Seimar Open атты ХІІI гольф чемпионатына аккредитация алу үшін, сізге келесі телефон нөмерлеріне ұйымдастыру комитетімен байланысу қажет: +7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95, +7 705 600 44 42, seimaropen@gmail.com, www.seimarfund.kz
АККРЕДИТАЦИЯ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ!