Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ: ЫМ ТІЛІМЕН

«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы ( Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы), «Спутник»СККО және фоторепортаждардың қазақстандағы тұнғыш сайты Vox Populi «Тілек шыршасы» атты жаңажылдық қайырымдылық бағдарламаны іске асырады. Желтоқсанның 1-нен 31-не дейін есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 интернат-мектебінің кішкентай ғана тәрбиеленушілерінің көкейіндегі армандарын орындау өте жеңіл болады.
«Тілек шыршасы» -бұл Қайырымдылық Seimar Social Fund, «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының және «Спутник»СККО дәстүрлі жаңажылдық бағдарламасы. Балаларға тілеген жаңажылдық сыйлықтарын алу мүмкіндігін беретін осы бағдарламаға екінші жыл болды.
Осы жылы акция қатысушылары - есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 интернат-мектебінің 27 тәрбиеленушісі – керең-мылқау балалар, кейбіреулері жетімдер, көбісі - жеткілікті қамтамасыз етілмеген, әлеуметті сәтсіз жанұялардан шыққандар. Барлық балалар секілді, олар да мейрамдар мен сыйлықтар жайлы армандайды, бірақ өкінішке орай олардың ата-аналары сыйлықтарды алып бере алмайды. Бір мезгілге әр алматылық пен қала қонақтары интернаттың бірінші сынып оқушыларының көкейіндегі қарапайым армандарын орындап, сиқыршы бола алады.
Желтоқсанның 1-нен 31-не дейін «Спутник» сауда- көңіл көтеру орталығында (Момышұлы көш., Мамыр – 1,үй 8 А) «Тілек шыршасы» орнатылады. Шырша мерекелі жылтырақтар мен жаңажылдық ойыншықтардан басқа есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 интернат-мектебінің ең кішкентай тәрбиеленушілерінің (нөлдік және бірінші сынып оқушылары) суреттерімен безендіріледі. Осы суреттерде өз әлемдерінде өмір сүретін ұлдар мен қыздар, бірақ олардың да доп ойнағысы, құрылымдарды жинағысы немесе қуыршақтарды құндақтағысы келеді. Кейбір балалар егделеу, олар ым тілін үйренуді бастады және Аяз Атадан нені алғысы келеді екенін өз бетінше түсіндіруге тырысты.
«Тілек шыршасы» - бұл тек қана сыйлықтарды жинау бағдарламасы емес, бұл акция, оның мақсаты қайырымдылық ойларын дәріптеуде және маңызды мен салмақты мәселелерге жұртшылықтың көңілін тартуда негізделеді.
Бүгінгі күні бір ғана есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 интернатында жастары 6-дан 18-ге дейін 185 бала оқиды. Тек бір Алматы қаласында ғана туғаннан жаратылыспен жұда балалар саны мыңнан асады – нашар еститіндер, нашар көретіндер және соқыр балалар, тiрек-қозғағыш аппараттары бұзылған, психикалық дамуы тоқтап қалған балалар және т.б. Олардың барлығына жәрдем керек. Мүмкін, келешекте күшімізді біріктіріп барлық балаларды қамти аламыз және ең жақсы жәрдем беру ойларын жинап, бірлесіп оларды іске асырамыз.
Интернаттың балаларына сыйлықтар жасау өте жеңіл: «Спутник»СККО желтоқсанның 1-нен 31-не дейін келіп, Тілек шыршасынан кез келген баланың суретін алып, сурет айналымында көрсетілген сыйлықты сатып алу жеткілікті.
«Спутник»СККО ресепшн қызметкерлері сіздерге көмектеседі, олар сыйлықты интернатқа жіберу үшін сізден қабылдап алады және оны тіркейді.
Сіз баланы алдын-ала «таңдай» аласыз: балалардың суреттері және олардың тілектері www.voxpopuli.kz сайтында «Тілек шыршасы» атты арнайы жарияламасында орналастырылған.
Сыйлықтарды марапаттау рәсімі 11 қаңтар 2011 жылы интернат-мектебінің жаңажылдық демалысынан кейін өтеді. Осы думанға қалағандардың барлығы қатыса алады. Балаларға той-думанды бірге сыйлайық!
Сонымен бірге №1 интернат тәрбиеленушілері қазақ тіліндегі әдебиеттер мен энциклопедияларды сый ретінде алуға қуанышты болады. Қазір олар өз бетінше қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқу үшін арнайы класс жабдықтырып отыр. Сонымен бірге балаларға пазлдар, аппликация және қол еңбек жиынтықтары пайдалы болады. Осы интернаттың балалары өте жақсы сурет салатыны жайлы айта кету жөн, сол себепті бояулар, қағаз, қарандаштар, қылқаламдар әрдайым қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін, «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығына жолығыңыз:
Алия Сагингалиева
+7 727 266 39 00
+ 7 705 18 18 395
Антонина Кукаева
+ 7 705 600 44 42

+7 727 266 39 00