Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ: АЛМАТЫЛЫҚТАР КЕРЕҢ-МЫЛҚАУ БАЛАЛАРДЫҢ АРМАНДАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ


14 қаңтарда есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 интернат-мектебінде «Тілектер шыршасы» акциясы негізінде сыйлықтарды марапаттау рәсімі өтті. Көптен күткен жаңажылдық сыйлықтарды интернаттың нөлдік және бірінші сыныптарында оқитын 27 ең кішкентай тәрбиеленушісі алды. Ал 2-7 сынып оқушылары «Quattro Media» агенттігінен кеңсе жиынтықтарын және көркем жабдықтарын алды.

«Тілектер шыршасы» атты жаңажылдық қайырымдылық акция екінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр, сонымен бірге www.voxpopuli.kz атты фоторепортаждардың қазақстандағы тұнғыш сайтының қолдауымен «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығымен (Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы) және «Спутник»СККО ұйымдастырылып жатыр.

Акция мақсаттары:
интернаттардың, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін, сонымен бірге жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардан шыққан, басқаша айтқанда ата-аналарында баласының тілеген жаңажылдық сыйлығын сатып алуға мүмкіндіктері жоқ жанұялардан шыққан балаларды жаңажылдық сыйлықтармен қамтамасыз ету.
волонтерлық ойларды дәріптеу және қайырымдылықты көпшілікке тарату, әлеуметті-маңызды шараларға мүмкіндігінше көбірек адамдар санын тарту.

2010 жылы акция қатысушылары Алматы қ. есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 интернат-мектебінің 27 ең кішкентай тәрбиеленушісі болды. Кейбіреулері жетім балалар, ата-аналары керең-мылқау жанұялардан шыққан балалар, көпшілігі әлеуметті-сәтсіз жанұялардан шыққандар. Олар ым тілі және ұстаздар арқылы өздерінің жаңажылдық тілектерін түсіндірді. Ұл балалар конструкторларды, ұшақтарды, көліктерді, ал қыздар - әдемі қуыршақтарды, шығармашылық және қол өнер үшін жиынтықтарды алғысы келді.
Интернаттың балаларына сыйлықтар жасау өте жеңіл болды: «Спутник»СККО желтоқсанның 1-нен 31-не дейін келіп, Тілек шыршасынан кез келген баланың суретін алып, сурет айналымында көрсетілген сыйлықты сатып алу жеткілікті болды. «Спутник»СККО ресепшн қызметкерлері көмектесті, олар сыйлықтарды интернатқа жіберу үшін қабылдады және оларды тіркеді.
Акцияға 50-ден аса адам қатысты, көбісі балаларға бірнеше сыйлықтан сатып алды, олардың арасында тек қана тілеген конструкторлар, қуыршақтар мен көліктер ғана емес, сонымен бірге танымдық кітаптар, паззлдар, тәттіліктер болды. Жаңажылдық сыйлықсыз бірде бір бала қалған жоқ! Біз селқос қалмаған, осы акцияға қатысқан және балаларға жаңажылдық ертегіні жалғастырғандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!
Сонымен бірге басқа пайдалы сыйлықтарды интернаттың егделеу тәрбиеленушілері – 2-7 сынып оқушылары алды. «Quattro Media» атты жарнамалық агенттік балаларға сабаққа, бос уақытты өткізуге қажетті болатын кеңсе жиынтықтарын және көркем жабдықтарын сатып алды. Жиынтықтарға бояулар, фломастерлер, түрлі-түсті қарандаштар, альбомдар, қаламсауыттар, полимерлік балшық қол өнері үшін жиынтықтар және тағы басқалар кіреді.
Сыйлықтарды марапаттау рәсімі дереу жаңажылдық демалыстардан кейін 14 қантарда 2011 жылы интернат-мектебінде өтті. Марапаттау рәсіміне акция ұйымдастырушылары, интернат әкімшілігінің өкілдері, сонымен бірге волонтерлар қатысты. Сыйлықтарды марапаттау жайлы толық фотоесептемені акция серіктесі www.voxpopuli.kz сайтында көруге болады.

Қосымша ақпарат алу үшін, «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығына жолығыңыз:

Алия Сагингалиева
+ 7 705 18 18 395
Антонина Кукаева
+ 7 705 600 44 42

8 727 266 39 00