Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ТАҢҒЫ БАЛҒЫНДЫҚТЫҢ МУЗЫКАСЫ

5 және 6 мамырда Корей Республикасының Үкіметі негізінде елдің бейнесін қалыптастыру бойынша Комитет пен «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлескен бастамасы) «Жанұя» Арнаулы Комплексте және №8 интернат-мектебінде екі қайырымдылық концерт өткізеді.
Балалар үйлерінде қайырымдылық концерттерді өткізу ынтасы Корей Республикасының Үкіметі негізінде елдің бейнесін қалыптастыру бойынша Комитетіне және Қазақстандағы Корей Республикасының бас консулына тән болды.
Концерттер Қазақстанда Корей жылының жариялануы негізінде екі арнайы балалық мекемеде өткізіледі:
5 мамыр 17:00 сөйлеу мен психикалық дамудың тоқталуы бар балаларға арналған №8 түзету интернат-мектебінде (Каблукова көш., 93)
6 мамыр 16:00 «Жанұя» Арнаулы Комплексте (Бегалин көш., 82)
Алматы қ. арнайы балалық мекемелерде қайырымдылық концерттерді өткізу топтамасы – бұл тек қана мәдени айырбастау мен дипломатиялық миссия емес, бұл қайырымдылықтың бүтін концепциясы. Оның маңызы келесіде: өнер мен аспапты музыка денсаулыққа және жан күйге жақсы әсер етеді, ал қарапайым ықылас пен күйзеліс достық қарым-қатынастың нығаюына себеп болады.
Қайырымдылық концерттердің музыкалық бағдарламасына Beautiful Mind ұжымының он оңтүстік-корей кәсіби музыканты қатысады, олар дәстүрлі корейлік және аспаптық музыканы орындайды.
Beautiful Mind музыкалық ұжым – бұл Beautiful Mind Charity қайырымдылық корей ұйымының бір бөлігі екендігін атап кетуіміз жөн. Қор қызметінің философиясы –орнына ешнәрсені күтпей сүйіспеншілікті тарату. Beautiful Mind Charity миссиясы келесіде негізделеді – «Біз қайырымдылықтың зор мәдени үлгісін құруға тырысамыз, және оның ғаламдық қоғамға нығайатынына үміттенеміз. Әркімде физикалық мүмкіншіліктеріне қарамастан пайдалы болуға мүмкіндіктер болу керек.
2008 жылдан бастап Beautiful Mind Charity ұйымы панасыз балалар үшін жеке музыкалық курстарды өткізеді. Қазіргі сәтте 18 кәсіби музыкант 30 студентты музыкаға оқытады, сонымен бірге олардың шығармашылық, әсершіл және музыкалық әлеуетін дамытады.
Қайырымдылық концерттер негізінде ұйымдастырушылар мен музыканттар арнайы және пайдалы сыйлықтарды жасауды шешті. Қазіргі таңда жастары 7-ден 18-ге дейін 131 бала білім алып жатқан №8 интернатқа көп қызметті құрылыс сыйланады: принтер-сканер-ксерокс. 345 жетім балалар, мүгедек-балалар және бейберекет отбасыларынан шыққан балалар тұратын «Жанұя» арнаулы комплекске кір жуу машиналары сыйға тартылады.

Толығырақ ақпаратты www.volunteer.kz сайтында көре аласыз
+7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95
komandasos@gmail.com, seimarfund@gmail.com