Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


КРАВ МАГА БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС WORLD CLASS ФИТНЕС-КЛУБЫНЫ ЖӘНЕ АЛМАТЫ Қ.

23 шілдеде World Class Almaty фитнес-клубында «Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығының қолдауымен ұйымдастырылған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін крав мага өз-өзін қорғау өнері бойынша мастер-класс өтті. Мастер класстың қорытындысы: 50 шаршаған, бірақ риза бала, сонымен бірге World Class Almaty фитнес-клубы мен №1 Облыстық балалар үйінің арасында ұзақ мерзімді қызметтестік жайлы келісім болды.
«Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығымен (Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер бағдарламасының бірлескен ынтасымен құрылған) ұйымдастырылған, крав мага бойынша әйгілі еуропалық нұсқаушы Адам Шоптың мастер-классына SOS Kinderdorf Almaty балалар ауылының және Бағанашыл ауылының №1 Облыстық балалар үйінің 50-дей тәрбиеленушісі келді. Балалар ешқашан крав мага атты қол жұмсайтын ұрыстың жүйесі жайлы естімеген, бірақ жаттықтырудың басталуын қызығушылықпен күтті. Крав мага – қол жұмсайтын ұрыстың бірегей түрі, онымен жынысқа, жасқа және денелік дайындыққа қарамай кез-келген адам айналыса алады. Оның әдістерін спорттан және фитнестен тыс адам да меңгере алады. Бірақ, әйгілі еуропалық нұсқаушы Адам Шоптың жаттығуына келген балалардың арасында аса спортшыл ер балалар да болды! №1 облыстық балалар үйінің бірнеше тәрбиеленушісі еркін күрес және кудо (каратэдан, бокстан, дзюдодан, муай-тайдан әдістерді өзіне қосатын күрес) сияқты спорт түрлерімен бұрыннан бері айналысып жүр. Олар тек айналысып қоймайды, юниордық жарыстарда медальдарды жеңеді!
Крав мага бойынша мастер-класста барлығы бірдей болды : ұлдар мен қыздар, кішкентай чемпиондар мен онша спортшыл емес балалар - Адам Шоп нұсқаушының және Валихан Тен World Class Almaty басқарушы директорының басқаруымен барлығы жаттығуларды бірдей орындады. Крав мага бойынша кез келген сабақ шынықтырудан басталады: жүгіріп өту, отырулар, сығулар және жылытуға бағытталған басқа жаттығулар. Өйткені крав мага – бұл өз-өзін қорғау өнері ғана емес, сонымен бірге күш-шапшаңдық қасиетін, реакцияны арттыруға арналған жаттықтыру.
- Не себепті біз крав мага бойынша сабаққа тек балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін шақырдық? Өйткені, басқа жауынгерлік өнерлерге және жекпе-жектерге қарағанда осы жүйе арнайы дайындықты керек етпейді, сондықтан осы мастер-классқа барлық қалағандар қатыса алды, бір де бір бала ренжімеді, - деп Валихан Тен World Class фитнес-клубының басқарушы директоры айтты. – Екіншіден, крав мага – бұл тек қана әдемі әдістер емес, ол өмірдегі экстрималды жағдайда балаға қажет бола алатын өз-өзін қорғаудағы бірегей жүйе.
Мастер-класс кезінде Адам балаларға түрлі соққыларды өзіне дарытпауды, бірнеше шабуылшыға қарсылық білдіруді, қауіпті нәрселерден тайып кетуді үйретті. Бірақ балалардың осы сабақта меңгеріп алған басты ақиқаты – ешқашан қақтығысты арандатпау, әрқашан қауіп-қатерден құтылуға тырысу, ал осында алынған икемділіктерді төтенше жағдайда ғана қолдану.
Мастер-класстың қорытындысы барлығы риза боп қалды – кішкентай қатысушылары, балалар үйлерінің әкімшілігі мен клуб басшылары. Осыдан басқа - World Class Almaty фитнес-клубы мен №1 Облыстық балалар үйі (Бағанашыл) ұзақ мерзімді қызметтестік жайлы келісімге жетті. Енді балалар үйінің педагогикалық құрамы клуб нұсқаушылардың мастер-класстарына қатыса алады, фитнес және салауатты өмір сүру әлеміндегі жаңалықтар жайлы, ең ілгерішіл балалар бағдарламалары және жаттығулары жайлы ақпарат ала алады.Балалар үйінің әкімшілігінің айтуы бойынша жоғарыда айтылған қызметтестік бірінші кезекте балаларға пайда әкеледі және жоғары спорттық жеңістерге жетуге ынталандыруы мүмкін!
Қосымша ақпаратты және суреттерді алу үшін келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:
Алия Сагингалиева
+7 (727) 266 39 00
+7 705 18 18 395

seimarfund@gmail.com
Антонина Кукаева
+7 (727) 315 39 39 (707)