Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


27-28 тамызда NURTAU гольф

«Гольф ережелері мен әдебін сақтағандардың барлығына гольф әрқашан
ашық.Тәжірибелі спортшылар жаңадан келгендермен, ал қарт адамдар жастармен
жиі-жиі ойнайтын болды. Барлық ойындардың ішінен осы ең әділ ойында әр
ойыншы басқа ойыншымен бірдей жағдайда кездесе алады және нағыз спорттық
жеңістен рақаттанады.»
Арнольд Палмер, американ спортшысы, әлемдегі ең әйгілі кәсіби гольфистердің бірі осы.

27-28 тамызда NURTAU гольф клубында жанкүйерлер арасында кезекті XIV Seimar Open гольф бойынша Қазақстан Чемпионаты өтеді. Республикалық көлемдегі жарысқа әдеттегідей ең мықты спортшылар – бүкіл республикамыздың және тағы басқа әлем елдерінің – Ресейдің, Қырғызстанның, Кореянің, Жапониянің, АҚШ-тың, Еуропалық одақтың гольфистері қатысады. Дәстүрлерге берілгендік, ережелерді және гольф-этикетті еш тоқтаусыз қолдану, сонымен бірге өзгеше спорттық рух - Seimar Open дегеніміз осы.
Гольф – патшалық ойын, сонымен бірге әлемдегі ең ежелгі ойындардың бірі. Дегенмен, гольф – бұл тек қана спорт түрі емес, сонымен бірге бос уақытты өткізудің ең еліктіргіш әдістерінің бірі. Сол себепті бүкіл әлемде миллиондаған гольфист-жанкүйер гольфпен айналысады. Бірақ, кәсіпқорлар мен жанкүйерлерді ортақ ережелер, дәстүрлер мен әдеп талаптары біріктіреді. Осындай бай тарихпен, салмақты дәстүрлермен және этикеттің қатал джентельмендік ережелерімен спорттың басқа түрлері мақтана алады ма екен. Seimar Open, Қазақстанның ескі турнирлерінің бірі.
Гольфтің мағынасы «шұнқырды өту», басқаша айтқанда «ти» - старттық алаңнан ойынды бастап, минималды соққы мөлшермен «паттинг-гринеде» орналасқан шұңқырға допты кіргізу болып табылады. «Гольф шеңбері» осындай 18 шұңқырдан құрылған ойын болып табылады. Ойын мағынасын түсіну үшін негізгі аталымдарды меңгеру және гольф-этикетімен танысу қажет.

Гольф-сөздік:
Гандикап (handicap) – стандартты скретч-шот(ССШ) атауымен белгілі санмен тұра байланыста болып табылатын сан. Мысалы, 16 гандикапы бар гольфист алаңды ССШ-тен 16 соққыға көбірек нәтижемен өтеді. 12 гандикапы бар ойыншы, ойдағыдай, ССШ-тен 12 соққыға көбірек шотпен раундты аяқтайды. Сондықтан гандикап төмен болса, ойыншы жақсы болады.
Ти (tee) – әр шұнқырда бірінші соққыны орындап шығу үшін доп қоюға рұқсат берілетін ағаштан немесе пластмассадан жасалған зере, сонымен бірге әр шұнқырда ойын басталатын алаңша (әдетте көтеріңкі болады).
Грин (green) – щұңқыр айналасындағы ең қысқа шөбі бар аумақ.
Фервей (fairway) – ұзындығы орташа шөбі бар аумақ, ол ти мен грин арасындағы ойын алаңының көп бөлігін алады.
Раф (rough) – фервейдің шеттерінде арнайы қалдырылған ұзын шөбі бар алаң. Рафқа тиген допты қағу әлдеқайда қиын.
Бөгет (hazard) – ойынды қиындату үшін арнайы орнатылған немесе әдейі қалдырылған (бункер, сулы бөгет) ойын алаңының элементы.
Бункер (bunker, sand trap) – ойыншының мақсатын қиындату үшін алаңда арнайы жасалған құмды қақпан. Бункерлер фервейларда немесе гриндердің жанында орналасу мүмкін.
Кедергі (obstruction) – ойыншыға соққыны орындап шығуға кедергі жасайтын және сәулетшінің пиғылы бойынша алаңда орналаспайтын зат. Ереже бойынша ойыншыда оған кедергі келтіретін затты алып тастауға немесе допты басқа жерге тасымалдауға құқығы бар.
Пар (par) – ойыншылар деңгейлерінің нәтижелері мен бағаларын санау үшін үнемі қолданылатын шартты норматив. Пар – сәтті ойын кезінде гольфистің бір шұңқырда немесе бүкіл алаңда жасайтын соққылар саны. Бір щұңқырдың пары келесідей анықталады: егер ти-дан грин-ге дейінгі қашықтық 200 метрден кем болса, онда ойыншы гринге бір соққымен тигізу керек, егер 400 метрден көп болса – екі соққымен, ал егер одан көп болса – онда үш соққымен. Егерде доп гринге тисе, онда шұңқырға екі соққымен кіргізу жақсы нәтиже болып саналады. Ойыншының пардан жоғары немесе төмен нәтиже көрсете алатыны мүмкін. Сәйкесінше, оның нәтижесі «+» немесе «-» белгісіне ие болады. Мысалы, егер ойыншы, ұзындығы 150 метр шұңқырға 5 соққы жасаса, оның нәтижесін «қосу 2» ( шұңқыр пары 3, 5-3=2 білдіреді) деп айтуға болады.
Берди (birdie) – бір шұңқырдағы соққылар саны пардан бір соққы кем.
Богги (bogey) - бір шұңқырдағы соққылар саны пардан бір соққы артық.
Брейк (break) –арнайы жасалған гриннің еңкейісі,соның арқасында доп соққы кезінде басқа жаққа жылжиды.
Hole-in-one – бір соққыдан шұңқырға тигізу. Өте сирек кездеседі, «орташа» кәсіби ойыншыда тигізу мүмкіндігі 46 000 –ға 1, жанкүйерде – 1 000 000-ға 1. Жарыстарда көбінесе осыған арнайы сыйлықтарды қояды.

ГОЛЬФ - ЭТИКЕТ
Қазақстанның жанкүйерлер арасындағы ХIV Seimar Open атты гольф бойынша Чемпионатын жарыс қатысушылары үшін, сонымен бірге қонақтары үшін спорттың нағыз мейрамына айналдыру үшін, Сіздерден алаңда болған мезгілде гольф-әдептілігінің келесі ережелерін ұстануды сұраймыз.
Егер Сіз біреудің «Фо...о!» деп айқайлағанын естісеңіз
Егер сіз «Фо...о!» деген айқайды естісеңіз, ойыншыға бұрылмаңыз және допты көруге талпынбаңыз. Дереу қолыңызбен басыңызды жауып қойыңыз, өйткені доп сіздің жағыңызға ұшуы мүмкін.
Қоршаудың сыртында тұрыңыз
Гольф ойнау үшін алаңның қоршауы – Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін. Қоршаудың сыртында тұрыңыз.
Тыныштық сақтаңыз
Ойыншылар соққыны ойлап немесе соққыға дайындалған сәтте кедергі келтірмеу үшін, Сіздерден тыныштық сақтауды сұраймыз.
Ұялы телефондарды өшіріңіз
Шырылдап жатқан ұялы телефон ойыншылардың көңілін бөліп, ойында жеңілу себебі болуы мүмкін. Гольф ойын алаңына келу алдында, Сіздерден ұялы телефондарыңызды өшіріп тастауды және алаңнан кетіп қалғанға дейін өшірілген күйінде ұстауыңызды сұраймыз.
Фото-және видеокамераларды қолданбау өтініші
Фото-видеокамераларды әкелмеңіз. Олар да шырылдаған ұялы телефондар секілді ойыншылардың көңілін бөлуі мүмкін. Сондықтан ойыншылар раундты бітірмегенше, оларды суретке немесе видеокамераға түсіруге болмайды.
Ойыншыларға жақындамандар
Ойын кезінде ойыншыларға 25 метрден жақын тұрмандар.
Жануарларды әкелмеу өтініші
Бүкіл турнир бойы үй жануарларын өзімен бірге әкелуге рұқсат берілмейді.
Допты жерден алмаңыз
Алаңдағы допты жерден алмаңыз, өйткені ол ойыншы үшін қажетсіз салдар тудыру мүмкін.
Әйелдер үшін
Гольф ойынына арналған алаңда биік өкшесі бар аяқ киімді кимеңіз, өйткені өкше алаңды зақымдау мүмкін.

ЧЕМПИОНАТТЫҢ БАСТЫ СЕРІКТЕСТЕРІ:
«Императорский портной» компаниясы және әлемге әйгілі білімпаз Джим Мюрреймен оның «Виски библиясы» кітабында жоғары бағаланған «Glenmorangie» таңдаулы бірсолодты виски сауда маркасымен «Казахстан Коммерция» компаниясы.

ЧЕМПИОНАТТЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ:
Hole-in-one:
- «Blue Star of Kazakhstan» компаниясы – Қазақстандағы Mercedes-Benz маркасының ресми дилері. Hole-in-one келесі жүлде шығарылады - Е-Классты автокөлік;
- «Nokia SCIS» компаниясы №7 шұңқырға «NOKIA ORO» атты премиум класының бағалы және стильді смартфонын береді, ол ең жақсы матеалдардан жасалған: корпус 18-каратты нағыз алтынмен жалатылған, артқы панелі ең жақсы шотландтық терімен безендірілген, ал клавиштері сапфир әйнектерінен жасалған, сол себепті олар сегіз есе төзімді басқаларға қарағанда.
- «iPoint» компаниясы - ресми түрде MacCentre Kazakhstan, №10 шұңқырға диоганалі 13 дюймдік MacBook Air - MacBook Apple топтамасының ультрапортативті ноутбугін береді. Модельдің максималды жуандығы 1,7 см құрайды. MacBook Air салмағы 1,06 кг. Apple ресми мәлімдеуі бойынша – бұл әлемдегі ең жіңішке ноутбук.