Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Балалық шақ мерекесі

16 қазан (жексенбі) «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының волонтерлары серіктестердің қолдауымен №1 облыстық балалар үйінің елу тәрбиеленушісі үшін мереке ұйымдастырды – «Жануарлар карнавалы» көрінісіне циркке алып барды.

«Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының (Қайырымдылық Seimar Social Fund және БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы) волонтерлары цирктік көрініс ұйымдастырушыларының жәрдемдесуімен балаларға циркке сапар ұйымдастыруды шешті. «Ресейдің Алтын Циркінің» шығармашылық ұжымы мен өкілдері жастары 5-тен 10-ға дейінгі №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 50 билет сыйлады.
Мереке одан әрі көңілді болсын деп АҚ «Galans bottlers» компаниясы барлық балаларға «Maxi чай» сусындарын таратты, ал Қазақстандағы тұнғыш салауатты органикалық ас дайындайтын «O!Cafe» кафесі балаларға дәмді және пайдалы майға қуырылған картопты таратты.
Акция ұйымдастырушылардың қатысуының және селқос қалмағанының арқасында «Komanda SOS» орталығының волонтерларына елу балақай үшін нағыз мейрам ұйымдастыру қолдарынан келді, өйткені онда тек таңқаларлық цирк әлемімен кездесуден ғана емес, сонымен бірге құрдастарының күлімсіреуінен және селқос емес адамдардың қамқорлығынан қуанышқа орын болды.
Әрбір ойдағыдай өткен акция - бұл волонтерлық және еріктілік қызметтің маңызды құралы, «Komanda SOS» Орталығы барлық волонтерлар мен серіктестерге берілген мәселеге жауапты келгендері үшін алғысын білдіреді.