Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


1 257 адам және 317 отбасы Komanda SOS волонтерларынан атаулы көмек алды

2011 жылдың 1 тамызынан 18 қазанына дейінгі мезгілде «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығының волонтерлары мүгедектерге, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларына, балалар үйлеріне, мешіттерге, ардагерлерге және қарт адамдарға азық-түлік қоржындарын тарату ретінде көмек көрсетті.
1 тамызда қадірлі Ораза айымен бірге әлеуметті қорғалмаған халық топтарына азық-түлік қоржындарын тарату ретінде мақсатталған көмек көрсету акциясы басталды.
Бірелген бағдарлама негізінде ортақ саны 1 257 адамды құрайтын мүгедектерге, қарт адамдарға, ардагерлерге, сонымен бірге ортақ саны 317 әлеуметті жағдайы нашар отбасына (Алматы және Ақмола облыстарынан), 3 балалар үйіне: Бағанашылдағы балалар үйіне, Талғардағы «Нұр» атты балалар үйіне, Амина апайдың «Перзентхана» атты балалар үйіне азық-түлік қоржындары таратылды.
Азық-түлік қоржындарын тарату ретінде өткен көмек көрсету әрекеті Мүгедектер күнімен (6 қазан) және қарт адамдар күнімен (1 қазан) ұштастырылды. Барлық азық-түлік қоржындардың құрамы бірдей болды және келесілерден тұрды: күріш, гречка, асбұршақ, түтік кеспе, қойылтылған сүт, кәмпиттер, күнбағыс майы, ерітілген ірімшік, финиктер, бадам, мейіз, қақ өрік, қант, печенье, ұн, татымдылар, тұз, шай, кофе.
Азық-түлік қоржындары орталықтың волонтерларымен сатып алынды және жасалды, сонымен бірге Орталық қоржындарды Алматы қ. Қалалық Ардагерлер Одағымен, «Ауезов ауданының мүгедектер қоғамымен» ҚҰ, «Алатау ауданының мүгедектер қоғамымен» ҚҰ, Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорынның Әлеуметтік және Еңбектік сауықтыру Емдеу орталығымен, «Ясин» атты Исламдық Қайырымдылық Қормен, «Фирдаус» соқырлар орталығымен, «Өсу гормонының кемдіктері бар ауру адамдарды қорғайтын Алматылық қалалық қоғамымен» ҚҰ бірігіп зейнеткерлердің және ардагерлердің үйлеріне жеткізді.
Сонымен бірге Н.Тлендиев ауылындағы «Сманкул» мешіттің және Байсерке ауылындағы Д.Қонаев атындағы мешіттің қолдауымен төрт қайырымдылық ас беру ұйымдастырылды.
Барлық көмек көрсету «Komanda SOS» орталығы волонтерларының, сонымен бірге «Metro Cash and Carry» сауда желісі қызметкерлерінің белсенді қолдаумен іске асырылды.