Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Тілектер шыршасы – 2012: балаларға мереке сыйлайық?!

1 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы, Vox Populi және «Спутник» СККО «Тілектер шыршасы» атты жаңа жылдық қайырымдылық акцияны өткізеді. Әрбір қалаушы «Шымбұлақ» туберкулезді емдейтін балалар шипажайында жатқан кіші-гірім емделушілердің ардақты армандарын орындай алады.
Өткен жылы «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы( Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы), Vox Populi және «Спутник» СККО №1 интернат-мектебінің есту қабілеті бұзылған балаларына арнап «Тілектер шыршасы» атты акциясын өткізді. Өткен жылы жақсы пікірлерге және нәтижелерге ие болған ұйымдастырушылар осы акцияны дәстүрге айналдыруды және осы жылы да балалар үшін сыйлықтар жиынын өткізуді шешті.
«Тілектер шыршасы – 2012» қатысушылары «Шымбұлақ» туберкулезді емдейтін балалар шипажайының жас емделушілері болып табылады. Көбінесе шипажай емделушілері – бұл тәуекелді топқа кіретін балалар. Тәуекелді топқа ата-аналары туберкулезбен ауратын немесе туберкулезден қайтыс болған балалар, сонымен бірге туберкулездің жабық түрімен ауратын балалар кіреді. Әдеттегідей, осы шипажайға түскендер – бұл әлеуметті-нашар отбасыларынан шыққан балалар немесе жетім-балалар. Барлық балалар секілді олар да мейрамдар және сыйлықтар жайлы армандайды, бірақ өкінішке орай шипажай қызметкерлерінде сыйлықтарды сатып алуға мүмкіншіліктері жоқ. Алматылықтар мен қала қонақтары бір сәтте сиқыршы бола алады және балалардың қарапайым, бірақ ардақты армандарын орындай алады.
«Тілектер шыршасы» - бұл сыйлықтарды жинайтын қарапайым бағдарлама емес, бұл акцияның мақсаты қайырымдылық ойын дәріптеуде және ең маңызды мен байыпты мәселелерге қоғамның назарын аудартуда негізделеді. Шипажайда жастары 1,5-нан 13-ке дейінгі 250 бала емделіп жатыр. Осында олар барлық қажеттіліктерге ие болады – тамақтанады, тұрады және білім алады. Балалардың көбісі шипажайда 5 жылдай тұрады. Бірақ мемлекеттің жәрдемі балалардың жылы киімдері мен ойыншықтары сияқты ең қарапайым қажеттіліктерін әрқашан жаба алмайды, өйткені бұл балалар үйі емес, бұл шипажай, осында медициналық және білім беру қызметі көрсетіледі.
Туберкулездің осы күнге дейін қазақстан қоғамының маңызды әлеуметтік мәселесі болып қалғаны жұртшылыққа мәлім. Туберкулез – бұл әлеуметті-маңызды ауру, онымен көбінесе өмір сүру жағдайы нашар адамдар аурады. Туберкулез кезінде тыныс алу органдарының 95 % зақымданады. Балалық шақта туберкулез айрықша қауіпті, өйткені аурудың дамуы өте шапшаң өтеді.
Балалар барлық жерде бірдей және олардың тілектері де бірдей деп айтады. Бірақ бұл балалар түрлі себептерге байланысты өздерінің құрдастарынан әлдеқайда есейген. Балалардың көпшілігі Жаңа Жылға ойыншықтарды, қуыршақтарды және құрылымдаушыларды емес, кеудешелерді, жылы етіктерді, бас киімдерді және қарапайым киімдерді алғысы келеді.
Шипажайдың балаларына сыйлықтар жасау өте жеңіл: «Спутник» СККО-ға 1-ші желтоқсаннан 5-ші қантарға дейін келіп, Тілектер шыршасынан кез келген баланың суретін алып, сурет айналымында көрсетілген сыйлықты сатып алу жеткілікті. «Спутник» СККО ресепшн қызметкерлері сіздерге көмектеседі, олар сыйлықты шипажайға жіберу үшін сізден қабылдап алады және оны тіркейді. Сіз баланы алдын-ала «таңдай» аласыз: балалардың суреттері және олардың тілектері www.voxpopuli.kz сайтында «Тілектер шыршасы 2012» атты арнайы жарияламасында орналастырылған.
Сыйлықтарды марапаттау рәсімі 11 қаңтарда 2012 жылы жаңа жылдық демалыстардан кейін өтеді. Осы думанға қалағандардың барлығы қатыса алады. Балаларға мерекені бірге сыйлайық!
Қосымша ақпарат алу үшін, «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығына жолығыңыз: +7 727 266 39 00 + 7 705 18 18 395 +7 705 888 57 88 www.volunteer.kz
суретке сілтеме: осында қараңыз