Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Айкын "Еріктілердің еңбегі ескерілмей келеді" (06.12.2011)

Жоғарыдағы бір мәліметтен-ақ елімізде қайырымдылық саласындағы кез келген істің еріктілердің көмегінсіз іске аспайтыны көрініп тұр. Сондықтан еріктілер қызметіне де мемлекеттік тұрғыдағы көзқарасты жақсартудың уақыты әлдеқашан жеткен-ді. Жалпы, қайырымдылық - қазақтың қанында бар қасиет. Жақынға жанашырлық жасауда алдына жан салмайтын бірден-бір халық - қазақтар. Дегенмен еріктілер бүгінгі қоғамда көп емес. Осыдан-ақ оларға қолдау мен насихат жетпей жатқанын көруге болады. «SOS» орталығында бүгінде 50 тұрақты ерікті қызмет жасаса, резервте - 1000 шақтысы бар екен. Дегенмен бұл мәлімет - аса жақсы көрсеткіш емес. Ә. Сағынғалиеваның сөзіне сүйенсек, орталыққа ерікті болуға жаңадан келетін жандардың 54 пайызы түрлі қоғамдық ұйымдардан, 10 пайызы оқу орындарынан, 8 пайызы - бұқаралық ақпарат құралдарынан және 6 пайызы ғана - интернет арқылы біліп келеді екен. Демек, бұдан еріктілікті насихаттау жұмыстары жақсы жүзеге асырылмай жатқанын көруге болады. Сондай-ақ ақшаға емес, алғыс үшін ғана қызмет етіп жүргендерді қолдау шарасы да жақсы жолға қойылмаған. Мәселен, еріктілердің көбі - студенттер мен қалыптасқан, яғни, жұмысы тұрақтанып, күнделікті өмірін реттеп алғандар болып табылады. Студенттер жұмыс тапқанға дейін ерікті болуды «ермек» көреді. Алайда еріктілердің еңбегін пайдаланатын мемлекеттік мекемелер не қоғамдық ұйымдар олардың қызметке орналасуына тікелей араласпайтыны өкінішті. Егер бұл сала - жұмысқа тұрудың баспалдағы болса, елімізде еріктілер саны әлденеше еселенер еді.
Дәл осы тектес бастаманы таяуда Ұлттық еріктілер желісі де көтерген болатын. Олардың ұсынысы бойынша, мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін әрбір жан, студент, тіпті оқушылар уақытының бір бөлігін әлеуметтік салаға арнауы қажет. Яғни, мұқтаж жандарға көмек көрсету, түрлі әлеуметтік шараларды жүзеге асыруға атсалысу дегендей. Алайда бұл ретте «ерікті» деген атқа нұсқау келетіні тағы бар. Өйткені мәжбүрлеп ерікті жасауға болмайды. Дегенмен еріктілер желісінің «бұл салада жеке заң не арнайы бағдарлама болу қажет» деген ұсынысын құптауға болады. Мақсат бар жерде - сапалы жұмыс жүргізуге болады.
«Seіmar Socіal Fund» қайырымдылық қоры директорының орынбасары Әлия Сағынғалиева өз кезегінде еріктілер қызметін дамыту үшін адамдардың жасына, қызметіне қарай бөлудің дұрыс еместігін тілге тиек етті.
- Еріктілерді ешқандай топқа бөлуге болмайды. Оларды ортақ мақсат біріктіріп тұрғанда, олардың бәрі - бірдей. Өйткені жақсылықтың үлкен-кішісі, азы-көбі болмайды. Біз, мәселен, ұдайы түрде еріктілердің тізімін жасап отырамыз. Оларды қалауына қарай және қызмет орындарының сұрауына сәйкес, әр мекемелерге жіберіп отырамыз. Ол жерде ерікті жан жұмыс тәжірибесін игереді, тіпті, кейін сол жерде қызмет табуы да мүмкін. Қазіргі жұмыс табу қиын шақта, еріктілер үшін жұмыс тауып беру - ол да өзіндік қолдау. Қолдау туралы айтқанда, олардың қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені олар қиын-қыстау жерге, бұрын тәжірибесі болмаған салаларда да еңбек ете береді. Демек, ондай кезде қорқыныш болары да заңдылық. Осы қорқынышты жеңу үшін еріктілердің қауіпсіздігін кепілдендірсе - игі. Егер қауіпсіздікке ешкім кепіл болмаса, кім қиын-қыстау жерлерге барғысы келеді дейсіз? - деді Ә.Сағынғалиева.
Шара аясында белсенді еріктілер мен осы тақырыпта кеңінен қалам тербеп жүрген тілшілер қауымын марапаттаудан кейін жаңа қайырымдылық шарасының тұсауы кесілді. Ол - Англия футбол құрамасының мүшелері қол қойған допты аукционға шығару болатын. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл допты орталыққа «Haіleybury» мектебінің оқушысы тарту еткен екен. Ол өз кезегінде допты Англия құрамасымен кездесу барысында сыйға алған. Енді бұл доп 2 ай бойы интернет-аукционға түспек. Бастапқы бағасы - 3 мың АҚШ доллары. Бұл шарадан түскен барлық қаражат БЦС ауруына шалдыққан балалардың емделуіне жұмсалмақ. Айта кету керек, Қытай не Ресейде мұндай ем алу бағасы - 6 мың доллар шамасында.


Нұрболат АМАНЖОЛ