Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


KOMANDA SOS «ДЦП БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ҮШІН АНГЛИЯНЫҢ ФУТБОЛ БОЙЫНША 2010-ЧМ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚОЛТАҢБАЛАРЫ»

7 ақпан 2012 ж. (сейсенбі), сағат 11:00-де World Class Almaty фитнес-клубында (Наурызбай батыр көш. 89, Қабанбай батыр көш. қиылысында) «ДЦП бар балаларды қолдау үшін Англияның футбол бойынша құрамасының қолтаңбалары» атты қайырымдылық аукционның ресми қорытындысын шығару рәсімі өтеді. Аукционға шығарылған доп 890 000 теңгеге (6 000 АҚШ долларға) сатылды.

Аукционды ашық деп жариялған сәттен «Komanda SOS» Орталығына допты сатып алуға 7 сұраным түсті. Қорытындысында доп 6 000 АҚШ долларға сатылды – бұл лотта ұсынылған ең жоғарғы деңгейдегі баға.
Пресс-конференцияда ұйымдастырушылар қайырымдылық аукционның қорытындысын шығарады, доптың сатып алу- сату шарттары жайлы айтып береді және ДЦП-дан( детский цебральный паралич) емделуге қай балаларға көмек көрсетілетінін жариялайды.

Естеріне түсірейік, Халықаралық Еріктілер Күні - 5 желтоқсан 2011 ж. «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы (Қайырымдылық Seimar Social Fund пен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының бірлескен ынтасы) және «Меломан» желісі айтқысыз жобаны жіберді - «ДЦП бар балаларды қолдау үшін Англияның футбол бойынша құрамасының қолтаңбалары» атты қайырымдылық аукцион.

Қайырымдылық аукцион ДЦП бар балаларды емдеу үшін «Қайырымдылық істер қобдишасы» атты жеке қайырмал жинау бағдарламасы бойынша қаражаттарды тартуға бағытталған. Доптың бастапқы бағасы 3 000 АҚШ долларды (445 000 теңгені) құрды. Доп «Меломан Гранд» дүкенінің павильонында үш ай бойы шығарылып қойылды.

Аукцион қорытындысын келесілер шығарады:
1. Сакен Сейфуллин - Қайырымдылық Seimar Social Fund қамқоршылық одағының төрағасы;
2. Жоао Карлос Барбоса – «Қайрат» футзал клубының басты тренері;
3. Валихан Тен – World Class Almaty фитнес-клубының бастығы;
4. Низами Мамедов – «Меломан» желісінің өкілі;
5. Властимил Самек - БҰҰ қоғамды ақпараттау департаментінің өкілі;

Берілген шараға аккредитация алу үшін төменде көрсетілген нөмерлерге хабарласыңыз:
+7 727 266 39 00
+7 705 181 83 95 - Алия
+7 705 888 57 88 – Григорий
komandasos@gmail.com, www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz,
www.volunteer.kz, www.donations.komandasos.kz