Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Қазақстанда волонтерлерді даярлайтын тұңғыш кәсіби мектеп ашылды

2012 жылдың 21 мамыры – Жас энтузиастердің, кәсіби жаттықтырушылар мен мамандардың командасы волонтерлерді даярлайтын жаттықтырушылардың тұңғыш кәсіби мектебін ашты. Өткен демалыс күндері осы мектептен бүкіл Қазақстан бойынша ҮЕҰ-ның 22 өкілі оқып шықты.
«Жаттықтырушылар мектебі» – бұл волонтерлермен кәсіби түрде жұмыс жүргізетін және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатын мамандардың командасын құруға бағытталған Қазақстанның ҮЕҰ өкілдеріне арналған арнайы жоба. Бұл мектептің негізгі мақсаты өзінің ҮЕҰ-да волонтерлермен тиімді жұмысты ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар осы жұмысқа өзге ұйымдардағы өз әріптестерін үйрете алатын білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Бүгінде Қазақстанда волонтерлік ортада қызмет ететін бес мыңнан артық ҮЕҰ тіркелген. Қазақстандағы БҰҰ-ның еріктілері бағдарламасының ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлескен түрде жүргізген «Қазақстандағы даму ресурсы ретінде еріктіліктің жағдайын талдау» зерттеуінің деректері бойынша сауалнамаға қатысқан ұйымдардың небәрі 12,5 пайызы ғана өз қызметіне еріктілерді қатыстырып отырады. Бұл жағдайда 10 компанияның 9-ы еріктілерді тартуға құштар.
Әлия Сағынғалиева, «Жаттықтырушылар мектебі» жобасының үйлестірушісі, Қайырымдылық Seimar Social Fund - «Komanda SOS» Еріктілердің Үйлестіру Орталығының атқарушы директорының орынбасары мынадай пікірде: «Еріктілік бастамаларды дамыту – Қазақстан үшін өзекті тақырып болып табылады. Өкінішке орай, еліміздегі волонтерлік шаралар осы уақытқа дейін үзінді сипатқа ие, оның жүйелік тұрғысы, сондай-ақ мемлекеттік реттеу мен ынталандыру механизмдері жоқ. Сол себептен волонтерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың ең жоғары әсері мен пайдасы тию үшін олардың күш-жігерін, әсіресе еліміздің аймақтарында мақсатқа лайықты түрде үйлестіріп отыру қажет».
«Жаттықтырушылар мектебі» оқу бағдарламасында орыс және қазақ тілдеріндегі семинарлар мен тренингілер қамтылған, оларды жүргізуге арнап жобалық менеджмент, фандрейзинг, қаржылық аудит, журналистика және электронды медиа, сондай-ақ PR және психология саласының қазақстандық және шетел мамандары шақыртылды. Аталмыш жоба шеңберінде қазақ және орыс тілдеріндегі волонтерлік қызмет пен әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру әдістері, технологиялары және құралдары бойынша тұңғыш оқу құралы әзірленді.
Сорос-Қазақстан Қорының «Жастар бастамасы» бағдарламасының үйлестірушісі Сәуле Мейірманова былай дейді: «Бүгінде аса өзекті мәселелердің бірі үшінші сектордың мамандарын кәсіби даярлау болып отыр. «Жаттықтырушылар мектебі» жобасы осы мәселені шешуге деген мұқият және кешенді көзқарастың белгісі болып табылады. Біз бұл жобаның еріктілік қызметінің маңыздылығы туралы тақырыпты жаңа қырынан ашып қана қоймай, сонымен қатар оның өскелең ұрпақ пен ұйымдардың арасындағы тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді деген сенімдеміз».
«Жаттықтырушылар мектебі» жобасының қатысушылары тренингтердің қазақ және орыс, екі тілде өтетіні тең жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін атап кетті – «Бұл оқытудың жаңа үлгісі, онда бағдарламалар орыс және қазақ тілдерінде жоғарғы кәсіби деңгейде дайындалған, бұл өте тиімді. Сонымен бірге мектеп бағдарламасының бірегейлігі оның кешенді болуында. Екі күн ішінде біз теорияны толық меңгердік, кейін оны тәжірибеде қолдануды үйрендік» - дейді Жадыра Сарманова, Жаттықтырушылар Мектебінің қатысушысы.
Жоба Қайырымдылық Seimar Social Fund - Komanda SOS-тың, Ұлттық Волонтерлік желі (НВС) мен Қазақстанның Жастар Ақпарат қызметімен БҰҰ Еріктілер Бағдарламасымен бірлескен түрде Сорос-Қазақстан Қорының қаржылық қолдау көрсетуімен жүзеге асырылуда.
Қосымша ақпарат:
Сағынгалиева Әлия,Қайырымдылық Seimar Social Fund - «Komanda SOS» Еріктілердің Үйлестіру Орталығы
Байланыс телефон(дар)ы: + 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95, + 7 705 888 57 88
Э-пошта: komandasos@gmail.com
Веб-сайт: www.komandasos.kz
Фото-отчет:тут