Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Angels in Action

Жақын арада біз Angels in Action жаңа волонтерлық тобының бар екенін білдік. Оның бастамашылары – Жазира (ол сонымен қатар Komanda SOS волонтеры) және Сауле, осы екі тұлға айналасында болып жатқан жағдайға селқос емес. Сол себепті олар кіші-гірім жобаны ұйымдастырды және оны Angels in Action деп атады.
Жобаның негізгі ойы пайдалы және жақсы нәрселерді жасау, сонымен бірге сыбайластар арасында құру үрдісімен және креативті ойларды іске асырумен рақаттану. Осы сәтте олар екі кіші-гірім жобаны іске асырды, біреуін Балаларды қорғау күніне орайластырды, ал басқасы баспанасыз қалған жануарларға көмек көрсетуге бағытталған. Ойлардың өздері өте қарапайым болып келеді, мысалы 1 маусым күні олар шарларды сатып алып, оларды балаларға таратты. Ал 1 шілдеде олар баспанасыз қалған жануарлар жайлы оқиғаларды айтып беру үшін және оларды видеоға түсіру үшін «Мастино» атты мал дәрігерлік клиникаға және басқа жерлерге барды. Видео фэйсбукта қожасын табу негізгі мақсатымен жарияланды. Келесі жоба шілденің соңына жоспарланып отыр және әркім тек қана қатысушы немесе волонтер ретінде емес, сонымен қатар жаңа әлеуметтік бағдарламаның дем берушісі ретінде қатыса алады. Саған керектісі, бұл іске жеңіл асырылатын креативті ойды ойлап табу және Жазирамен (k.jazira@gmail.com) немесе Саулемен (saule.muhamedzhanova@gmail.com) бөлісу. Жобаның негізгі өлшемдері : пайдалылығы, минималды бюджет, басқа волонтерларды тарту мүмкіншілігі және позитивтілік. Жоғарыда көрсетілген e-mails ойларыңызды жіберіңіз, хаттың тақырыбы «Angels in Action». Ең жақсы ой 28-29 шілдеде іске асырылады! Ұсыныстар мен ойларыңызды 22 шілдеге дейін жіберіңіз, немесе фэйсбук тобына жазыңыз :https://www.facebook.com/groups/298122856922618/онда сіз өткен жобалардың видео роликтерін көре аласыз.
Сені қызықтырды ма? Қосыл, барлығы сенің қолында!