Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


XV SEIMAR OPEN – әуесқойлар арасындағы гольф бойынша Қазақстан Чемпионаты

1-2 қыркүйекте NURTAU гольф-клубында кезекті SEIMAR OPEN атты гольф бойынша Қазақстан Чемпионаты өтеді, ол Kazakhstan Open European Challenge Tour атты беделді гольф-мейджор турниріне іріктеуші кезең болып саналады. SEIMAR OPEN үшін осы мерейтойлы жылы Спорт және дене шынықтыру бойынша Қазақстан Республикасының Агенттігі гольфты Қазақстан спортының ресми түрі ретінде тіркеу үшін қажетті құжаттарды қабылдады.

15 жыл бойы өткізіліп жатқан және аңызға айналған SEIMAR OPEN турнирі NURTAU гольф-клубының алаңдарында ең мықты спортшы-гольфистерді жинайды. SEIMAR OPEN Қазақстан Чемпионатының өткізілуі гольфты дәріптеуде негізгі бағыттардың бірі болып табылады және Қазақстанда спорттың ресми түрі ретінде танылады, бұл гольфты әркімге қолайлы болуға, сонымен бірге басты әлемдік жарыстарда, сонын ішінде Олимпиада ойындарында отанымызды көрсетуге қабілетті мықты спортшылар командасын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Гольф Қазақстанда ең дамыған спорт түрлерінің бірі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанда 6 гольф-клуб, 4 балалық гольф мектеп жұмыс істейді, жыл сайын European Challenge Tour - Kazakhstan Open беделді кезеңдерінің бірі өткізіледі, он шақты pro-am турнирлері өткізіледі. Ал ең бастысы біздің жас спортшылар халықаралық жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерді көрсетеді.
15 жыл бойы SEIMAR OPEN Қазақстан Чемпионатының өткізілу нәтижесінде қатысушылар құрамы айтарлықтай ұлғайды және «жасарды». Егер, турнирдің бірінші жылдары ең мықтылар тізімінде шетел спортшылары болса, ал бүгінгі күні өзінің керемет техникасын және жоғарғы нәтижелерін біздің қазақстандық ойыншылар көрсетеді. Жаңа жеңімпаздар өсіп келе жатыр. Осыған дәлел ретінде қазақстандық юниорлардың әлемдік жарыстардағы жеңістері болып табылады, бірақ олар АҚШ пен басқа елдердің жалауларымен қатысуға мәжбүр. Мысалы, он екі жасар Даулет Тулеубаев осы жылдың сәуір айында американдық Пэррис-Айлэнд қаласында, Оңтүстік Каролина штатында, Memorial атты беделді юниорлық турнирінде жеңіске жетті және Халықаралық юниорлық гольф-турдың (IGJT) рейтингін басқарды. Ал өткен жылдың қараша айында Даулет жұртты таң қалдырды, ол Джексонвиллде, Флорида штатында өтетін Major Championshipat TPC Sawgrass ең беделді турнирінде өзінің жастық дәрежесінде жеңіп алды. Сонымен бірге өзінің дәрежесінде мықты спортшы Маргарита Ким біздің отандасымыз болып табылады. Жақын арада ол Ресей Чемпионатында қоланы жеңіп алды.
Маргарита Ким және Даулет Тулеубаев NURTAU Golf-Club гольф Академиясының түлектері болып табылады. Бүгінгі күні балалық гольф-академиялардың жұмысы – бұл гольф-клубтардың өзіндік ынтасы болып келетінін айта кету жөн. Қазір Қазақстанда осындай гольф мектептер саны төрт: Шымкентте, Астанада, Қостанайда және екеуі Алматыда. Онда жастары 3-тен 18-ге дейінгі балалар гольфпен шұғылданады. Мектептер өз қаражаттарымен қаржыландырылады және біздің спортшылардың жас тәрбиеленушілеріне және отандық гольфтің болашағына деген сенімдерінің арқасында жұмыс істейді. 2004 жылдан NURTAU Golf-Club гольф Академиясының оқушылар саны 25-тен 100-ге дейін өсті. Көбінесе бұл қарапайым отбасылардың балалары. Бүгінгі күні мектеп оқушыларының көбісін Ресейдің және Британияның ең мықты спортшылары тегін жаттықтырады. «Қазақстанның Тайгер Вудзын табу үшін Қазақстанда гольфпен барлық 16 млн. адам айналысу керек» - дейді Константин Лифанов, NURTAU клубының гольф-директоры. Дәл осылай кезінде Пеле мен Рональдо футбол жұлдыздары табылды және гольфта да осы қол жетімділік қағидат және бұқаралық тарту маңызды. Сол себепті қазір гольф кәсіпқорлары спорттың осы түрін тым қолайлы және танымал жасауға тырысады.
Егер гольф Қазақстанда спорттың ресми түрі болса, онда біздің қазақстандық спортшыларда әйгілі болу мүмкіндігі әлдеқайда көбейеді. Балалық гольф мектептері балалардың көбісін оқыта алады, спортшылар үшін сәйкес спорттық топтастыру өңделеді және қабылданады, ресми топтастырылған жарыстар өткізіледі, сонда мүмкін біздің спортшылар әлемдік рейтингке кіре алады және Олимпиадалық ойындар мен басқа халықаралық жарыстарда қазақстандық жалаудың түсін қорғай алады.
1998 жылдан өткізіліп жатқан SEIMAR OPEN турнирі Қазақстан отағасының бірі болып табылады. 2007 ж. турнир мәртебесі pro-am-нан әуесқойлар арасында гольф бойынша Қазақстан Чемпионатына ауысты. Бұл турнир қазақстандық ойыншылар үшін European Challenge Tour - Kazakhstan Open-ге өтудің жалғыз ғана кезеңі болып табылады.
Дәстүр бойынша турнирге Қазақстанның, Корейдің, Ресейдің, Қырғызстанның және Еуропалық одақтың әуесқойлар санатының спортшылары қатысады. Қатысушылардың жастық санаты – 7-ден 65-ке дейін. Басты шытырманы Чемпионаттың негізгі олжасының – «Үлкен Жұмыртқа» Ауыспалы Кубогының ұтысқа салуы болады. Кубокқа барлық турнирлердің жеңімпаздарының есімдері ойып жасалды: Еркін Қалиев (1998 ж.), Александр Стрункин (1999 ж.), Shim Jae Dong (2000 – 2005 ж.ж.), Minallah Shahbaz (2006 ж.), Андрей Лагай (2007 ж.), Kim Do Yun (2008 ж.), Kang Bying Ku (2009 ж.), Нурлан Макулбеков (2010 ж.), Kang Bying Ku (2011 ж.).
Олжаның үш жиынтығы және үш номинация - Hole-in-one , LongestDrive және Nearesttothepin ойнатылады.
Бірінші жиынтық: 1,2,3 орын – гандикапты санамағанда ең жақсы жеке нәтиже үшін - BestGross. Жүлделер үш ең жақсы ойыншыға тапсырылады. Бірінші және екінші орын жеңіскерлеріне European Challenge Tour - Kazakhstan Open жолдама тапсырылады. Санаттағы ең жақсы ойыншыға әуесқойлар арасында Қазақстан Чемпионы лауазымы және «Үлкен Жұмыртқа» Кубогы тапсырылады.
Екінші жиынтық: 1,2,3 орын – гандикапты санаған жағдайда ең жақсы нәтиже көрсеткен үш ойыншыға тапсырылады.
Үшінші жиынтық: 1,2,3 орын – қатысушы елдер арасында ойнатылады, гандикапты санамаған жағдайда ортақ командалардың жиынтықтарының сомасын есептегендегі нәтижелері бойынша үш ең мықты ойыншысына тапсырылады.
Longest drive – екінші ойын күні ең алыс соққы үшін беріледі.
Nearest to the pin – екінші ойын күні шұңқырға ең тұра соққы үшін беріледі.
Қазақстанның ерлер арасында гольф бойынша дәстүрлі Чемпионаты Seimar Open Қазақстанда заң бойынша сартап турнирінің бірі болып табылады. Бірақ осы жылы турнир ережелеріне бір өте маңызды түзету енгізілді. Бүкіл әлемдегі гольф Ережелеріне жауап беретін, АҚШ пен Мексикадан басқа Сент-Эндрюс (R&A) Корольдік Көне Клубтың Шарттары бойынша комитет hole-in-one доп кіргізген ойыншы бағалы жүлде алуға құқылы екенін орнатты. Бұрында hole-in-one жеңген «әуесқой» мәртебесіне ие ойыншылар бағасы 1000 у.е. артпайтын балама бағасындағы жүлдеге ғана үміттене алатын. Осы жылы Seimar Open Чемпионатында hole-in-one жүлдесін Audi брендпен Mercur Auto Ltd. Компаниясы шығарады. Осы номинациядағы жеңімпаз «Audi 1» маркасы автокөлігінің иегері болады.
Әдеттегідей Seimar Open барлық турнирлері серіктестер қолдауымен өткізіледі, дәл олар чемпионат рәміздері ретінде есте қалады. Осы жылы Seimar Open Қазақстан Чемпионатын эксклюзивті жүлделерімен және дисконттық карталарымен «Императорский портной» компаниясы, «Küppersbusch» неміс тұрмыстық техникаға жүлделі сертификаттармен «Azimut» компаниясы, «RobbReport» журналымен «PartnersMediaGroup» баспа тобы және әлемге әйгілі білімпаз Джим Мюрреймен оның «Виски библиясы» кітабында жоғары бағаланған «Glenmorangie» таңдаулы бірсолодты виски сауда маркасымен «Казахстан Коммерция» компаниясы қолдайды.
«Glenmorangie» бірсолодты зор виски түріне жатады. Оның әдемілігі сезімдік және ымырасыз, бірінші ауаны ішке жұтқан сәттен құпиямен тұмшалаулы екені ашылады, сонымен бірге соңғы ызаландыратын және толқытатын жұтым кезінде сезіледі. Оның көп қырлығы – күрделілігінде ең жоғарғы дәрежесінде...».

SEIMAR OPEN Чемпионатының серіктестері:
- «Küppersbusch» дегдарлы тұрмыстық техника брендпен «Azimut» компаниясы. «Küppersbusch» неміс тұрмыстық техникасы 140 жылдан аса ғаламшардың барлық құрылықтарында ең мықтылардың бірі болып танылған: Америкада, Азияда және Еуропада. Компанияның ұраны «Мұрат қағидат ретінде»: ымырасыз сапа, эргономикалық қап, асүйдегі жайлылық пен ыңғайлылық, мұратталған атқарымдық. Қайнату, суыту, сақтау, жылыту техникасы және ыдыс даярлау үшін жабдықтар – барлығы бірге толық тұтастық.
- Etihad Airways авиакомпаниясы, Біріктірілген Араб Эмираттарының ұлттық авиакөшірушісі, Чемпионат жеңімпаздарына Алматы-Абу-Даби-Алматы маршруты бойынша бизнес класына екі билет + Атлантис Палм Дубайда тұру, Алматы-Абу-Даби-Алматы маршруты бойынша эконом класына екі билет + Атлантис Палм мейрамханалар желісінің біреуінде түскі ас және Aquaventure Water Park аквопаркіне кіру билеті; сонымен бірге Fairmont Bab Al Bahr, Jumeirah Etihad Towers қонақүйлерінде тұруға ваучер және Etihad – HalaAbuDhabi қызмет көрсету бөлімшесінен Yas Links Golf-Club гольф-клубынның 18 шұңқырында ойнау мүмкіндігін береді. Etihad Airways Алматы-Абу-Даби-Алматы маршруты бойынша аптасына үш рет және Астана-Абу-Даби маршруты бойынша А320 аэробуспен қызмет көрсететін екі класспен аптасына бір рет рейстерді орындайды. Кесте іскер адамдар мен туристер үшін максималды түрде ыңғайлы және Еуропаның, Солтүстік Американың, Азия-Тынықмұхит аймақтарының көптеген қалаларына қолайлы түйісуді қамтамасыздыруға мүмкіндік береді.
- «Perrier»,«Vittel» сауда маркаларымен және «Dammann» шайымен «CaravanBaverageHolding» компаниясы;
- Gracio сауда маркасымен «RG Brands» компаниясы;
- World Class Almaty премиум-класының фитнес-клубы;
- «Аққу» жоғарғы сапалы фарфор;
- «Squesito» кофе шығаратын компания;

Ақпараттық серіктестер: «Golf.kz», «Транзит», «Витрина города», «RobbReport», «Вся Европа», «Nomad Kazakhstan», «РЦБК», «ДМ», «Элитный дом» журналдары.

Бағдарлама:
01.09.2012 – жарыстың бірінші күні. 10:00 бір мезгілді старт.
02.09.2012 – жарыстың екінші күні:
10:00 – 1-ден және 10-нан кезектескен старт
14:00 – 15:30 – қонақтар мен журналистер үшін гольф-клиника
16:00 – 17:00 – марапаттау рәсімі

Қазақстанның Seimar Open атты ХV гольф бойынша чемпионатына аккредитациялану үшін келесі телефон нөмерлеріне ұйымдастыру комитетімен байланысу қажет: +7 727 266 39 00, +7 705 181 83 95, +7 705 888 57 88, seimaropen@gmail.com, www.seimarfund.kz