Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығының және «Chocolife» порталының акциясы аяқталды

Өткен аптада «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығының және «Chocolife» порталының бес жасар Жанабаев Артурға арнайы матрац пен есту аппаратын сатып алу үшін қаражаттарды жинау акциясы аяқталды.
Артурдың диагнозы – балалық цебральді паралич және нейросенсорлық құлақ мүкістігінің 3-4 дәрежесі. Артурдың анасы оны және тағы екі баланы жалғыз асырайды. Анасы Chocolife порталының басшылығына көмек сұраумен жолыққанда оларда ешкім болмаған. Олардың көмек жайлы сауалнамасына соншама адамның үн қатуын ешкім күтпеді.
Нәтижесінде бір апталық акцияның ішінде Chocolife тапсырыскерлерінің арқасында 1 506 200 теңге көлеміндегі соманы жинау мүмкін болды. Осы қаражаттардың арқасында Артурға бағасы 650 000 теңгені құрайтын есту аппаратын, бағасы 170 000 теңгені құрайтын ортопедиялық турмалинді төсегін сатып алды. Артурды Қытайға емделуге жіберу үшін 686 000 теңге мөлшерінде қаражат қалды.
Артурға және оның анасына көмек көрсетіп қана емес, салауатты болашаққа үміт бергендердің барлығына Артур анасынан және Артурдың өзінен, сонымен бірге Komanda SOS, Chocolife порталынан және барлық қайырымды және селқос емес адамдардың атынан алғысымызды айтамыз.