Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


Smart-волонтерларға S.M.A.R.T. басқару

 13-14 қазан 2012 ж. «KOMANDA SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы (БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының және Қайырымдылық Seimar Social Fund бірлескен ынтасы), Қазақстанның Ұлттық Волонтерлық Желісі, БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы және Қазақстандағы Сорос Қоры волонтерлық жобалардың және
волонтерлық топтардың бапкерлері үшін мамандық тренингтің – Бапкерлер Мектебінің екінші кезеңін өткізеді.

Ауқымды жобаның екінші кезеңі – Бапкерлер Мектебі волонтерлық жобалардың басшыларына және волонтерлық бағдарламалардың бапкерлеріне есептелген. Жоба мақсаты волонтерлармен тиімді жұмысты ұйымдастыра алатын, донорлық және демеушілік қатысуына тәуелді емес волонтерлық бағдарламаларды іске асыруды үйрене алатын, сонымен бірге басқа ұйымдардағы әріптестерін осы қызметке үйрете алатын кәсіби мамандарды дайындау болып табылады.
Бапкерлер Мектебінің білім беру бағдарламасының негізгі міндеті волонтерлық топтардың жетекшілерін жобаның мақсаттарын дұрыс құруға, ойларды іздестіруге және SMART технологиясына негізделген бизнес-үдерісті салуға үйрету болып табылады.
Бапкерлер мектебі – бұл волонтерлармен кәсіби түрде жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандар тобын құруға бағытталған Қазақстанның ҮЕҰ өкілдеріне арналған арнайы жоба. Бапкерлер Мектебінің бірінші кезеңінен айырмашылығы, екінші кезең волонтерлық топтардың басшыларын  волонтерлық жобаларды ұйымдастыруда тәжірибелік икемділікке үйретуге есептелген.
Мектеп ұйымдастырушылары бұл оқыту отандық волонтерлық жобаларды жаңа және жоғарғы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретініне сенімді.
Сонымен бірге Бапкерлер Мектебі негізінде келесі мәселелер қарастырылады - қайырымдылық көмек алушылардың түрлері және волонтерлар көрсете алатын көмектің мүмкін болатын түрлері. Волонтерлармен жұмыс істеуде пайда болатын психологиялық мәселелер және осы мәселелерді шешу жолдары, медициналық мекемелерде, балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде және т.б. жұмыс істеудегі өзгешеліктер.
Мектеп ұйымдастырушылары «KOMANDA SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы (БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының және Қайырымдылық Seimar Social Fund бірлескен ынтасы), Ұлттық Волонтерлық Желі, БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, қаржылық қолдаумен Қазақстандағы Сорос Қоры болып табылады.
Мектеп қатысушылары Қазақстанның барлық аумақтарының волонтерлық топтарының жетекшілері мен бапкерлері болып табылады. Сонымен бірге Бапкерлер Мектебі негізінде Ұлттық Волонтерлық Желісінің жұмысын стратегиялық мақсаттау өтеді, осының нәтижесінде волонтерлық жобалар бойынша ортақ республикалық жұмыс жоспары шығарылады.
Сауле Меирманова, Сорос-Қазақстан Қорының «Жастық бастамалар» бағдарламасының үйлестірушісі, айтады: «Бүгінгі күні, өзекті міндеттердің бірі үшінші сектордың кәсіби мамандарын дайындау болып табылады. «Бепкерлер мектебі» жобасы осы мәселені шешуде ұқыпты және кешенді тәсіл болып табылады. Бұл еріктілік қызметте мүмкіндіктер жайлы жаңаша тақырыпты ашуға ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақтар мен ұйымдар арасында оның жағымдылығын көтеруге мүмкіндік беретініне сенеміз».
Еріктілік бастамалардың дамуы – Қазақстан үшін өзекті тақырып. Өкінішке орай, волонтерлық жігерлік біздің елімізде әлі күнге дейін фрагментарлы сипатта, жүйелік амалы, сонымен бірге мемлекеттік реттеу мен ынталандыру механиздері жоқ. Сол себепті волонтерларға және үкімет аралық емес ұйымдарға, әсіресе еліміздің аумақтарында максималды тиімділік пен пайдалылыққа жету үшін жігерліктеріне мақсатталған үйлестірушілік қажет. Соңғы жылдары Қазақстанда  жұртшылық арасында әлеуметтік белсенділк жылдамдығының кәдімгідей өскенін айта кету жөн. Ол туралы волонтерлық бастамалардың саны, сонымен бірге Ұлттық Волонтерлық Желіде және «KOMANDA SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығында волонтерлар санының үнемі өсуі куәландырады. Мысалы, Komanda SOS волонтерларының экономикалық үлесінің жасалған бағасына сәйкес 2010-2011 ж.ж. 110 миллион теңгені құрады, сонын ішінде 2011 ж. қайырымдылық бағдарламалар бойынша ДЦП және ауыр онкологиялық аурулары бар балалардың емделуіне – 53 978 391 теңге тартылды.
Берілген сандар, егер болашақта маңызды әлеуметтік жобаларда жұртшылықтың волонтерлық қатысуын тиімді және жүйелі басқаратын болсақ, онда ол ВВП маңызды үлесін құрайтынын куәландырады. Мысалы, көптеген европалық елдерде қызметтің осы түрі әлеуметтік қызмет көрсету болып саналады, ол түрлі елдердің экономикаларына 3 тен 15% ВВП қосады.
«Бапкерлер мектебінің» оқыту бағдарламасы қазақ және орыс тілдеріндегі семинарлар мен тренингтерден тұрады, оларды өткізу үшін жобалық менеджмент, фандрейзинг, қаржылық аудит, журналистика және электронды медиа, сонымен бірге PR және психология салаларындағы қазақстандық және шетелдік мамандар шақырылды.


Осы жоба негізінде волонтерлық қызметті және қазақ пен орыс тілдерінде әлеуметтік жобаларды ұйымдастыратын тәсілдер, технологиялар мен құралдар бойынша тұнғыш оқу құралы даярланды. «Бапкерлер мектебі» жобасының қатысушылары тренингтердің екі тілде өткізілуі тең жағдайда қызмет етуге мүмкіндік беретінін белгіледі.
Толығырақ ақпарат алу үшін, төменде көрсетілген байланыстарға жолығыңыз:
+ 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95, www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, komandasos@gmail.com