Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ВОЛОНТЕРЛЫҚ БІРЛЕСТІК КҮШ-ЖІГЕРІН БІРІКТІРЕДІ

13-14 қазан 2012 ж. «KOMANDA SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы (БҰҰ Еріктілер Бағдарламасының және Қайырымдылық Seimar Social Fund бірлескен ынтасы), Қазақстанның Ұлттық Волонтерлық Желісі, БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы және Қазақстандағы Сорос Қоры волонтерлық жобалардың жетекшілеріне және волонтерлық топтардың бапкерлеріне біліктілік тренингтің – Бапкерлер Мектебінің екінші кезеңін өткізді.
«Бапкерлер Мектебі» атты кешенді ресурстық жобаның бірінші кезеңі 2012 ж. мамырда басталды. Бірінші «Бапкерлер мектебі» ортақ волонтерлық бағдарламаларды жетілдіретін волонтерлық жобаларды басқаратын ҮЕҰ жетекшілері үшін өткізілді. Ал 2012 ж. қазанның ортасында Астанада БҰҰ үйінде «Бапкерлер мектебінің» екінші бөлімі өтті. Масштабты жобаның – Бапкерлер мектебінің екінші кезеңі волонтерлық жобалардың жетекшілеріне және волонтерлық бағдарламалардың бапкерлеріне арналған.
Жоба мақсаты волонтерлармен тиімді жұмысты ұйымдастыратын, донорлардың және демеушілердің қатысуына тәуелді емес волонтерлық бағдарламаларды іске асыра алатын, сонымен бірге басқа ұйымдардағы әріптестерін осы жұмысқа үйрете алатын білікті мамандарды дайындау болып табылады.
«Бапкерлер Мектебінің» екінші кезеңінің білім беру бағдарламасының негізгі міндеті волонтерлық топтар жетекшілерін жоба мақсатын дұрыс құруға, жаңа ойларды іздеуге және SMART технологиясы негізінде бизнес-үрдісті сапқа тұрғызуға үйрету.
Бапкерлер мектебі - бұл волонтерлармен кәсіби түрде жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырумен айналысатын мамандар тобын құруға бағытталған Қазақстанның ҮЕҰ өкілдеріне арналған арнайы жоба. Бапкерлер Мектебінің бірінші кезеңінен айырмашылығы, екінші кезең волонтерлық топтардың басшыларын  волонтерлық жобаларды ұйымдастыруда тәжірибелік икемділікке үйретуге арналған. Мектеп ұйымдастырушылары мектептің отандық волонтерлық жобаларды жаңа және жоғарғы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретініне сенімді.
Сонымен бірге Бапкерлер Мектебі негізінде келесі тақырыптар бойынша арнайы тренингтер өткізілді - қайырымдылық көмек алушылардың түрлері және волонтерлар көрсете алатын көмектің мүмкін болатын түрлері. Волонтерлармен жұмыс істеуде пайда болатын психологиялық мәселелер және осы мәселелерді шешу жолдары, медициналық мекемелерде, балалар үйлерінде, қарттар үйлерінде және т.б. жұмыс істеудегі өзгешеліктер.
«Бапкерлер мектебінің»  екінші кезеңінің ерекшелігі бірыңғай волонтерлық желі негізінде түрлі аумақтардың волонтерлық бағдарламаларының жетекшілері мен ҮЕҰ басшыларының бірлесіп жұмыс істеу мәселелері бойынша арнайы сессия өтті, сонымен бірге мемлекеттік органдармен бірлесіп қызмет ету мәселелері қозғалды, атап айтқанда ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің, сонымен бірге ҚР Ақпарат және Мәдениет Министрлігінің үкіметаралық емес ұйымдармен өзара әрекет етуін басқару.
«Бапкерлер Мектебі» жобасы Ұлттық Волонтерлық Желісінің қатысушыларымен ресурсты болып танылды, соның нәтижесінде «Бапкерлер Мектебі» жобасының жыл сайын өткізілуін іске асыру шешілді. Мақсаты – білікті мамандарды дайындау, сонымен қатар отандық волонтерлық қызметте ортақ стандарттарды (дефиницияларды, жұмыс құрылымдарды, есептеме үлгілерін, экономикалық үлес пен мониторинг/баға беруді жүргізу үлгілерін және т.б.)шығару. Вера Кимнің – Ұлттық Волонтерлық Желісі басшысының пікірі бойынша «Волонтерлық қызметте ортақ үлгіні шығару волонтерлармен қызмет етудің негізгі және тиімді механизмдерін тұжырымдауға, желінің жұмысын құрылымдауға және жүйелеуге, сонымен бірге волонтерлық бағдарламаларының тиімділігін ортақ индикаторларын және бағалау әдістерін енгізуге көмектеседі».
«Бапкерлер мектебінің» оқыту бағдарламасы семинарлар мен тренингтерден құрылды, онда тәжірибелік және теориялық мағлұматтар болды. Екінші «Бапкерлер Мектебінің» бапкерлер мен спикерлері жобалық менеджмент, фандрейзинг, PR мен психология салаларындағы  мамандар болды.
«Бапкерлер мектебі» жобасының қатысушылары тренингтерді өткізу мектеп қатысушылардың келешектегі жоба қызметіне тиімді әсер ететінін атап көрсетті. «Бірінші Бапкерлер Мектебінен кейін алған мағлұматтарды тәжірибеде кідірмей қолдана бастадым, әсіресе маған өте жобаны жоспарлауда және жобаны іске асыру үрдісін жетілдіруде алған білім маған өте  жарамды болды. Осыдан басқа мен «Волонтерлық қызмет пен электронды БАҚ» атты тренинг кезінде алған құралдарды белсенді қолданып жүрмін, және бұл маған әлеуметті желілерде мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Әсіресе қазір VOXPopuli сайтында балалар үйлерінің қиын мәселелері жайлы репортаж дайындалып жатыр, онда мен тәрбиелеуші болып жұмыс істеймін» - дейді бірінші мектептің қатысушысы Аян Ахметов (Теміртау қ.).
Сонымен бірге мектеп бағдарламасының бірегейлігі оның кешенді болуында және қатысушылармен бір тақырыпта көпжақты білім алуға арналған  – волонтерлық бағдарламаларды іске асыруда.
Толығырақ ақпарат алу үшін төменде көрсетілген байланыстарға жолығыңыз:
+ 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95, www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, komandasos@gmail.com