Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

ГРАНТТАРҒА БАЙҚАУ

 

Қайырымдылық Seimar Social Fund және «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы қоғам өмірін жақсартуға және жетілдіруге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды және жобаларды іске асыру үшін қызықты ойларды іздеу мақсатында байқауды бастайды. 

Таңдаулы әлеуметтік жобаға байқау серіктестік-гранттық бағдарламалар негізінде Қормен өткізіледі. Таңдаулы әлеуметтік жобаға байқау келесі бағыттар бойынша өтеді:

• Жаңартпашылық және ақпараттық технологиялар;

• Білім беру жобалары;

• Салауатты өмір салты;

• Демография.

Мақсаттары: Әлеуметтік бастамаларды дамытуға, сонымен бірге білім беру, ақпараттық технологиялар салаларын, салауатты өмір салтын және демографиялық мәселелерін дамыту мақсатында ҮЕҰ , ғылыми-тәжірибелік орталықтарды, бастаушы топтарды, зерттеулік және білім беру ұйымдарды қолдауға үлесін қосу. 

Міндеттер: 

• Қоғам өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда сарапшылардың және кәсіпқорлардың қатысуын дамыту. Өзінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндк беру. 

• Ақпараттық технологияларын, білім беру бағдарламаларын, салауатты өмір салтын қалыптастыру және демография мәселелерін шешу бойынша жобаларды дамыту мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударту.

• Әлеуметтік жобаларда жұртшылықтың қатысуын арттыру.

Қатысушылар:Байқауға арнайы ұйымдар мен жеке тұлғалар қатыса алады. 

Сұранымдарды қарап шығу мерзімі:айына 1 рет

Байқауға қатысу үшін қабылданады: 

1. бекітілген үлгі бойынша сұраным

2. жобаның тұжырымдамасы

3. жобаның бюджеті

4. барлық мәліметтер электронды және қағаз тасымалдаушыларда ұсынылу қажет

 

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөмерлеріне жолығыңыз:

Алия Сагингалиева – қор бағдарламаларының үйлестірушісі  +7 727 266 39 00,  +7 705 181 83 95

Григорий Ли - қор бағдарламаларының үйлестірушісі  +7 727 266 39 00,  +7 705 888 57 88