Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

XIII SEIMAR OPEN ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҢДАУЛЫ ЛАУАЗЫМЫН АЛУ ҮШІН 104 ЖАНКҮЙЕР-ГОЛЬФИСТ ТАРТЫСТЫ

Бүгін «Nurtau» гольф-клубында Seimar Open атты жанкүйерлер арасындағы гольф бойынша Қазақстан Чемпионаты аяқталды, ол Қайырымдылық Seimar Social Fund және ҚР Гольф Федерациясымен 13 рет өткізіліп жатыр. Осы жылы «Үлкен жұмыртқа» атты ауыспалы кубокты қазақстандық гольфист Нурлан Макулбеков жеңіп алды. Ол гандикапаны санамағанда 154 ұпай нәтиже көрсетіп, сөзсіз жеңіскер атанды.

 

Seimar Open атты жанкүйерлер арасындағы гольф бойынша Қазақстан Чемпионаты «Nurtau» гольф-клубының аумағында 13 рет өтті. Бірақ осы турнирге деген қызығушылық жылдан жылға тек өсіп бара жатыр. Егер өткен жылы чемпионатқа 93 адам қатысса, 2010 жылы бір уақытты бастау сәтіне түрлі елдерден келген 104 гольфист шықты – бұл кез келген жанкүйерлік чемпионат үшін рекордты қатысушылар саны! Осы жылы «Үлкен жұмыртқа» атты ауыспалы кубокты қазақстандық гольфист Нурлан Макулбеков жеңіп алды. Ол гандикапаны санамағанда 154 ұпай нәтиже көрсетіп, сөзсіз жеңіскер атанды. Осы жеңіс оған pro-am Kazakhstan Open European Challenge Tour атты халықаралық турнирге қатысу мүмкіндігін береді, ол Алматыда келесі аптада өтеді. 

Stroke play дәрежесінде гандикапаны есептемегенде екінші орынды 157 ұпай нәтижемен Seimar Open өткен жылғы жеңіскері – Кореядан келген жанкүйер-гольфист Kang Byung Ku жеңіп алды. Үшінші орынды 166 ұпай нәтижемен оның отандасы - Lee Jeong Wook алды. 

Stroke play дәрежесінде гандикапаны есептегенде жүлделі орындарды Корей гольфистері бөліп алды. Бірінше орынды Park Eung Sun (гандикапаны есептегенде 134) алды, екінші орынды – Nah Jun Tak алды, ол өткен жылғы өзінің жетістігін қайталады, бірақ нәтижесін жақсартты (гандикапаны санаганда 136), үшінші орынды – Noh Hwa Seung (гандикапаны санағанда 138) алды. 

Әдеттегідей Seimar Open атты Қазақстан Чемпионатында ұжымдық жарыстарда жүлделер ұтысқа салынды. Осы номинацияның ортақ шегеріміне бір елдің атынан қатысқан үш ең жақсы спортшының нәтижесі кіреді. Осы жылы орындар келесідей орналасты:

І орын – Корей командасы (Kang Byung Ku, Lee Jeong Wook, Nah Jun Tak 489 ұпай жинады);

ІІ орын – Қазақстан командасы (командалардың ең жақсы ойыншылары - Нурлан Макулбеков, Бекарыс Султангазин және Роман Морозов 491 ұпай жинады. Бекарыс және Роман – соңғы үш жыл Seimar Open турнирінің тұрақты қатысушылары, Қостанай қаласындағы гольф-академияның келешегі бар оқушылары);

ІІІ орын – Қырғызстан командасы (Алтынбек Иманалиев, Асылбек Тулеков, Чынгыз Мусулумов 557 ұпай жинады).

Осы жылы Nearest to the pin («Шұңқырға ең жақын») номинацияда Кореядан келген гольфист Jun Jong Hwan ең үздік болды. 

Турнирде ең ұзын соққыны жеңіскер – Нурлан Макулбеков орындады, сәйкесінше ол Longest drive («Ең ұзын соққы») номинацияда жеңіскер болып атанды. Естелік жүлделер ретінде жоғарыда айтылған номинациялардың жеңіскерлері сынамасы 999.9, салмағы 3,11 грамм «Алтын барыс» топтамасының инвестициялық шақаларына ие болды. Жүлделер Қазақстандағы өтетін инвестициялық алтын нарығының көсемі - Golden Mines International (GMI) компаниясымен берілді. 

Дәстүрлі түрде қонақтар мен журналистердің назарлары Hole-in-one номинацияға қадалды. Бұл жағдай, егер ойыншы «ти» - старттық алаңнан допты шұңқырға бір соққымен кіргізсе болады. Жанкүйер-гольфистте осындай соққы жасау мүмкіндігі 1 000 000-нан 1 құрайды, Seimar Open Қазақстан Чемпионатында Hole-in-one бір рет те орындалмады. Ол осы жылы да орындалмады, бірақ қатысушыларда бір соққымен шұңқырға допты кіргізу ынтасы болды. Seimar Open 2010 жылы Hole-in-one серіктестері:

- «Вlue Star of Kazakhstan» компаниясы – Қазақстандағы Mercedes-Benz маркасының ресми дилері. Hole-in-one 10 шұңқырына олжа ретінде - Е-Классты Mercedes-Benz автокөлігін шығарып қойды;

- Golden Mines of Kazakhstan (GMI) компаниясы. Hole-in-one 3 шұңқырына сый ретінде - сынамасы 999.9, салмағы 250 грамм инвестициялық алтын құймаларын шығарып қойды. Р.А.М.Р. швейцарлық өндіруші-зауытының ежелгіримдік Фортуна атты жебеуші әйел бейнеленген бірегей құймаларын GMI компаниясы ұсынады. 

Seimar Open 2010 тәжірибелі жанкүйерлер мен жаңадан шұғылданып келе жатқан ойыншылар қатысты. Чемпионаттың ең жас қатысушылары 10 жасар Даулет Тулеубаев пен Александр Кузьмин. Олар сенімді түрде юниорлар чемпионаттарында жүлделерді жеңіп алады және «ержеткендер» сайыстарында өздерінің жолдарын енді бастап жатыр. Мүмкін, дәл осы балалар 2016 жылғы Олимпиадада, Қазақстан құрама командасының олимпиадалық үміттері болады. Гольф 2016 жылы өтетін Олимпиадаға спорт түрі ретінде енгізілді. 

Seimar Open 2010 Қазақстан Чемпионатының барлық жеңіскерлері турнир серіктестерінен естелік кубоктар мен бағалы жүлделерді алды: «Glenmorangie» ең жақсы шотландтық виски, «Yamaha» сауда маркасымен «Alem Moto Kazakhstan» компаниясы, «Ketroy» ерлерге арналған киім бутигі, «Wald Blass» және «Althaus» брендтармен «North Wind Asia» компаниясы, «Аққу» жоғары сапалы фарфор мен «Men’s health» журналы. Қазақстан гольф федерациясынан әрбір жеңіскер арнайы тағы бір жүлде алды, ол - балаларға арналған доптаяқтар жиынтығы. Оның себебі, ең мықты жанкүйер-ойыншылардың балалары әкелерінің жолын қусын деп және гольф ойнауды үйренсін деп сыйлады. 

Жыл сайын Seimar Open атты Қазақстан Чемпионаты негізінде тәжірибелі гольфистер арасында ғана емес, сонымен бірге гольф ежелерін енді меңгеруге дайындалып жатқандар және тұнғыш рет қолдарына доптаяқ алғандар арасында жүлделер ұтысқа салынады. «Nurtau» балалар академиясының директоры Светлана Афанасьевна чемпионат қонақтарына және журналистерге бірінші жаттықтыруды және үш дәреже бойынша кіші-гірім турнир өткізді. Longest drive («Ең ұзын соққы») дәрежесінде ең жақсы нәтиже көрсеткен Чемпионат қонағы Тимур Баймагамбетов болды. Nearest to the pin («Шұңқырға ең жақын») дәрежесінде жаңа ойыншылар ішінде ең жақсы лауазымына «Golf.kz» баспасының журналисты Оксана Моторкина ие болды. Паттердегі ең үздік ойынды «Sport & ks» газетінің журналисты Қайрат Жиздыбаев көрсетті.

Жаңа ойыншыларға жүлделерді «Wald Blass» брендпен «North Wind Asia» компаниясы ұсынды. 

Сұхбат алу контактілерін, жеңіскерлер суреттерін және қосымша ақпарат алу үшін Қайырымдылық Seimar Social Fund хабарласыңыз:

  +7 727 266 39 00,   +7 705 181 83 95 – Алия Сагингалиева,   +7 705 600 44 42 – Антонина Кукаева.

«NURTAU» гольф-клубы:   +7 727 295 88 23,   +7 727 295 88 26 – Константин Лифанов.

www.seimarfund.kz

www.komandasos.kz