Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

Kazakhstan Open European Challenge Tour Чемпионатының екі қазақстандық қатысушысының аттары белгілі болды

27- 28 тамызда 2011 жылы NURTAU гольф клубында Seimar Open атты гольф бойынша дәстүрлі Қазақстан Чемпионаты өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша Kazakhstan Open European Challenge Tour Чемпионатына әлемнің мықты гольфистерімен қатар қатысатын екі қазақстандық спортшының аттары белгілі болды. Олар: Армен Хачатрян және Денис Чирков. Ауыспалы Кубокты – «Үлкен жұмыртқаны» Оңтүстік Кореянің спортшысы - Kang Byung Ku жеңіп алды. 

 

Осы жылы жанкүйерлер арасындағы гольф бойынша Қазақстан Чемпионатына юниордық құрамынан тіркелген қатысушылардың саны рекордты болды. Жас спортшылар Ауыспалы Кубогы «Үлкен жұмыртқа» үшін, European Challenge Tour қазақстандық кезеңіне қатысу құқығы үшін, сонымен бірге әшейін жақсы нәтижелер үшін күресті. Қостанайдың гольф мектебінің юниорлары мен гольф академиясының шәкірттері өте жақсы нәтижелерді көрсеткені жайлы айта кету жөн: Longest Drive категориясында ең жақсы нәтиже Бекарыс Султангазинда болды, ал юниорлар арасында BEST GROSS категориясында ең жақсы нәтижені Даулет Тулеубаев (12 лет) - Хэнка Хэйни Халықаралық жастық гольф академиясының шәкірті көрсетті. 

 

Гран-при – ауыспалы Кубогын «Үлкен Жұмыртқаны» және гольф бойынша Қазақстан Чемпионы атағын - Best Gross – гандикапты есептемегенде ең жақсы жеке нәтижесі үшін Оңтүстік Кореянің қатысушысы - Kang Byung Ku (152) алды. Екінші орынды жанкүйерлер арасында Stroke play категориясында гандикапты есептемегенде Shim Chang Sup (154) жеңіп алды. Үшінші орынды жанкүйерлер арасында Stroke play категориясында гандикапты есептемегенде Jeon Kwang Soo (158) жеңіп алды. 

 

«Kazakhstan Open European Challenge Tour» Чемпионатының жолдама иегерлері гандикапты есептемегенде ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақстандық екі спортшы – Денис Чирков и Армен Хачатрян болды. Чемпионат серіктесі - «Nokia» компаниясы жеңіскерлерге NOKIA ORO Luxury смартфондарын сыйлады. 

Гандикапты есептегенде Stroke play категориясында жеңіскерлер болған:

I орын – Дуйсенбин Ерлан (Қазақстан) – 127;

II орын – Kim dong Hak (Корея) – 137;

III орын – Толегенов Сабит (Қазақстан) – 139.

 

Seimar Open Чемпионатының серіктесі - «I-Point» компаниясы, ол әлемдегі ең жақсы компьютерлік техниканың – Apple ресми дилері болып табылады және Best Gross категориясындағы жеңіскерге, гран-при «Үлкен жұмыртқа» иегеріне, Apple Inc компаниясымен жасалған моноблогты дербес компьютерді iMac сыйлады. Сонымен бірге гандикапты есептегенде Stroke Play категориясында бірінші орын иегеріне - Apple Inc компаниясының - MacBook Air ең жіңішке ноутбугын сыйлады;

«Императорский Портной» компаниясы және «Казахстан Коммерция» компаниясы жеңіскерлерге арнайы сыйлықтарды жасады - костюмдардың, клубты пенжақтардың және жейделердің тігініне сертификаттарды, сонымен бірге «Glenmorangie» - шыдамдығы 18 бен 10 жылдық Шотландияның әйгілі вискилерін сыйға тартты.

 

Командалық жарыстардағы жеңіскерлер:

I орын – Корей командасы, Kang Byung Ku, Shim Chang Sup, Jun Kwang Soo атты үш ең жақсы ойыншының нәтижелері бойынша; 

II орын – Қазақстан командасы, Чирков Денис, Армен Хачатрян, Коречников Илья атты үш ең жақсы ойыншының нәтижелері бойынша; 

III орын – Қырғызстан командасы, Иманалиев Алтынбек, Осмонкулов Кубан, Турганов Рустам атты үш ең жақсы ойыншының нәтижелері бойынша; 

Қазақстанның құрама командасы юниор – спортшылармен ұсынылған: Даулет Толеубаев (12 лет) - Хэнка Хэйни Халықаралық жастық гольф академиясынан, Жаксалиев Нуртай (15 лет) - NURTAU GC гольф клубының академиясынан, Бекарыс Султангазин (19 лет) и Роман Морозов (16 лет) – Қостанай қ. гольф бойынша спорт мектебінен.

Nearest to the pin («Шұңқырға ең жақын») номинацияда ең жақсы гольфист Оңтүстік Кореядан - Jeon Kwang Soo болды. Longest drive («Ең ұзын соққы») номинацияда 2009 жылғы турнирде осы номинацияда жеңген Қостанайдың жас гольфисті Бекарыс Султангазин жеңіскер болды.

Hole-in-one Чемпионатта жарыққа шықпады, бірақ осы номинацияда келесі жүлделер ұсынылған болатын:

- «Blue Star of Kazakhstan» компаниясының – Қазақстандағы Mercedes-Benz маркасының ресми дилерінің Е-Классты автокөлігі;

- «NOKIA ORO Luxury смартфоны , ол ең жақсы материалдардан жасалған: корпусы 18-каратты нағыз алтынмен жалатылған, артқы панелі ең жақсы шотландтық терімен безендірілген, ал клавиштері сапфир әйнектерінен жасалған, сол себепті олар сегіз есе төзімді басқаларға қарағанда. Мәліметтер 3,5 дюймдік AMOLED-дисплейінде көрсетіледі, ол арнайы сызаттарға тұрақты жабынмен жабдықталған. 8-мегапиксельдік фотоаппаратпен суретке түсіруге болады және HD-видео жазу мүмкіндігі бар. «Nokia Интернэшнл Ой» бөлімшесі шығарып қойылған жүлдені Kazakhstan Open Чемпионатының осы номинациядағы жолдаманың иегеріне сыйлауды шешті. 

- Ресми түрде MacCentre Kazakhstan болып табылатын - «iPoint» компаниясымен диоганалі 17 дюймдік MacBook Air ұсынылды. 

Seimar Open’ 2011 Қазақстанның түрлі аумақтарынан, сонымен бірге Ресейдің, Қырғызстанның, Кореянің, Жапонияның, АҚШ, Еуропалық Одақтың 104 жанкүйер-спортшылары қатысты. Бірінші күн қорытындысы бойынша «cut» болды және ең жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар жарыстың екінші кезеңіне өтті – 72 адам.

Барлық жеңіскерлер Seimar Open Қазақстан Чемпионатының серіктестерінен естелік кубоктарын және келесі компаниялардан келесі жүлделерді алды:

- World Class Almaty премиум-класының фитнес-клубынан;

- Etihad Airways авиакомпаниясынан, Біріктірілген Араб Эмираттарының ұлттық авиакөшірушісі, жеңімпазға Алматы-Абу-Даби-Алматы маршруты бойынша эконом класынның 2 билетін береді. Etihad Airways Алматы-Абу-Даби-Алматы маршруты бойынша аптасына үш рет және Астана-Абу-Даби маршруты бойынша А320 аэробуспен қызмет көрсететін екі класспен аптасына бір рет рейстарды орындайды. Кесте іскер адамдар мен туристер үшін максималды түрде ыңғайлы және Еуропаның, Солтүстік Американың, Азия-Тынықмұхит аймақтарының көптеген қалаларына қолайлы түйісуді қамтамасыздыруға мүмкіндік береді.

- «Perrier» және «Vittel» сауда маркаларымен «North Wind Asia» компаниясынан;

- Gracio сауда маркасымен «RG Brands» компаниясынан;

- «Manifest» әрлендіру-тобынан;

- «Аққу» жоғарғы сапалы фарфордан;

- «Squesito» кофе шығаратын компаниядан.

 

Ақпараттық серіктестер: «Golf.kz» журналы, «Капитал» газеті, журналдар: «Транзит», «National Business», «Esquire», «Вся Европа», «Nomad Kazakhstan», «РЦБК», «Gentlemen club» бағдарламасымен «Energy FM» радиостанциясы.

Дәстүр бойынша Seimar Open Қазақстан Чемпионаты негізінде қонақтар мен журналисттер үшін гольф клиника өтті. Nurtau гольф-клубының бапкерлері Константин Лифанов және Андрей Лагай жаңа келгендерді гольф ежелеріне үйретті, сонымен бірге соққы алшақтығына кіші-гірім жарыс өткізді. Ең жақсысы «Central Asia Monitors» газетінің журналисті Жыздыбаев Кайрат болды, екінші орынды Александр Ковалев алды және үшінші орынды Александр Данилов – казнеттің әйгілі блогері алды. 

 

Сұхбат үшін контактілерді, жеңіскерлер суреттерін және қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмерлерге хабарласыңыз:

Қайырымдылық Seimar Social Fund:   + 7 727 266 39 00,   + 7 705 181 83 95 – Алия Сагингалиева

«NURTAU» гольф клубы:   + 7 727 295 88 23,   + 7 727 295 88 26 – Константин Лифанов.