Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

WORLD CLASS ALMATY ФИТНЕС-КЛУБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ ДЦП БАР БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

World Class Almaty фитнес-клубы Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі қорлардың бірі Seimar Social Fund және «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығымен (БҰҰ Еріктілік Бағдарламасының және Қайырымдылық Seimar Social Fund бірлескен ынтасы) қызметтестік жайлы меморандумға қол қойды.Меморандум бойынша әр клубтық картаның сатылуынан 6% ДЦП бар балалардың емделуіне аударылады.

ДЦП (балалық цебральді паралич) – балалық мүгедектіктің ең көп таралған түрі. ДЦП бар балаларға болашақта салауатты өмір сүру үшін, дербестік және мүмкіндік алу үшін көмек қажет.

World Class Almaty фитнес-клубы «Қайырымды Істер Қобдишасы» атты жеке қайырмал жинау бағдарламасына қосылды, оны 4 жыл бойы «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығы (БҰҰ Еріктілік Бағдарламасының және Қайырымдылық Seimar Social Fund бірлескен ынтасы) іске асырып отыр. Осы бағдарлама ұйымдар мен жеке тұлғалардың қайырмалдарын тартады, ол ДЦП-нің ауыр түрлерінен қиналып жатқан және шет елде емделуде мұқтажқазақстандық балалардың емделуіне бағытталады.

«Тағдырына қатысу» атты World Class Almaty және «Komanda SOS» бірлескен акциясының басталу сәті 13 ақпан. Бүгінгі күннен айдың соңына дейін әрбір клубты картасатылуынан 6% «Қайырымды Істер Қобдишасы» бағдарламасы негізінде ДЦП бар балалардың емделуіне жұмсалады. Сонымен, клубтың әр жаңа мүшесі жедел емделуде мұқтаж баланың тағдырына өз үлесін қосады. Осыдан басқа, фитнес-клубта қайырмал үшін 3 бокс орнатылады. Енді фитнес-клубтың барлық келіп-келушілері мен қонақтары, O’Cafe және Beauty Express сән салонында ДЦП бар балалардың емделуіне бағытталатын еріктілік қайырмал ретінде үлесін қосады. Қаражаттар және көмек көрсетілген балалар жайлы барлық ақпарат ашық жәнеқолайлы болып табылады. Оны «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығының кеңсесінде алуға болады.

www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, www.volunteer.kz, www.donations.komandasos.kz

komandasos@gmail.com

  + 7 727 266 39 00,   + 7 705 181 83 95,   + 7 705 888 57 88

АҚПАРАТТАУ ҮШІН:

«Қайырымды Істер Қобдишасы: кімге, қайда, қалай көмек көрсету...» - «Komanda SOS» Волонтерларды Біріктіру Орталығының арнайы бағдарламасы. Бағдарлама мақсаты ДЦП қиналып жатқан және шетелдерде емделуде мұқтаж балаларға мақсатталған көмек көрсету үшін жеке қайырмалдық жинауда. «Қайырымды Істер Қобдишасы: кімге, қайда, қалай көмек көрсету...» ДЦП ауратын балалардың ата-аналарына көмек көрсетуге бағытталады. Бағдарлама міндеті – ДЦП қиналып жатқан және кешенді емдеулік-педагогикалық емделуде мұқтаж балалар үшін демеушілерді іздеу, еркін қайырмалдықты жинау үшін бокстарды орнату, сонымен бірге балалардың емделуіне қаражаттарды жинау үшін мәдени қайырымдылық шараларды өткізу. Бағдарламаның негізгі қағидаты ашықтықта және мөлдірлікте негізделеді. Мұқтаждар жайлы барлық мәліметтер мұқият тексеріледі, ал барлық қайырмалдық емдейтін клиникаға ақшаны тұра аудару арқылытұра мақсаттарға бағытталады.

Бағдарламаның қағидаттар кешеніне келесілер кіреді:

- Нәтижелердің (жазылу және жағдайының жақсаруы) болашағына қаражаттарды бөлу;

- Асыраудағы жандарды туғызбау үшін, «балықты емес, қармақты береміз» қағида негізінде көмек көрсету;

- Бағдарламаның барлық қатысушыларының еркін әрекет қағидасы;

- «Жәрдем береміз, бірақ жауапты секторлардың әрекетін алмастырмаймыз» атты қағидасы;

- Әділдік қағидасы – бағдарлама негізінде жәрдем беру көмек сұранымның түсу уақытында қатал түрде жүзеге асырылады.