Команда SOS
     

каз | рус | eng



18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?


12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"


30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру

ОТАНДЫҚ МУЛЬТФИЛЬМДЕР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨРЕРМЕНДЕР ҮШІН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚОЛАЙЛЫ БОЛАДЫ

Мамырдың басында «Меломан» дүкендер желісінде DVD шығарылған қазақ тіліндегі замандас қазақстандық мультипликациялық фильмдер жинағы шығады. Отандық анимацияны дамытуда алға қадам басқан Коммерциялық емес Қайырымдылық Seimar Social Fund, «Анимастер» (Шымкент қ.) студиясы және «Меломан Home Video» ЖШС.
Отанымызда шығарылған мультфильмдер бар дискті қазақстандықтар тұнғыш рет сатып ала алады. Бүгінгі күнге дейін жергілікті видеоөнімдер тек дара көркемөнер фильмдармен дүкендерде ұсынылады, мысалы, «Көшпенділер», «Монғол», ал аниматорлардан көрермендерге жол салынбаған болатын. «Меломан Home Video» ЖШС қолдауымен Қайырымдылық Seimar Social Fund, «Анимастер» ( Шымкент қ.) студиясы осы әділетсіздікті түзетуді және қазақстандықтар үшін таңдау мүмкіндігін кеңейтуді шешті.
     Жақын арада «Меломан» дүкендер желісінде «Анимастер» шымкенттік студиямен түсірілген, мультипликациялық фильмдер бар DVD шығады: «Алдар Көсе», «Киік толғауы», «Киік толғауы – 2». Мультфильмдердің режиссері Максут Жаримбетов, сценарийлер авторы Татьяна Жаримбетова болып табылады.
Осы мультфильмдер қайталанбас қазақ колоритін біріктіреді және күшті тәрбиелеушілік жасаушы болып табылады. Олар тек қана көңіл көтеру үшін шығарылған жоқ, сонымен бірге жас ұрпақтарды тәрбиелеу және білім беру ісінде маңызды құрал. «Алдар Көсе» анимациялық фильм фольклорды мотивте негізделген және қазақ ертегілердің аңызға айналған кейіпкері Алдар Көсе туралы және оның таңқаларлық оқиғалары жайлы айтып береді.
«Киік толғауы» мультфильмінің бірінші бөлімі «Анимастер» студиясымен 2006 жылы шығарылды. Мультфильм орталық және аудандық теледидарларда көрсетілді, көрермендердің көпшілігіне ұнады, сонымен бірге Қазақстанда және Ресейде көптеген фестивальдарда түрлі сыйлықтар мен марапаттарға  ие болды. «Киік толғауы – 2» мультипликациялық жоба бірінші бөлімінің логикалық жалғасы болды және Орман мен аң аулау шаруашылығының  Комитетінің, «НАБУ» Табиғатты Қорғау Одағы, Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани қолдауымен Коммерциялық емес Қайырымдылық Seimar Social Fund-пен SOS – киік кеңмасштабты экологиялық бағдарлама негізінде ынталандырылды. SOS – киік бағдарламасы 2005 жылы маусымда басталды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан аумағындағы киіктер санын бұрынғы қалпына келтіру және келешекте сақтап қалу. Осы аңды сақтап қалуға арналған шаралар оң нәтиже берді және қырылуының дертті үрдісін  өзгертті. Егер 2005 жылы Қазақстандағы киік саны 39 600 дарақ болса, 2008 жылы олардың саны 61 000 дараққа дейін өсті.
Бұл мультфильмдер қазақстан далаларында сирек кездесетін аңды- киікті сақтап қалу бойынша маңызды мәселені көтереді, табиғатты қорғау туралы балаларға түсінікті тілмен айтып береді, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, барлық тірі ағзаларға деген мейірімділікке, адамгершілік қатынасқа үйретеді.
«Анимастер» студиясының мультипликациялық фильмдері «Меломан Home Video» компаниясымен шығарылды және сапалы лицензионды өнім болып табылады. Дискта толық DVD мәзір бар және екі тілде – қазақ және орыс.
Қазақстандық анимациялық фильмдер бар DVD сатуға шығарылуы тек қана отандық мультипликацияны қолдауға ғана бағытталған жоқ, сонымен бірге қайырымдылық мақсаттарды көздейді. Диск сатылуынан жиналған қаражаттардың бір бөлігі «Komanda SOS» Волонтерларды біріктіру орталығының қайырымдылық жобаларын іске асыруға бағытталады.