Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ – 2013

5 желтоқсан 2012 жылы Vox Populi, «СПУТНИК» СККО және «Komanda SOS» Еріктілерді біріктіру орталығы «Тілектер шыршасы» атты кезекті жаңа жылдық қайырымдылық акциясын өткізеді. 2013 жыл қарсаңында аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан балалар үшін мейірімді сиқыршы болып, олардың армандарын орындауға көмектескісі келгендердің барлығына ұсынамыз.

«Тілектер шыршасы» атты өткен акциялардың қатысушылары балалар үйлерінің балалары, керең және нашар еститіндер интернатының, туберкулезға қарсы шипажайдың кіші-гірім емделушілері болды. Жаңа «Тілектер шыршасының» қатысушылары материалды және әлеуметтік сәтсіз отбасыларынан шыққан балалар. Осы балалар ересектермен бірдей қиын өмірдің ауыртпалығын бөліп отыр: төлелерде және жартылай өртенген үйлерде тұрады, қиын аурулардан қиналып жатқан інілері мен қарындастарына қарайды, сонымен бірге сыйлықтар мен тәттілерді кейбір жағдайда ғана көре алады.

Акция қатысушылары жайлы толық ақпаратты VOXPopuli порталындағы «Елка желаний» репортажыннан біле аласыз. Бұл 7 отбасынан шыққан 20 шақты бала. Осы отбасылардың әрқайсысы өздігінше бақытсыз, бірақ оларда өте көп ұқсастықтар бар: олар өз балаларын тастамайды, қиын жағдайларға және ауруларға қарсыласуға талпынады, сонымен бірге өмірді жақсарту үшін күреседі. Ал біз оларға кішкене ғана көмектесе аламыз.

Балаларға жаңа жылдық сыйлықты әркім сатып ала алады! 5 желтоқсаннан «Спутник» СККО (Алматы қ.) осы репортаждағы балалардың суреттері мен тілектері бар жаңа жылдық шырша орнатылады. Сіз суретті таңдап және баланың армандаған сыйлығын сатып ала аласыз. Сыйлықты қалаған жерде сатып алуға болады. Кейін «Спутник» ресепшнына жолығып сыйлықты және оның алушысын тіркеу керек болады. Сыйлықтарды марапаттау рәсімі жаңа жылдық мерекелер аяқталғаннан кейін өтеді, қатысқысы келетіндердің барлығы марапаттауға қатыса алады, қош келіңіздер!

«Тілектер шыршасы» жаңа жылдық акциясы 2010 жылдан өткізіледі және осы уақыт ішінде ол қарапайым акциялар қатарынан шықты және нағыз табынушылық болып кетті. Бұл қарапайым жай акция емес, бұл қатысушы – баланың, және сыйлаушының жан айғайы. Бұл бүгінгі күнгі қоғамның қиын мәселелеріне мемлекеттің, немесе жай азаматтың көңілін аударту ықыласы. Бұл сыйлық жасап, немесе жылу мен қатысушылықты сыйлау арқылы әлемді жақсарту мүмкіндігі.


Қатысқысы келетіндердің барлығы, қош келіңіздер!


Толығырақ ақпаратты алу үшін төменде көрсетілген байланыстарға жолығыңыз:
+ 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95, www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, komandasos@gmail.com