Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Қайырымды Істер Қобдишасы» аукционы: «Ювентус» ФК және Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Буффоннан лот сатылымға шығарылып қойылған

 «Komanda SOS» Еріктілерді Біріктіру Орталығы/Seimar Social Fund Chocolife.me порталымен бірлесіп бірегей қайырымдылық аукцион өткізеді. Аукцион лоты: «Ювентус» футбол клубының және футбол бойынша Италия құрамасының қақпашысы - Джанлуиджи Буффонның қолтаңбасы бар жеке ішкөйлегі. Аукционның басталу сәті 3 желтоқсан 2012 ж.

 

      «Қайырымды Істер Қобдишасы» аукционы Chocolife.me порталымен бірлесіп өткізіледі. Порталдың жас және ынталы қызметкерлердің креативті командасы аукционның қалыпсыз үлгісін өндеді, оған кез келген қалаушы қатыса алады. Басты сыйлық - Джанлуиджи Буффон аңызға айналған қақпашысының жеке ішкөйлегінің иесі диагнозы – балалалық цебральді паралич, Юрий Месиковтың(2003 жылы туылған) емделуіне максималды соманы құрбан еткен қатысушысы болады.

 

Қайырымдылық аукциондарды өткізу «Komanda SOS» Еріктілерді үйлестіру орталығының жақсы дәстүріне айналды. Ақпан 2012 ж. ұйымдастырушылар «ДЦП бар балаларды қолдау үшін Англия құрамасының ойыншыларының қолтаңбалары» атты бірінші аукционның қорытындысын шығарды, оның негізінде ДЦП бар төрт балақайға сауықтыру курсын ұйымдастыру үшін 6 000 USD жиналды. Бірінші лот - Англия құрамасының жұлдызды футболшыларының қолтаңбалары бар доп «Komanda SOS» Орталығына волонтерларының бірінен қайырымдылықпен сыйға тартылды, ал оның иегері жасырын қалуды қалаған World Class Almaty клубының мүшесі болды.

 

Қайырымдылық аукцион өткізу бастамасы World Class Almaty фитнес-клубының мүшелерімен қыза қолданды. Олардың бірі – Константин Жарликов «Қайырымды Істер Қобдишасы» атты ДЦП бар балаларды қолдау бағдарламасы негізінде аңызға айналған футболисттің, «Ювентус» клубының және Италия құрамасының қақпашысы - Джанлуиджи Буффонның жеке қолтаңбасы бар раритетті ішкөйлегін қайырымдылықпен сыйға тартты.

 

«Егер осы олжа біреудің өмірін құтқаруға немесе балаға денсаулық сыйлауға көмектессе, онда мен соншама ізгі іске символдық салым салуға бақыттымын. Біздің футбол жанкүйерлері үндеуге әудесетініне және қайырымдылық аукционға қатысатынына сенемін» - дейді Константин Жарликов.

 

Аукционның басталу сәті 3 желтоқсан және ол 10 күнге созылады. Аукционнан жиналған барлық қаражаттар 2003 ж.т. балалық цебральді параличтің ауыр түрінен қиналып жатқан Юрий Месиковтың емделуіне жұмсалады, ол қарқынды нейрофизиологиялық сауықтыру жүйесі бойынша Халықаралық Сауықтыру Орталығында (Трускавец қ., Украина) емделеді. Юраның емделуіне 3 701 евро қажет, Месиковтар отбасында тек әкесі жұмыс істейді және оның жалақысы тек күнделікті өмір сүруге жетеді. Юрка өте ақылды және аңғарымпаз бала, және оның ең ардақты арманы бар – тұру және өзінің бірінші қадамын жасау!ДЦП емделуге 13 жасқа дейін ғана беріледі, сол себепті Юраның уақыты аз қалды!

 

Chocolife.me командасы әркімге Юраның жазылып кету ардақты арманын сыйлауға, аукционға қатысуға және Джанлуиджи Буффонның нағыз футболдық трофейін алуға мүмкіндік береді.

 

Қайырымдылық аукциондардың символдығы тек қана әйгілі тұлғаларға немесе маңызды оқиғаларға қатысты заттарды сатылымға шығаруда емес, керісінше осы жолмен көмекте мұқтаж адамдардың өміріне құштарлықпен қатысуда және жақсылық жасау жайлы мәлім ақиқатты баршаға таратуда негізделеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін, төменде көрсетілген байланыстарға жолығыңыз:

www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, www.volunteer.kz, www.donations.komandasos.kz

komandasos@gmail.com + 7 727 266 39 00, + 7 705 181 83 95, + 7 705 888 57 88