Команда SOS
     


18 февраля 2016

Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында баға жетпес тәжірибе алуды қалайсыз ба? Жаңа әлемдік державаға қызығушылық танытасыз ба? Робототехника әлемнің келешегі деп ойлайсыз ба? Болашақта Қазқастан мен Қытай бірлескен кәсіпорынының басшысы болып, иә болмаса өз жеке ісімді ашамын деген ынтаңыз бар ба?

12 сентября 2015

"Қазақстанда волонтерлікті демыту жұмысының" сәтті тәжірибесі"

30 января 2015

Сен белсенді, көпшіл және командада жұмыс істей алатын адамсың ба? Әрекет жаса! 

Барлық жаңалықтарды көру


«Алтайдан Каспийге дейін»: қазақ және орыс тілдерінде шыққан бірегей атлас

20 желтоқсанда сағат 11:00, «Меломан» GRAND дүкенінде (Гоголь 58, Панфилов қиылысында) «Алтайдан Каспийге дейін» атты Қазақстан тарихының, мәдениетінің және географиясының ескерткіштері мен назар аударарлық орындары бар Атласымен таныстыру рәсімі өтеді. Атлас - ғылыми тарихшылардың, қазбашылардың, геологтардың,  географтардың және картографтардың, сонымен бірге әрлендірушілер мен баспагерлердің көп жылдық жұмыстарының нәтижесі тұнғыш рет кең аудиторияға ұсынылады.
 
    «Алтайдан Каспийге дейін»  Атласының таныстыру рәсімі негізінде оның  жазылуына қатысқан жазушылар мен ғылыми-зерттеушілермен кездесу өтеді. Сонымен бірге таныстыру рәсімі негізінде Атласты дайындау кезінде табылған жаңа тарихи және ғылыми зерттеулердің нәтижелері тұнғыш рет ұсынылады.
    Осы бірегей басылымды шығару бойынша жұмыстар 5 жыл бойы жүргізілді. Бұл өте ұзақ және күрделі жоба, бірінші басылым қазақ және орыс тілдерінде үш томнан тұрады, онда бүкіл Қазақстан жайлы кешенді мәліметтер ұсынылған.
    «2007 жылы Қайырымдылық Seimar Social Fund «Біздің  тарих» бағыты бойынша жобаны бастады, біздің алдымызда маңызды міндет тұрды – тарихқа, мәдениетке, географияға, аңыздарға және хикаяларға қатысты болған еліміздің назар аударарлық орындары және маңызды географиялық жерлері жайлы барлық мағлұматтар жиналған құнды атласты басып шығару» - Марғулан Сейсембаев, Seimar Social Fund құрылтайшысы атап өтті.
    Атластың ғылыми-танылған мақалаларының жазушылары – ескерткіштерді зерттеумен көп жылдар бойы тікелей айналысып жүрген және оларды сақтап қалу үшін талай күшін қосқан ғалымдар мен мамандар. Осы жылдар бойы зерттеу жұмыстары Қазақстанның бес географиялық  аумағында өткізілді. Ғылыми экспедиция қатысушылары дәлме-дәл мағынада Алтайдан Каспийге дейін белгілі және жаңа археологиялық, сәулеттік  және тарихи ескерткіштерді іздеді және зерттеді, сонымен бірге олардың құжаттауын және этнографиялық зерттеуін орындады.
    «Қазақстанның, Өзбекстанның және Ресейдің ұлттық мұрағаттар мен мұражайларында отандық тарихымыздың XVII –XX  ғ. басының аз зерттелген кезеңдеріне жататын бірегей заттық олжалар, жазбаша құжаттар және бейнелі материалдар табылды. Осы қайнар көздердің көбісі бұрында белгілі болмаған немесе Қазақстан тарихының зерттеушілерімен қатыстырылмады; бүгінгі күні олар Атластың кейбір мақалаларының негізінде жатыр және тұнғыш рет жарияланып отыр...» - дейді Ирина Ерофеева, т.ғ.к., Атласты өңдеу тобының басшысы.
    Сонымен бірге Атласқа бірегейлікті өзгеше және сирек кездесетін суреттемелер келтіреді – бұл ландшафттар -дың, ескеткіштердің бастапқы түрін  және әйгілі тарихи тұлғалардың бейнесін жеткізетін ХІХ ғ. Ш. Уалихановпен, П. Кошаровпен, Н. Пантусовпен және басқа да зерттеушілер мен саяхатшылармен жасалған фото суреттер мен салынған суреттер.
     Атлас оқырмандардың түрлі дәрежелеріне есептелген: оқушылар мен студенттерден қоғамдық ғылым саласында қызмет көрсететін мамандарға дейін. Осы басылым Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және географиясымен қызығатындардың барлығына өзгеше қызығушылық көрсетеді. Қазақстандықтардың көбісі ата-балаларының мұрасына жол ашады және өз елі жайлы көбірек біле алады. 
     Зерттемелік жұмыстарды, материалдарды жазу, суреттеме қорын құру, Атласты құру, әрлендіруді жетілдіру,версткаға салу мен басылымға шығару Қайырымдылық Seimar Social Fund гранты негізінде қаржыландырылды. Қор және Атлас әзірлеушілер тобы «КазФосфатқа» ЖШС жобаны іске асыруда қолдау көрсеткендері үшін алғыстарын білдіреді.

Атлас сатылуынан барлық қаражаттар дәстүрлі қайырымдылық бойынша істерді орындауға бағытталады.

Презентацияның спикерлері мен қатысушылары:
Ирина Викторовна Ерофеева – Атласты өңдеу тобының басшысы, тарих ғылымының кандидаты.
Низами Мамедов – «Меломан» Ұлттық жобалар бөлімшесінің бастығы.
Марат Шибутов – Қазақстандағы шекара бойындағы қызметтестік Қауымдастығының өкілі, география магистрі.
Алия Сагингалиева - Seimar Social Fund жобаларының үйлестірушісі.

Атлас тұжырымдамасын, құрылымын және мақалалар тарауларын әзірлеу, сонымен бірге басылымның қолжазбаларын құрастыру Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеулік институтының номадтардың мәдени мұрасының мәселелері бойынша мәдениет Комитетінің қызметкерлерімен орындалған: И.В. Ерофеева, з.ғ.к., Л. Е. Масанова э.ғ.к, А.Е. Рогожинский з.ғ.к., Е.Х. Хорош; қолжазбаны дайындау кезінде бағаланбас көмек ретінде тематикалық кеңес берген Б.Ж. Аубекерова г.-м.ғ.д., профессор. Мақалалар мәтінінің арнайы редакциялауын И. В. Ерофеева, А. Е. Рогожинский, Б. Т. Жанаев, Е. Х. Хорош орындады. Аталымдарды, өз аттарын, географиялық  атауларды және қолданылған әдебиеттер тізімін Б. Т. Жанаев, Л. В. Дубровская т.ғ.к., Д. С. Сейлова, А. К. Таласбаева құрды. Мақалаларға суреттелген материалдардың қосымша іріктеуін және техникалық өндеуін И. М. Самигулин, Л. В. Дубровская, А. В. Сляднев, Б. Б. Бурханов, М. С. Бектасов, И. И. Билык орындады. Қазақ тіліне аудармаларды А. М. Бакир ортақ редакциясымен Ж. Кайранбай, К. Т. Жукенова, А. М. Бакир және Т. Е. Есемханов дайындады. Авторлық мәтіндердің қазақ тіліне аудармалардың редакциялауын З. С. Бояубаева, А. М. Кусаинова, Д. Ж. Ерботина және А. К. Таласбаева орындады.

 Толығырақ ақпарат алу үшін, төменде көрсетілген байланыстарға жолығыңыз:

+ 7 727 266 39 00,+ 705 18 18 395, www.komandasos.kz, www.seimarfund.kz, komandasos@gmail.com